Көкшетауда «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық патриоттық акциясы ұйымдастырылды

МК РК 2014 M02 25
523
0
0
0

ҚазАқпарат, 25.02.2014 Көкшетау қаласындағы "Көкшетау" мәдениет сарайында республикалық "Мәңгілік Ел" жалпыұлттық патриоттық акциясы өтті. Мемлекет басшысының Жолдауы мен «Мәңгілік Ел» идеясын...

ҚазАқпарат, 25.02.2014

Көкшетау қаласындағы "Көкшетау" мәдениет сарайында республикалық "Мәңгілік Ел" жалпыұлттық патриоттық акциясы өтті.

Мемлекет басшысының Жолдауы мен «Мәңгілік Ел» идеясын қолдауға арналған салтанатты іс-шараға облыс әкімінің бірінші орынбасары Рәшит Әкімов, ҚР Парламенті Сенатының депутаттары Жабал Ерғалиев, сондай-ақ еңбек ұжымдары, қоғамдық бірлестіктер мен ұйымдардың өкілдері, жергілікті жоғары және орта оқу орындарының оқытушылары мен студенттері қатысты.

Салтанатты шара еліміздің әнұранымен басталды. Бұдан кейін шараға жиналғандарға "Мәңгілік Ел" бейнеролигі көрсетілді.

«Президент Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқына арнаған биылғы Жолдауында алғаш рет «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық идеясын жариялаған болатын. Бүгінгі акция осы бір бастамаға үндеу қосып, барынша қолдау көрсету болып табылады», - дей келе, өңір басшысының орынбасары Рәшит Әкімов барша ақмолалықтарды Отанымыздың жарқын болашағы жолында аянбай  еңбек етіп, "Мәңгілік Ел" іргетасын қалыптастыруға белсене атсалысуға шақырды.

«Мәңгілік Ел» Ұлттық идеясы Елбасының "Қазақстан жолы - 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ" Жолдауынан бастау алған маңызды бастама. Осынау маңызды құжат еліміздің тұрақты дамуын, барша қазақстандықтардың жағдайын жақсартуға бағытталған бірегей патриоттық тұжырымдама болып табылады. Елбасы айтып өткендей, Қазақстанның даму стратегиясы жастарға арналған. Оны жүзеге асыратын да, жемісін көретін де жастар. Сол себепті облысымыздың жастарына айтарым, еңселі ертеңін үшін бүгіннен бастап белсенділік танытыңдар. Қазақстанның болашағы жастардың қолында, - деді Рәшит Әкімов.

Аталмыш шараға қатысқан ҚР Парламенті Сенатының депутаттары Жабал Ерғалиев,"Ақмола облыстық "Вайнах" шешен-ингуш қоғамдық бірлестігінің төрағасы Герихан Яндиев және ҚР білім саласының құрметті қызметкері Зере Қиықова "Мәңгілік Ел" ұлттық идеясын жүзеге асыруға өздерінің үлестерін қосатындықтарын айтып, Елбасының биылғы Жолдауында аталған 7 басымдық бойынша өз ойларын жеткізді.

Бұдан кейін ақмолалықтар "Мәңгілік Ел" ұлттық идеясына арналған қазақстандықтардың игі лебіздері жазылатын "Тілек кітабын" қызылордалықтардан салтанатты түрде қабылдап алды.

Акция "Атамекен" әнінің орындалуымен өз мәресіне жетті.

 

Оцените пост

0
Дальше