Сочидегі Олимпиада Ойындарының ашылуында Қазақстанның туын ҚР Қарулы Күштерінің әскери қызметшісі Ердос Ахмадиев ұстап шығады

МО РК 2014 M02 7
277
0
0
0

Қазақстан Қарулы Күштері «Шығыс» өңірлік қолбасшылығының әскери қызметшісі Ердос Ахмадиев Сочиде өтетін XXII қысқы Олимпиадалық Ойындардың ашылуында Қазақстанның туын ұстап шығады. Ол ұлттық құрама...

Қазақстан Қарулы Күштері «Шығыс» өңірлік қолбасшылығының әскери қызметшісі Ердос Ахмадиев Сочиде өтетін XXII қысқы Олимпиадалық Ойындардың ашылуында Қазақстанның туын ұстап шығады. Ол ұлттық құрама құрамында шаңғы тебуден ел намысын қорғайды. Бұл Ердостың өміріндегі алғашқы Олимпиада бола тұра оған маңызды міндет жүктеліп отыр.

– Олимпиадалық Ойындарда өз еліңнің туын ұстап шығу үлкен жауапкершілік әрі мен үшін құрмет. Қазақстан қоржынына кезекті медальді салатыныма сенімдімін, – дейді Қазақстан құрамасының ту ұстаушысы.

ХХІІ қысқы Олимпиада Ойындары бүгін басталып, 23 ақпанға дейін жалғасатын болады. Ақ Олимпиаданың ашылу салтанатына Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев қатысады. Мемлекет басшысы Сочиде қазақстандық спортшылармен кездеседі.

Бұл байрақты бәсекеге Қазақстан Республикасының құрама командасы 10 спорт түрінен 49 спортшыны үкілеп қосып отыр. Оның ішінде ҚР Қарулы Күштерінен 10 спортшы бар. Қазақстан армиясының әскери қызметшілері бұл додада биатлон және шаңғы жарысына қатысып, ел намысын қорғайтын болады.

Әскери спортшылар мемлекетіміз бен Қарулы Күштердің әлемдік спорт аренасындағы оң беділін қалыптастыруға айтарлықтай үлестерін қосып келеді. ҚР Қарулы Күштерінің спортшылары еліміз тәуелсіздік алған сәттен бастап ұлттық құрама сапында барлық халықаралық спорт шараларына қатысып, елімізге жоғары наградалар сыйлап жүр. 2012 жылғы Лондон Олимпиадасында армияшылар Серік Сәпиев пен Ольга Рыпакова ұлттық құрама қоржынына екі алтын салған болатын.

ҚР ҚМ Баспасөз қызметі
сурет kazpravda.kz сайтынан алынды

Оцените пост

0