5 жылда 200000 бөтелке жинаған қазақ жігіті

Майгүл СҰЛТАН 2014 M02 4
466
0
0
0

АСТАНА. 30 қазан. BAQ.KZ - Адал еңбектің қандайына да арланбайтын азаматтар алқауға татиды. Қытайда тұратын қандасымыз Мәулітбек те жұмыстан сыртқы уақыттарда бөтелке сатып табысын арттырып жүр...

АСТАНА. 30 қазан. BAQ.KZ - Адал еңбектің қандайына да арланбайтын азаматтар алқауға татиды. Қытайда тұратын қандасымыз Мәулітбек те жұмыстан сыртқы уақыттарда бөтелке сатып табысын арттырып жүр екен.


Шыңжаң өлкесі Құмыл аймағындағы Жуңшин кен орнында жұмыс істейтін қандасымыз Мәулітбек 15 күн қызметте болса, 5 күн демалады. Демалыс күндері бөтелке жинаумен айналысатын қазақ азаматы Мәулітбек Құмарұлы биыл 27 жаста. 5 жылдан бері ол 200 мыңнан астам бөтелке  жинап, жағдайы төмен отбасыларынан шыққан 65 баланың оқуына қаржылық жағынан көмектескен.


Мәулітбектің өзінің де әлеуметтік жағдайы төмен екен. Оған қарамастан басқаларға көмектесуді әдетіне айналдырған жас жігіттің адал еңбегімен тапқан ақшасын өзгелердің қажетіне беруі ондағы өзге ұлт өкілдерін де терең әсерге қалдырып отыр.


Айта кету керек, Қытайда қолданылған бөтелкелерді  сатып алып, оны қайтадан өңдейтін орындар жұмыс істейді.

 

Майгүл СҰЛТАН

BAQ.KZ

Оцените пост

0