Дәріс 1. «Ресейге жабысқан ауру».

Осыдан дәл 20 жыл бұрын, 1994 жылы менің ұстазыма Голландиялық профессор айтқан: "Сіздер тәуелсіздік алдыңыздар, егер Ресей өз ауруынан айықпаса, сіздердің дамуларыңызға қиындық туғызады".Расымен...

Осыдан дәл 20 жыл бұрын, 1994 жылы менің ұстазыма Голландиялық профессор айтқан: "Сіздер тәуелсіздік алдыңыздар, егер Ресей өз ауруынан айықпаса, сіздердің дамуларыңызға қиындық туғызады".

 

Расымен, Ресейдің басына бәледей жабысқан ең үлкен ауруы ол империалистік саясаты. Қазіргі саясатына қарасақ, біздің экономикалық тұрғыда өзімізше дамығанымызды мүлдем қаламайды. Тіпті жол бергісі келмейді. Соңғы бір мысалды келтірейін: Қазақстан Дүниежүзілік Сауда Ұйымына биылдан қалмай кіреміз деп еді, Ресейдің сарапшысымақтары бірден өз ақылдарын айтып шыға келді.

... Енді тарихқа үңілейік. Әлемде отарлауда алдына жан салмаған мемлекет ол Англия... Кезінде оның қол астындағы елдер ең жауыз халық ретінде ағылшындарды есептеген. Индияны алар болсақ, ең қорғылық көрген елдің бірегейі. Яғни, тәуелсіздігін берер кезде де тіпті қиналып берген еді... Бірақ қазір қарасаңыз, ағылшындар бойындағы империалистік көзқарасын жойды. Керісінше Индияны экономикалық тұрғыда қолдап, және олардың дамуы үшін нақты іс әрекеттер жасап, нағыз ұлттың ерекше көрінісін көрсетті. Бұл қолдаудың арқасында, Англияның тең жарты халқы үнділер. Енді оларды таяқпен қусаңда шығара алмайсың. Сәйкесінше, егер ағылшындардың бойында сол империалистік саясат қалғанда қазір ағылшындар еліне ешкім оқуға бармас еді. Бұл - экономика!

П.с.: ... ресей осы бойындағы ауруынан айықпаса біздің арамызда расымен бір қақтығыс болу мүмкін... жақында бір досым Ресейге аспирантураға грантқа түсіп тұрып оқуға бармайтын болып шешті. Себеп скинхедттерден қауіптенеді. Нағыз нацистік түсінік қалыптасқан... ал енді нацизм туралы келесі дәрісті күтіңіздер...

Оцените пост

3