Допты хоккей: Қазақстан құрамасы жартылай финалға шықты

Kazsport agent 2014 M01 31
164
0
0
0

Иркутск қаласында допты хоккейден әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы ширек финалда АҚШ құрамасын бет қаратпай жеңді. Бірінші таймда Алексей Никишовтың шәкірттері жауапсыз бес доп салса, ойынның...

Допты хоккей: Қазақстан құрамасы жартылай финалға шықты
Иркутск қаласында допты хоккейден әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы ширек финалда АҚШ құрамасын бет қаратпай жеңді.

Бірінші таймда Алексей Никишовтың шәкірттері жауапсыз бес доп салса, ойынның екінші кезеңі 6:3 болып аяқталды. Жалпы есеп — 11:3.

Қазақстан құрамасы 1 ақпан күні жартылай финалда Швеция — Белоруссия жұбының жеңімпазымен кездеседі. Әрине, бұл жерде әлемнің әлденеше рет чемпионы — шведтердің бәсі басым. Қазақстандықтардың қарсыласы да сол болары анық.

ОРАЛ. ҚазАқпарат -Автор: Елжан Ералы
 

Оцените пост

0
Дальше