ҚР ҚК Әуе қорғанысы күштерінің әскери-әуе күштері: әскери авиация шеберлерінің ұшу өнері

МО РК January 27, 2014
356
0
0
0

Әуе қорғанысы күштерінің әскери-әуе күштері жаңа 2014 оқу жылын дәстүрге сай командирлік ұшулармен бастады. Тәжірибелі ұшқыштар техниканы жаңадан меңгергендер үшін мастер-класс өткізіп, әскери...

Әуе қорғанысы күштерінің әскери-әуе күштері жаңа 2014 оқу жылын дәстүрге сай командирлік ұшулармен бастады. Тәжірибелі ұшқыштар техниканы жаңадан меңгергендер үшін мастер-класс өткізіп, әскери ұшақтар мен тікұшақтардың барша мүмкіндіктерін паш етті.

 

Қазақстан Әскери-әуе күштерінің ұшақтары мен тікұшақтары жаңа оқу жылына қадам басты. Командирлік ұшулар Қарулы Күштердің барлық авиациялық базаларында өтті.

2014 жылы әскерлерді даярлаудың бір жылдық жүйесі енгізілетіні белгілі. Қарулы Күштерімізбен қатар Қазақстан әскери-әуе күштері үшін ол қаңтар айынан басталатындығы белгілі. Бұрыннан қалыптасқан ереже бойынша ұшу сабақтарының алғашқы қоңырауы командирлерге арналады.

Ұшқыштар болашақ сабақтардың бірыңғай әдістемесін тәжірибе жүзінде іске асыруы тиіс, сондықтан алғашқы ұшулар көрсету ұшулары болып табылады. Сол арқылы ұшулар мен байланысты қамтамасыз ететін жердегі инженерлік және техникалық құрам жұмыстарын тексереді. Жас ұшқыштар үшін әскери авиация шеберлерінің ұшу өнерін өз көздерімен көруге мүмкіндік туатын сәт.

Командирлердің ұшу барысында негізінен ұшақтарды күрделі метеожағдайлар кезінде ұшыру және қондыру сияқты жаттығуларды  приборлар арқылы жүзеге асыруға басты назар аударылады. Сондай-ақ, командирлік ұшу кезінде ұшу айлағындағы топ жетекшілерімен өзара іс-қимыл жасау жаттығулары іске асырылады.

Әрбір авиациялық бөлімнің командирі ұшу құрамының дайындығына байланысты пысықталатын жаттығулардың түрлерін өздері анықтайды. Ұшу құрамының қысқы оқу-жаттығу кезеңіндегі одан кейінгі сабақтары келісілген әдістеме бойынша іске асырылады.

- «Мастер-класс» - бұл барша мүмкіндікті паш ету. Авиацияның әр түрі өз тапсырмасын орындайды. Егер ол шабуылдаушы авиация болса, әуеде жүргізілетін ұрыстың қыр сырын көрсетеді. Мұның барлығы  өте күрделі әрі қажет дүние,-дейді Әскери әуе күштерінің қолбасшысы полковник Дәурен Қосанов.

ҚР ҚМ Баспасөз қызметі

Оцените пост

0