Yvision.kz
kk
Разное
Разное
399 773 постов42 подписчика
Всяко-разно
0
21:45, 13 января 2014

Өскеменде «Алтын шайба» жарысы басталады

«Алтын шайба» жарысы

Өскеменде «Жұлдызша-2014» дәстүрлі турнирі аясында балалар хоккейінің іріктеу сыны басталады.

Жарыс қаланың ашық хоккей алаңдарында өтеді. 22 қаңтарда ақтық сайыста 8 хоккей құрамасы бағын сынайды (3-4 сыныптар).

Ақпан айында мектепішілік шайбалы хоккей одағы шеңберінде 5-6 және 7-8 сынып оқушылары арасында бәсеке ұйымдастырылады. 17 ақпанда «Жастар» спартакиадасы аясында жоғары сынып оқушылары арасында «Жұлдызша-2014» дәстүрлі турнирі өтеді. Ал облыстық сайыс 20 наурыздан басталып 31 наурызға дейін жалғасады.

2013 жылы Өскеменде №11 және 24 мектептер жанынан 2 хоккей модулі ашылған болатын. Ағымдағы жылы балаларға арналған спорт түрлерін дамыту, жаңа спорттық, футбол және хоккей алаңдарының құрылыс жұмыстары жалғасады. Оның ішінде Защита шағынауданындағы хоккей модулі де бар.

 
0
216
0