Маңғыстау облысында үздік спортшылар мен бапкерлер анықталды

Kazsport agent 2014 M01 5
326
0
2
0

Маңғыстау облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы 2013 жылдың үздік спортшылары мен бапкерлерін атады. «Жыл бойына үздік нәтижелер көрсеткендер 5 аталым бойынша жүлдеге ие болды. Әрине, біз...

Маңғыстау облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы

Маңғыстау облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы 2013 жылдың үздік спортшылары мен бапкерлерін атады.

«Жыл бойына үздік нәтижелер көрсеткендер 5 аталым бойынша жүлдеге ие болды. Әрине, біз 2013 жылы әлем чемпионатының ең көп жүлдегерін дайындап шығарған үздік жаттықтырушыны да назардан тыс қалдырмадық», — деді Маңғыстау облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Сергей Пахомов.

«Жыл спортшысы» атағы бокстан ҚР чемпионатының жеңімпазы, 2013 жылғы Азия чемпионы, әлем біріншілігінің қола жүлдегері Берік Әбдірахмановқа берілді. Ол бокстан «ҚР спорт шебері» атағын қоса алды.

2013 жылы Әлем чемпионатында күміс жүлдегер атанған Әділбек Ниязымбетов пен қанжығасына қола жүлде байлаған Берік Әбдірахмановты баптаған бокстан ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы Марат Жәкиев «Жылдың үздік жаттықтырушысы» атанды.

Паралимпиадалық спорттан «Жыл спортшысы» атағын 2013 жылы Азия Паралимпиадалық ойындарының қола жүлдегері, отырып ойнайтын волейболдан ҚР спорт шебері Бақтықожа Орысбаев иеленді.

«Олимпиадалық үміт» аталымында еркін күрестен ҚР спорт шебері Жігер Зәкіров жеңіске жетсе, джиу-джитсудан спорт шебері Тілеуқабыл Амантұрлиев «Жыл жаңалығы» аталымында үздік деп танылды.

 

Оцените пост

2
Дальше