окиниш

Mambet_85 2014 M01 3
237
0
1
0

  Қарттар үйінің алдындағы өкініш    Кешір ана, ұлыңды,  таба алмаған бұл кезде көңіліңді,  Арнасаңда мен үшін өміріңді.  Кешір ана, ұлыңды,  Жасық туған,  Жігері жоқ бойында, жасып туған...

  Қарттар үйінің алдындағы өкініш  

 Кешір ана, ұлыңды, 
таба алмаған бұл кезде көңіліңді, 
Арнасаңда мен үшін өміріңді. 
Кешір ана, ұлыңды, 
Жасық туған, 
Жігері жоқ бойында, жасып туған. Қайтармаған жарының әрбір сөзін,
 Ерлігінен ездігі асып туған. 
Танымайсың, әрине танымайсың, 
Балаң емес кезінде, асық қуған. 
Арылмаған әрқашан басы шудан, 
Кешірілмес өмірде күнә бар ма?! 
Артық болар, ақ сүттен басынудан.  
Кешір ана, ұлыңды,
 Кешір ана, 
Пәтшағарды шықпаған салы судан.
   Кешір ана, еріп мәнсіз, қисық өсекке, Жалғыз ұлың тепті өзекке. Күс көңілін аулап қатынның, Жатайын деп тыныш төсекте.   Кешір ана, жан едің кешірімді, Мейірімге жалғаған сезіміңді. Жатар ма едім еркелеп құшағыңда, Өзгерте алсам кейіннен шешімімді.   Айтушы ең, жалғызым, шырағым деп... Мән дарытқан ғұмырға құрағым деп. Шаңырағым жүргенде шалқиды деп, Қиял-шыңның құзынан құладың кеп. Шапағаттың шаптым-ау шынарын тек, Кесір болды тапқаным сыңарым деп. Шын ашынып тұрсам да жылағым кеп, Өз анама көрсеттім қарттар үйін, Мынау сенің өлгенше тұрағың деп.   Көрінсе де тәрбиенің сесі күнде, Жете алмадық еңселі есіл күнге. Тербетсеңде түнімен бесігіңде, Жалғызыңның білмедім есі кімде?! Жан анашым дәрмен жоқ қарсы тұрар, Жүрегіммен жабылды есігім де.   Қарттар үйі... Қайғы-мұңнан қабырғасы қаланған, Тамұх мекен тағдыр сынның тарғылына таланған. Өгей болып өр кеудесін өксік қысып жатса да, Тілектердің, текті сырдың Отанына баланған.   Пейіліңді перзентіңе пәктілікпен толтыра, Тартылдың-ау жазықсыз боп жалғанның мынау сотына. Жылылығын сеземін деп, жалғыз ұлдың жүргенде, Күпір іспен күйдірдім-ау өзіңнің жаққан отыңа.  

Оцените пост

1