Yvision.kz
kk
Разное
Разное
399 773 постов42 подписчика
Всяко-разно
0
09:26, 02 января 2014

«БОЛАШАҚ» УНИВЕРСИТЕТІ — 2013: ЖЫЛ ҚОРЫТЫНДЫСЫ

Ассалаумағалейкүм блог-платформа оқырмандары және жаңа Жылқы жылы. Өткен жылға ренішім жоқ мен осы жылғы бірінші постымды жазып отырмын. Қарап отырсам, 6 ай болыпты ешқандай материал жарияламаппын. Өзімше күліп қоям, бұл "Болашақ" университетінің жеке блогы сияқты деп. Жасыратыны жоқ, платформадағы материалдарды оқуға ғана қолым тиді. Ал жазуға... қаншама айғы үзіліс куә.

Ұмытып барады екенмін, жаңа 2013-14 оқу жылындағы жаңа қызмет белсенділікті төмендеткен шығар.

Десек те, негізгі тақырып 2013 жылғы "Болашақ" университетіндегі негізгі жаңалықтар мен жетістіктерге тоқталып, университеттің жыл қорытындысын жасасам:

 

Университет ғылыми жетекшісі, экономика ғылымдарының докторы, профессор Бақберген Сәрсенұлы Досманбетовтың Қазақстан Республикасы Ғылым Академиясының корреспондент-мүшесі және Ұлыбритания астанасы Лондонда, Кэмбридж университетінде Сократ Академиясы берген орден.

Досманбетов Б.С.

Бақберген Сәрсенұлын ұжым құттықтаған бірнеше материалдар газет-журнал беттерін көрді http://www.kyzylorda-news.kz/page.php?page_id=44&lang=2&article_id=12894

Ғылыми жетекшіміз жөнінде Википедия ашық энциклопедиясы былай дейді:  http://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%91%D0%B0%D2%9B%D0%B1%D0%B5%D1%80%D0%B3%D0%B5%D0%BD_%D0%A1%D3%99%D1%80%D1%81%D0%B5%D0%BD%D2%B1%D0%BB%D1%8B_%D0%94%D0%BE%D1%81%D0%BC%D0%B0%D0%BD%D0%B1%D0%B5%D1%82%D0%BE%D0%B2

"Болашақ" медициналық колледжінің ашылуы

Болашак

және жаңа оқу корпусының берілуі:

Жана

"Болашақтың" жаңа корпусына түгелдей "Педагогика, филология және тарих" факультеті орналасты. Жаңарған корпуста мені де 3 қабаттан таба аласыздар.

Университеттің институтталған аккредитациядан өтуі

Blog post image

Сарапшыларды Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтының ғылыми жұмыстар және шетелмен байланыс жөніндегі проректор Еркін Аманжолұлы Әбіл басқарды.

Ғылыми жұмыстардағы халықаралық ынтымақтастық

Қыркүйек айынан бастап қол қойылған келісім-шарттар бойынша ерекше жұмыстар Ресейлік "Молодой ученый" және Чехиялық "Социосфера" ұжымымен жүргізіліп келеді.

Молодой ученый

Қараша айында "Молодой ученый" журналының 11 санында арнайы шығарылым шықты (http://www.kyzylorda-news.kz/page.php?page_id=35&lang=2&article_id=18084).  http://sociosphera.com/ сайтын ақтарсаңыз университет ұйымдастырып отырған халықаралық конференциялар туралы мәліметтерді алумен қатар, университет сайтына сілтеме беретін баннер орналасқан. Университет студенттері де ғылыми мақалаларын жариялады: http://www.kyzylorda-news.kz/page.php?page_id=44&lang=2&article_id=18783

Студенттер жетістігі

Өткен жылы студенттеріміз облыс, қала деңгейінде ғана емес, республика деңгейінде үлкен жетістіктерге жетті. Әсіресе, "Ойдария" пікір-сайыс клубының мүшелері Павлодарда І орын, Семейде ІІ орын иеленіп келді. Ғылыми жұмыстар бойынша да нәтижелі жетістіктерге жеттік.

Дебат

Әлеуметтік желілердегі ақпараттар

Студенттеріміз осы уақытқа дейін әлеуметтік желілерде өз белсенділіктерін жоғалтқан емес. Әсіресе, Мой мир мен Вконтактедегі белсендилик әлі төмендеген жоқ. Осы жыл Facebook пен Twitter желілерінде студенттеріміз толықты.

"Болашақ" университеті студенттер Парламентін таба аласыздар: https://www.facebook.com/groups/659940364038145/

"Болашақ" университеті тобы: https://www.facebook.com/groups/581665461893441/

және жеке парақшамыз: https://www.facebook.com/pages/%D0%A3%D0%BD%D0%B8%D0%B2%D0%B5%D1%80%D1%81%D0%B8%D1%82%D0%B5%D1%82-%D0%91%D0%BE%D0%BB%D0%B0%D1%88%D0%B0%D0%BA/473801829371799

Бүгінде Фейсбуктағы "Болашақ" университетінің парақшалары студенттік өмір және тәрбиемен қатар, халықаралық байланыстардағы нәтижелер бойынша ақпарат беріп отырады.

Жас ғалымдарға берілетін стипендия

Мына тізімнен мені таба аласыздар:

http://www.scedu.kz/gosudarstvennye-nauchnye-stipendii/spisok-obladatelei-gosudarstvennykh-nauchnykh-stipendii-na-ocherednoi-godichnyi-period-2013-2014/

Құрметті оқырмандар!!! Бұл әрине өзімнің субъективті пікірім. Алып-қосарларыңыз, пікірлеріңіз болса, хабарласыңыздар.

0
2779
0