Марина Вольнова бокстан мұнай елдері арасындағы XI Әлем кубогының жеңімпазы атанды

Kazsport agent 2013 M12 25
150
0
0
0

Марина Вольнова бокстан мұнай елдері арасындағы XI Әлем кубогының жеңімпазы атанды, деп хабарлайды Қазақстан бокс қауымдастығының баспасөз қызметінен. Жарыс 22 желтоқсан күні Ханты-Мансийск...

Марина Вольнова

Марина Вольнова бокстан мұнай елдері арасындағы XI Әлем кубогының жеңімпазы атанды, деп хабарлайды Қазақстан бокс қауымдастығының баспасөз қызметінен.

Жарыс 22 желтоқсан күні Ханты-Мансийск қаласында (Ресей) аяқталды. Гүлжайна Уббиниязова мен Азат Махметов қола жүлделерді олжалады.

Марина Вольнова, сонымен қатар, Сібірде мұнайды тұңғыш ашқан Социалистік Еңбек ері Фарман Құрбан оғлы Салмановты еске алуға арналған осы халықаралық турнирдің үздік боксшысы атанды.

Қазақстан атынан турнирдің ерлер бағдарламасына Азат Махметов (52 келі) және Жанұзақ Мадияр (56 келі), әйелдер бағдарламасына — Сәния Сұлтанқызы (51 келі), Гүлжайна Уббиниязова (60 келі), Әлия Әбдірайымова (64 келі), Марина Вольнова (75 келі) қатысты.

Бокстан мұнай елдері арасындағы Әлем кубогына әлемнің 14 елінен 120 спортшы қатысты.

 

Оцените пост

0