Қызылордалық полицейлер 51 жолаушыны боранның қыспағынан құтқарды

mvdgovkz 2013 M12 20
142
0
0
0

Қызылордалық полицейлер 51 жолаушыны боранның қыспағынан құтқарды. Бұл туралы облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметінен хабарлады. «Желтоқсанның 18-і күні Қызылорда облыстық ішкі істер...

Қызылордалық полицейлер 51 жолаушыны боранның қыспағынан құтқарды. Бұл туралы облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметінен хабарлады. «Желтоқсанның 18-і күні Қызылорда облыстық ішкі істер департаменті әкімшілік полиция басқармасының жол-патрульдік полиция қызметкерлері «Самара-Шымкент» тасжолының 1893-1816 шақырымдары арасында Сұлутөбе елді мекені тұсында жолда тұрып қалған жолаушылар автобусын кезіктірген. Полиция старшинасы Б.Ділдәбек пен полиция сержанты Ғ.Бекбаев қалааралық жолаушылар тасымалдайтын автобустың жағдайын білмек болып, олардың жағармайы қатып қалып, жүруі мүмкін болмай тұрғанын анықтаған. «Шымкент-Қызылорда» бағытаралық жолаушылар тасымалдайтын «Neoplan» үлгісіндегі автобустың ішінде 51 жолаушы болған», - делінген хабарламада.   

Аталған оқиға бойынша әкімшілік полиция басқармасының кезекші бөліміне хабарланып, полиция қызметкерлері 51 жолаушыны басқа көлік құралдарымен тасымалдау жұмыстарын жүргізіп, жолаушылардың барлығын аман-есен облыс орталығына жеткізген.

Аталған тас жол бойында екі ауысымда 16 жол-патрульдік полициясы бекеттерінде 63 қызметкер, 30 автокөлік қызмет атқарады. Бұл қызметкерлердің барлығы жол бойындағы жолаушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз етпек.

 
 

Оцените пост

0