ЖАСА АСТАНА

Baibol 2014 M01 6
388
0
1
0

Аспандатқан алып мынау-сарайың Сары арқада сағымба деп қараймын Тау қопарып,Толағайым әкелген Асқар Алтай шыңдарына балаймын Нұрлана бер,гүлдене бер-бас қалам Адамзатқа бақыт сыйлап әрдайым.   Жайнай...

Аспандатқан алып мынау-сарайың

Сары арқада сағымба деп қараймын

Тау қопарып,Толағайым әкелген

Асқар Алтай шыңдарына балаймын

Нұрлана бер,гүлдене бер-бас қалам

Адамзатқа бақыт сыйлап әрдайым.

 

Жайнай бер,жарқылдай бер асыл қала

Аспандай бер,асқақтай бер Астана

Сұлулықтың шыңынан көріне бер,

Ару қала Ақ орда сен-Астана!

 

Арқа жерін,аша түскен келбетін

Сұлулығың жаулап алды жер бетін

Табиғатпен таласатын әсемдік

Алыста емес,аспанда емес-сен дейтін

Ну орманың,тал бесігің-қорғаның

Аңызақтан аялайтын,тербейтін.

 

Жайнай бер,жарқылдай бер,асыл қала

Аспандай бер,асқақтай бер-Астана

Сұлулықтың шыңынан көріне бер,

Ару қала,Ақ орда,сен-Астана!

 

Арбап алдың жан-жүрегін талайдың

Салтанатпен саған әнді арнаймын

Тәуелсіздік туы мәңгі төбеңде

Асқақтасын ақ иықтай самғайтын!

Намысты елдің Ақ ордасы-Астана

Алашымның үміттерін жалғайтын!

 

Жайнай бер,жарқылдай бер,асыл қала

Аспандай бер,асқақтай бер-Астана

Сұлулықтың шыңынан көріне бер

Ару қала,Ақ орда,сен-Астана!

 

Оцените пост

1
Дальше