Жаңа Өзен қаласында «Жүйріктен жүйрік» атты интеллектуалдық ойыны өтті

aza555 2013 M12 2
1129
0
0
0

Ағымдағы жылдың 28 қараша  күні  сағат 15.00-де «Жалын» кинотеатрының фойесінде Маңғыстау облысының жастар саясаты мәселелері басқармасының қолдауымен  «Ақтау» студенттер Альянсы»  корпоративтік...

Ағымдағы жылдың 28 қараша  күні  сағат 15.00-де «Жалын» кинотеатрының фойесінде Маңғыстау облысының жастар саясаты мәселелері басқармасының қолдауымен  «Ақтау» студенттер Альянсы»  корпоративтік қорының  ұйымдастыруымен «Жүйріктен жүйрік» интеллектуалдық ойыны өткізілді. Шараның мақсаты Жастар арасында әріптестік қарым-қатынасты, ұйымдастырушылықты нығайту, біліктілігін шыңдау, волонтерлік қозғалысты дамыту болып табылады.

Ойын негізі  6 кезеңнен тұрды, 1 кезең - сұрақ-жауап сайысы, 2 кезең – пантомима сайысы; 3 кезең – ойланда тап; 4 кезең – жүйріктер сайысы; 5 кезең- тапқырлар сайысы, соңғы кезең айырмашылықтарды бірге табайық, сонымен қатар ойын қазақ тілінде өткізілді. Атап айтқанда, логикалық, тарих саласындағы сұрақтар, салт-дәстүр туралы, бейне сұрақтар және т.б. сұрақтар қойылды. Шараға Жаңаөзен қаласының  5 кәсіптік және техникалық оқу орындарының студенттері қатысты. Олар Т.Оразмағанбет атындағы Жаңаөзен мұнай және газ колледжі, Каспий педагогика және салалық технологиялар колледжі, Маңғыстау облыстық медицина колледжі, Жаңаөзен политехникалық колледжі, Жаңаөзен қызмет көрсету және жаңа технологиялар колледжінің студенттері.

Қатысушыларды сараптайтын қазылар алқасының құрамы Жаңаөзен қаласының жастар орталығының директоры Жолдыбаев Таңат, «Ақтау» студенттер Альянсы» КҚ атқарушы директоры Бурхандинова Гүлмира, Жаңазен қалалық жастар денсаулық сақтау орталығының маманы Қожахмет Серік.

Әр оқу орыннан қатысушылар өздеріне топ құрып, топтарымен таныстырды. Т.Оразмағанбет атындағы Жаңаөзен мұнай және газ колледжі «Жас жалын» тобы, Каспий педагогика және салалық технологиялар колледжі- «Кәусар» тобы,  Маңғыстау облыстық медицина колледжі- «Абзал жандар» тобы, Жаңаөзен политехникалық колледжі – «Шың» тобы,  Жаңаөзен қызмет көрсету және жаңа технологиялар колледжінен- «Жігер» тобы.

Алғаш кезеңдерде  «Жігер» тобы алға шығып,  біліктілін көрсете біліп, 3 кезеңдерге қарай  Абзал жандар  алға шықты. 6 кезеңнің қортындысы бойынша  1 орын «Жас жалын» тобы (Т.Оразмағанбет атындағы Жаңаөзен мұнай және газ колледжі), 2 орын «Абзал жандар» (Маңғыстау облыстық медицина колледжі) , 3 орын «Кәусар» тобы  (Каспий педагогика және салалық технологиялар колледжі) иеленсе, алғыс хатпен «Шың» тобы (Жаңаөзен политехникалық колледжі) және «Жігер» тобы  (Жаңаөзен қызмет көрсету және жаңа технологиялар колледжі) мараптталды. Ал ұшқыр ойымен «Үздік номинациясы» бойынша  Шабенова   Толғанай атанды.  Жеңімпаздарға сонымен қатар, дипломдар мен  бағалы сыйлықтар табыс етілді. (1 орын Түрлі түсті теледидар, 2 орын Музыкалық-дыбыстық ойнатқыш, 3 орын DVD, «Үздік ойыншы» номинациясы бойынша «Сандық фотоаппарат»)

 

Оцените пост

0
Дальше