Yvision.kz
kk
Разное
Разное
399 773 постов42 подписчика
Всяко-разно
0
09:36, 21 ноября 2013

АТОМ жобасы Токиода таныстырылды

Blog post image

 

Ү.ж. 19 қарашада Токио қаласында орналасқан жапондық пресс-орталықта АТОМ жобасын таныстыру шарасы аясында қазақстандық әйгілі суретші және жобаның құрметті елшісі Қаріпбек Күйіковтің суреттер көрмесі өтті.

Көрменің ашылу рәсіміне Парламент депутаттары және басты мемлекеттік органдардың, ірі компаниялар мен БАҚтардың өкілдері, сондай-ақ антиядролық қозғалыс саласындағы әйгілі ұйымдардың басшылары қатысты. Сонымен қатар Жапония премьер-министрінің жұбайы Акиэ Абэ рәсімнің құрметті қонағы болды.
Шараны ашқан Қазақстанның Жапониядағы Елшісі Ақылбек Камалдинов Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың Семей ядролық сынақ полигонын жабуға қатысты тарихи шешімінің маңыздылығын атап, жоғары деңгейдегі қонақтарға Қазақстанның жаһандық қауіпсіздікті күшейтуге қосып келе жатқан үлесі жайында, сонымен қатар Елбасының жаңа халықаралық бастамасы болып табылатын АТОМ жобасы жайында айтып берді.

Жапония Парламенті кеңесшілер палатасының депутаты Кадзуюки Хамада өз сөзінде Қазақстан Президентінің ядролық қарусыз әлем қалыптастыруға және Орталық Азия мемлекеттерінің ядролық қарудан азат аймақ құруға бағытталған күш-жігерін атап өтті.

«Суретші – соғыс бастайтын адам емес: өнер қауіпсіз әлем құруға көмектесе алады» деді шарада сөз сөйлеген жапондық «Суретсіз сурет кітабы» жобасының жетекшісі, суретші және дизайнер Хироми Инаёши.
Құрметті қонақтармен болған әңгіме арасында Қ.Күйіков Жапония премьер-министрінің жұбайын Қазақстанның ядролық қарусыздану ісіне қосып отырған үлесімен танысу және екі ел арасындағы өзара ықпалдастықты нығайту мақсатымен ҚР-ға шақырды.

«Қаріпбек Күйіковтің суреттері адамдарды ядролық қарусыз әлемге бағытталған күреске жігерлендіреді. Осы өнер өз мақсатына жетіп, әлем ядролық қарудан азат болса тамаша болар еді» деп атаған А.Абэ шара соңында «Фейсбукетегі» жеке бетінде «Өнердің күші әлемді өзгертеді» деді.

АТОМ жобасының көп адамдарды ядролық қаруды толықтай жою жолындағы берік қозғалысқа үндей алатын үлкен потенциалы бар екені жайында шара қонақтарының пікірлері сай болды.

Өз кезегінде ҚР СІМ-інің Ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі Роман Василенко АТОМ жобасының осы күні әлемнің 100 елінде қолдау тауып отырғанын және жобаның онлайн-петицисына қол қоюшылардың саны күннен-күнге өсіп отырғанын атады.

Шара алдындағы 18 қарашада Жапония қорының ғимаратында Қ.Күйіковтің бөлек көрмесі өтті.
Токиодағы АТОМ жобасын таныстыру шарасы мен қазақстандық суретшінің көрмесіне жалпы 2000 мың адам қатысты.

Сонымен қатар Қ.Күйіков Жапонияның әйгілі Кейо университеті жанындағы оқу орындары мен Икубункан институтының профессорлық-оқытушылық құрамы мен оқушылары алдында сөз сөйледі. Жапондық оқушылар мен студенттер Семей ядролық сынақ полигонының зардаптары мен ҚР-дың ядролық қарусыздану және ядролық қаруды таратпау саласындағы соңғы бастамаларына үлкен қызығушылық танытты.

 

Анықтама: АТОМ жобасын Жапонияда таныстыру шарасы белгілі «Earth Identity Project» атты Үкіметтік емес ұйымының «Суретсіз сурет кітабы» деген өнер саласындағы жобасы аясында ұйымдастырылып отыр.
Апта барысында Хиросима және Нагасаки қалаларында да шаралар өткізілетін болады.

0
586
0