Akparat 2013 M11 17
15450
16
5
0

Ұлттық арнада «Қазақстан Дауысы» жобасының іріктеу кезеңі мәреге жетіп, «ШАЙҚАС» кезеңі басталды. Оны бүгін сағат 21.35-те тамашалай аласыздар. Бірнеше апта бойы шыр айналған айналмалы орындық...

Ұлттық арнадағы «Қазақстан Дауысы» жобасының іріктеу кезеңі мәреге жетіп, «ШАЙҚАС» кезеңі басталды. Оны бүгін сағат 21.35-те тамашалай аласыздар.


Бірнеше апта бойы шыр айналған айналмалы орындық иелері ақыры бір тоқтамға келіп, өздеріне тиесілі 16 үміткерді таңдап алды.

Кейбір үміткердің бабы келіссе де, бағы жанбады. Сахна төрінде болып жатқан көңіл тебірентер талай жайтқа қалың көрермен куә болды. Әннің алғашқы ноталарымен-ақ тәлімгерлердің бетін бері қаратқан таланттардың өнері ерекше болды.

Жоба барысында 4 тәлімгер үміткерлермен бірге жылап, бірге қуанды.

Олардың да саф дауысты дөп басып таба алмай, өкініп қалған тұстары да болды.

Қалай десек те «Көрмей тыңдау» кезеңінің әсерлі сәттері артта қалды.

Алда «Шайқас» күтіп тұр. Іріктеуден сүрінбей өтіп, тәлімгерлердің қамқорлығына ілінген өнерпаздар енді өзара шайқасады.

Тәлімгерлер таңдап алған 16 үміткер өзінің мықты екенін дәлелдеу үшін бір бірімен бәсекеге түседі. 2 үміткерге бір ән беріледі.

Әнді нақышына келтіре шырқап, мысы басым түскен жүйрік қана келесі кезеңге өтеді. Ал қарсыласына төтеп бере алмаған өнерпаз жобадан шығып қалады.

 

Міне, бүгіннен бастап жобаның нағыз шарықтау шегі - «Шайқас» кезеңі басталады.


Үміткерлердің шабытын шыңдап, талантына қамшы басар тұсы енді келген секілді. Бұл жолы да тәлімгерлерге оңай соқпасы анық. Олар көптің ішінен таңдап алған үміткерлерін өз шешімімен жобадан шығарып жібереді. Демек, өнерпаздардың осы жобадағы тағдыры тәлімгердің қолында.

«Шайқас» кезеңі, расында «Қазақстан дауысы» атанғысы келгендер үшін нағыз шайқас болмақшы.

Осы орайда, төрт тәлімгердің үміткерлерінен аз-кем ақпарат бере кетсек.

Ақмарал Арғынқызы.

Медеу Арынбаевтың тобында тәлімгерлерді тәнті еткендердің бірі. Ол 1995 жылы 2 сәуірде Ақтау қаласында дүниеге келген. Ән айтуды 7 жасынан бастаған. Ақмарал 16 жасқа толғанда  Маңғыстау өнер колледжіне оқуға түседі. Бүгінде ол білімін Алматыдағы Ж.Елебеков атындағы эстрада цирк колледжінде жалғастыруда .Сондай-ақ ол жеті қыздан құралған «Әуен» деп аталатын топтың құрамында ән айтып жүр. Ақмарал қазақ эстрадасының жарық жұлдызы Роза Рымбаеваны үлгі тұтады. Бос уақытында фортепианода ойнайды.

 

Алмастың тобындағы көзге ерекше түскен үміткерлердің бірі - Гүлнар Көшенова.

1990 жылы 14 ақпанда Қарағанды облысында дүниеге келген. Мамандығы – теміржолшы.

«Кәсіп таңдауда мүлт кеткенімді кеш түсіндім. Алайда, ештен кеш жақсы деген оймен биыл Т. Жүргенов атындағы Өнер академиясына оқуға түстім» дейді Гүлнар. Көшенова – түрлі халықаралық, республикалық байқаулардың жүлдегері. Ол сондай-ақ «Х фактор» жобасының 3 маусымында ерекше көзге түскен әнші. Гүлнар тіпті аталған жобаның финалына дейін өтіп, көрермен ықыласына бөлене алды.

 

Роза Мұқатаева.

Оның өнеріне төрт тәлімгер де таңдай қақты. Алайда ол Мәдина Сәдуақасова әпкесін таңдады. Роза 22 желтоқсан 1993 жылы Павлодар қаласында дүниеге келген. Ән айтуды ең алғаш 10 сыныпта оқып жүргенде бастаған. Қазір Т. Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық Өнер Академиясының 1 курс студенті, «Эстрада вокалы» мамандығы бойынша білім алуда. Сонымен қатар, фортепианода ойнауды да үйреніп жүр. Басты мақсаты – қазақ эстрадасына аз да болса өз үлесін қосу. Роза осы мақсатына жетуге «Қазақстан Дауысы» жобасы көмектеседі деген ойда.

 

Нұрлан Албанның тобындағы үміткерлердің де осалы жоқ. Үміт күттіретіндердің бірі - Сәкен Жанаяпов.

1990 жылы 4 маусымда дүниеге келген. Қарағанды қаласының тумасы. Тәттімбет атындағы Өнер колледжін тәмамдаған. Қазір білімін Астана қаласындағы Өнер Университетінде жалғастыруда. Дәстүрлі әнші. Сәкен 2012 жылы Әміре Кашаубаев атындагы ән байқауына қатысып, бас жүлдені қанжығасына байлаған. Арманы – Президент оркестріне жұмысқа орналасу. «Қазақтың ән өнеріне дәстүрлі ән мен эстрада жанрын біріктіріп жаңа бағыттағы әндерді әкелгім келеді» дейді Сәкен.

 

Ұлттық арнадан «Қазақстан Дауысын» өткізіп алмаңыз. Нағыз «Шайқас» енді басталды!

Әр жексенбіде сағат 21.35-те тамашалай аласыздар.

Оцените пост

3

Комментарии

0
Не хочу никого обижать! Но.......... жюри!!!
0
КАЗАКСТАН ДАУСЫ ЖОБАСЫ ЕЛИМИЗДЕГИ ЕН АДИЛ ЖОБА БОЛЫП ТУР.
0
Алмас Кишкенбаев Тимур Омаровты тагдаганы дкрыс шешим болды !!! Тимур саган колымыздан келгенше дауыс бердим Жадыра )) Жамбыл обл, Куланнан
0
биз казакпызгой, неге казакша андерди сауатты, таза айтуга болмайды уяткой, баска тил емес жай озимиздин казак тилимизди катесиз айту сонша киынба
Показать комментарии