место в рейтинге
  • 130119
  • 16
  • 7
Нравится блог?
Подписывайтесь!

ПРЕСС-РЕЛИЗ

 

Маңғыстау облысы ІІД бастығы полиция полковнигі Қ.Дәлбековтың БАҚ-на беретін сұхбатының ПРЕСС-РЕЛИЗІ

 Әр мемлекеттің даму деңгейі қоғамдық тәртіптің тұрақтылығы мен азаматтардың құқықтарының қорғалуын қамтамасыз етумен анықталатыны айқын.

Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев жылсайынғы халыққа жолдауында, қоғамдық қауіпсіздіктің қамтамасыз етілуі, құқықтық тәртіптің сақталуы басым бағыттардың бірі екенін ескере отырып, тәртіп жоқ жерде қоғамдық тұрақтылық пен экономикалық дамудың болмайтындығын ерекеше атап өтті.

Осы міндетті бағытқа ала отырып, облыстың ішкі істер органдары ағымдағы жылдың 10 айы ішінде аймақтағы қылмыс пен құқық бұзушылықтың алдын алуға, заңсыздықты болдырмауға және қоғамдық тәртіпті нығайтуға бағытталған тиісті іс-шараларды қабылдады.

 Ағымдағы жылдың 10 айы ішінде облыс бойынша 5361 (2012-3496)  қылмыс тіркелген немесе өткен жылмен салыстырғанда қылмыс саны 53,3 пайызға өскен.

Жалпы қылмыс санының өсуіне қылмыстың бөтеннің мүлкін ұрлау (2806), алаяқтық (609), бұзақылық (627) сияқты түрлері әсер еткен.

Облыс бойынша қылмыстың санының өсуінің берден-бір себебі, ол есепке алу-тіркеу тәртібінің күшейтілуі.

Мысалға: бұрын кейбір деректер бойынша келтірілген шығынның аз мөлшерде болуына байланысты қылмыстық іс қозғалмайтын болса, ал қазір барлық дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып отыр.

 Алайда, біздегі қылмыстың деңгейі 10 мың тұрғынға шаққанда  – 120 қылмысты құрайды, ал Республиканың орта көрсеткіші – 190 қылмыс. Сондықтан Республика бойынша Маңғыстау облысы ең аз қылмыс тіркелген облыс болып саналады.

Жыл басынан бері облыс көлемінде қылмыстың алдын алуға бағытталған «Құқықтық тәртіп», «Заңсыз келуші», «Іздеу», «Пәтер» сияқты бірнеше жедел сауықтыру іс-шаралары өткізілді.

Оның нәтижесінде, өткен жылмен салыстырғанда аса ауыр қылмыстар санының  25,3 пайызға (75-тен 56-ға), қасақана кісі өлтіру деректерінің 6,1 пайызға (33-тенг 31-ге), тонау қылмысының 2,3 пайызға (311-ден 304-ке) төмендеуіне қол жеткізілді.

Сонымен қатар, көшеде болған қылмыстар 3,6 пайызға (800-ден 771-ге), бұрын сотталған тұлғалармен қайта қылмыс жасау деректері 36,5 пайызға (74-тен 47-ге), тұрмыстық жағдайда қылмыс жасау деректері -16,7 пайызға (6-дан 5-ке) төмендеген.

 Алайда, жүргізілген алдын алу іс-шараларына қарамастан, өткен жылмен салыстарғанда биыл мас күйінде қылмыс жасау деректері 11,9 пайызға (101-ден 113-ке), кәмлетке толмағандармен қылмыс жасау деректері 7,9 пайызға (89-дан 96-ға) өсіп отыр.

Алайда, бір ескере кететін жағдай, өткен жылы салыстырғанда қылмыс жасаған жастардың саны 16,1 пайызға немесе 155-тен 130-ға азайып отыр.

Ағымдағы жылы тек қана Жаңаөзен қаласының тұрғыны кәмлетке толмаған А.Айжарықовпен 24 қылмыс жасалған, оның ішінде 18 – автокөлікті заңсыз айдап кету, 4 – ұрлық, 1 – тонау және 1 -  қарақшылық қылмысы жасалған.   

 Өткен  жылмен салыстырғанда қылмыстарды ашу көрсеткіштері, оның ішінде аса ауыр қылмыс түрлерін ашу 12,2%-ға (63,9% - 76,1%), ауыр қылмыс түрлерінің ашылуы 5,1%-ға (44,9% - 50,0%) жақсарды.

Сонымен қатар, кісі өлтіру қылмысының ашылуы 17,1%-ға (65,8% - 82,9%), қарақшылық 10%-ға (65,0% - 75,0%), тонау 2,8%-ға (36,3% - 39,1%), алаяқтық қылмыстарының ашылуы 16,8%-ға (15,6% - 32,4%) жақсарған.

 Осы мерзім ішінде 2500-ден астам қылмыс ашылған, оның ішінде 359ауыр және 54аса ауыр қылмыстар.

 Олар: кісі өлтіру 34, денсаулыққа ауыр зиян келтіру 33, зорлау 44, қарақшылық шабуылы 24, тонау 133, бөтеннің мүлкін ұрлау 549 және  323 бұзақылық қылмыстары.    

 Сотқа өткен жылдың осы уақытымен салыстырғанда 31,5 пайызға немесе 496 қылмыстық іс көп жолданған. (2012ж.- 1570-тен, 2013ж. – 2066)

 Есірткіге қарсы күрес саласы бойынша

Анықтама. Облыс бойынша ІІО есебінде «есірткі құмар» ретінде 1084 адам тұр. Оның 72 әйел және 1 кәмелетке толмаған. Одан басқа есірткіні қолданғаны үшін профилактикалық есепте 517 адам тұр, оның 5 әйел, 14 кәмелетке толмағандар.

 Ағымдағы жылдың 10 айында облыс бойынша 80 (2012-85) есірткіге қатысты қылмыстық дерек анықталған.

Оның ішінде 59 (2012-70)  есірткі сату дерегі; 20 (2012-15) есірткіні сақтау және 1 есірткі өсімдіктерін өсіру дерегі анықталған.

Сонымен қатар, есірткіге қатысты 221 (2012ж. – 155) әкімшілік құқық бұзушылық дерегі анықталған. Оның ішінде; 35 адам автокөлікті есірткі қолданған күйінде басқарғаны үшін ұсталған.

  Заңсыз айналымнан 422 кг. 077 гр. (2012 – 195 кг. 264гр.)  есірткі заты тәркіленген. Бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 116,2 пайызға өсіп отыр.

-      героин – 74,3гр. (2012-70,9гр.)

-      гашиш – 2 кг.801 гр. (2012 – 7.4гр.)

-      марихуана – 419 кг. 801 гр. (2012 – 195 кг. 175 гр.)

 Жол қозғалыс қауіпсіздігі бойынша

 Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев ағымдағы жылдың қазан айының 11-ші жұлдызында өткізген кеңейтілген отырыста, Республикамыздағы жолдардың сапасының сын көтермейтін атап өтті. Жол қозғалыс қауіпсіздігіне аса назар аударылуы керек екенін, сонымен қатар елімізде жол-көлік оқиғаларының санының өсіп отырғандығын сынға алды.

Маңғыстау облысы  бойынша ағымдағы жылдың 10 айы ішінде 346 жол-көлік оқиғасы тіркелген, оның нәтижесінде 87 адам қаза тауып, 453 адам әртүрлі дене жарақатын алған.

Өткен жылдың осы уақытымен салыстырғанда ЖКО 20,6 пайызға (287-ден 346-ға), онда қаза болғандар саны 35,9 пайызға (64-тен 87-ге) және дене жарақатын алғандар 29,1 пайызға (351-ден 453-ке) өскен.

Жол-көлік оқиғаларының өсуіне бірінші кезекте – облыстағы автокөлік санының өсуі себеп болып отыр. Бүгінгі таңда облыс бойынша 140 мыңнан астам автокөлік тіркелген. Тек қана облыс орталығы Ақтау қаласының өзінде 79 мың автокөлік тіркелген. Алайда, жолдардың жағдайы өзгеріссіз қалып отыр.

 Соған қарамастан, қабылданған іс-шаралар барысында ағымдағы жылдың қазан айында ауыр жол-көлік оқиғаларының  орын алуына жол берілген жоқ.

Мысалы: ағымдағы жылдың 6 айының қорытындысымен  жол-көлік оқиғасынан қаза болғандар санының өсуі 57,6 пайыздықұраса, ал  10 айдың қорытындысымен 35,9 пайызды құрап, төмендеу үрдісін көрсетіп отыр.

 Анықтама: Осы кезең ішінде 63 мың 622 (2012ж. – 64832) жол қозғалыс ережесін бұзу деректері анықталып, 538 млн. 280 мың 065 теңге (2012ж. – 473 млн. 328 мың 076 теңге) айыппұл салынған.

Оның  407 млн. 123 мың 778 теңгесі (2012ж. – 321 млн. 897 мың 667 теңге) немесе 75,6 пайызы (2012ж. – 68,0 пайыз) өндірілген.

 Ағымдағы жылдың тамыз айындағы Үкіметтің №855 қаулысын орындау мақсатында, ІІМ-нің №577 бұйрығына сәйкес, Ақтау және Жаңаөзен қалаларында жол-патрульдік полиция бөліністері құрылды. Сонымен қатар, Республикалық маңызы бар тас жолдарда жол қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз етуге ІІД Әкімшілік полиция басқармасы жанынан арнайы жол-патрульдік полиция ротасы құрылды.

Аталған бөліністер барлық керекті техникалық құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілді.

Аталған бөліністердің бір ерекшелігі бұрын патрульдік полиция қызметкерлері тек қоғамдық қауіпсіздіктің қамтамасыз етсе, енді жол қозғалыс қауіпсіздігіне де аса мән беретін болады.

Халық арасында айтылып жүргендей «әмбебап полицейлер»  қараша айының 1-ші жұлдызынан бастап өз жұмыстарына кірісті.

 Ағымдағы жылдың 10 айында облыс бойынша ІІО-ның барлық бөліністерімен жалпы алғанда 102 мың 396 (2012ж. – 99 538) құқық бұзушылық дерегі анықталып, 795 млн. 838 мың 204 теңге (2012ж. – 648 млн. 508 мың 627 теңге) айыппұл салынған, оның 624 млн. 388 мың 067 теңге (2012ж. – 462 млн. 041 мың 622 теңге) немесе  78,4 пайызы (2012ж. – 71,2 пайыз) өндірілген.   

   Соңғы жылдары облыс әкімдігімен ішкі істер органдарының материалдық-техникалық жағдайын жақсартуға аса көңіл бөлініп отыр.

 - Ақтау қаласында ІІО қызметкерлеріне арналған 120 пәтерлі тұрғын-үйдің құрылысы аяқталды. Жақында, қызметкерлерге пайдалануға беріледі.

 - Жаңаөзен қаласында 100 және 60 пәтерлі 2 тұрғын-үйдің құрылысы басталды. 2014 жылы пайдалануға беріледі.

   - Жаңаөзен қаласында 10 учаскелік полиция тірек пункті, 2 стационарлы полиция бекеті және «Ақтау-Түркменстан» тас жолына 1 стационарлық-бақылау «Рубеж» бекеті салынып, пайдалануға берілгелі отыр.

          - Жаңаөзен қаласы ІІБ-ның Жедел басқару орталығының құрылысы аяқталды. Қазіргі кезде техникалық құрылғылары орнатылып жатыр. Желтоқсан айында өз жұмысын бастайды.

 - Осыдан басқа Ақтау қаласы Жедел басқару орталығының   мүмкіншілігін арттыру мәселелері қарастырылып жатыр.

Жақын арада мемлкеттік-жеке серіктестіктер механизмін пайдалана отырып, келесідей жобалар жүзеге асырылғалы отыр:

- 2014-2016 жылдарға облыс орталығында 5 күрделі жол қиылысына жол қозғалыс ережелерін бұзу деректерін  өздері анықтайтын автоматты жүйе орнатылу жоспарлануда;

- 25 автокөліктің жылдмадығын автоматты түрде бақылайтын жүйе орналастыру;

 - Ақтау қаласы мен Мұнайлы ауданы көлеміндегі мемлекеттік мекемелерді, әуе жай, темір жол және халықтың көп шоғырланатын алаңдары мен нысандарды, теңіз жағалауларына көше бойындағы қозғалыстарды бақылайтын 250 бейне бақылау камераларын орналасытру мәселесі қаралып отыр.

Анықтама. Бүгінгі таңда қала көлемінде Ақтау қаласы ІІБ ЖБО басқаруымен 56 бақылау бейне камерасы жұмыс жасап тұр (қиылыстардағысы – 38, стацонарлық – 18).

Жаңадан құрылған жол-патрульдік полициясына 80 дана «Тетра» радиобайланыс құралдары, 40 дана таспаға жазу мүмкіншілігі бар жылдамдық өлшегіш «Визир-М2» құралдары алынды.

Сонымен қатар,  желтоқсан айында ІІО-на 95 бірлік арнайы автокөлік берілу жоспарлануда, оның 60 бірлігі жаңадан құрылған жол-патрульдік полиция бөліністеріне беріледі.

 Жеке құрамдағы кадр жетіспеушілігі туралы

 Бүгінгі таңда Маңғыстау облысы ІІД жеке құрамында 340 бос орын (офицер -180, сержант-160)

Ағымдағы жылы қараша айының соңында  Оқу орталықтарынан алғашқы дайындық курсын 101 үміткер аяқтап шығады (Шымкент оқу орталығы – 31, Ақтау оқу орталығы – 70).

Қазіргі таңда 2014 жылдың қаңтар айына оқуға тағы 96 үміткер дайындалып отыр.

Маңғыстау облысы ІІД

mvdgovkz
14 ноября 2013, 15:46
394

Loading...

Комментарии

Оставьте свой комментарий

Спасибо за открытие блога в Yvision.kz! Чтобы убедиться в отсутствии спама, все комментарии новых пользователей проходят премодерацию. Соблюдение правил нашей блог-платформы ускорит ваш переход в категорию надежных пользователей, не нуждающихся в премодерации. Обязательно прочтите наши правила по указанной ссылке: Правила

Также можно нажать Ctrl+Enter

Популярные посты

Исламская ипотека в Казахстане: в этом году выйдет на розничный рынок

Исламская ипотека в Казахстане: в этом году выйдет на розничный рынок

Многие клиенты, вздыхая о харамном ссудном проценте местных банков, сокрушались по поводу отсутствия у нас халяльного кредитования. Поддержка исламского банкинга на уровне МФЦА есть...
DanaJarlygapova
24 марта 2017 / 18:28
  • 21774
  • 63
Рианна за $2 млн. Очередные понты от «ЭКСПО-2017»

Рианна за $2 млн. Очередные понты от «ЭКСПО-2017»

Концерт Рианны всё-таки состоится летом в рамках культурно-зрелищных и спортивных мероприятий ЭКСПО-2017. Рианна крута, с этим никто не спорит. Но соберёт ли «Астана Арена» 30 тысяч зрителей при...
openqazaqstan
вчера / 14:29
  • 17842
  • 15
КТЖ подарило iPhone мошеннику за краденную фотографию

КТЖ подарило iPhone мошеннику за краденную фотографию

Украл в супермаркете — отправился в полицию. Украл фотографию — выиграл новенький iPhone 7 от КТЖ. Вот такая нехитрая получается история. Огромное спасибо Тамерлану Жумабекову, который обратил моё...
andche
сегодня / 0:06
  • 10270
  • 18
Компания LG Electronics открыла предзаказ на новый флагман LG G6

Компания LG Electronics открыла предзаказ на новый флагман LG G6

LG Electronics объявляет о начале предварительного заказа онлайн на новый смартфон LG G6. Оформить предзаказ можно на сайтах магазинов электроники до 16 апреля 2017 года.
LG Electronics
24 марта 2017 / 14:20
  • 5249
  • 0
Страну, где так строят дороги, победить невозможно!

Страну, где так строят дороги, победить невозможно!

Шестиминутный ролик про строительство автомобильной дороги в США - это как острый нож в пузо нашим чиновникам. Они же подавятся бешбармаком, увидев его! Похлеще любого пропагандистского фильма...
Timur_Tregulov
24 марта 2017 / 11:26
  • 5059
  • 41
Почему наши парни выглядят как агашки? Хочется им сообщить, что мода на пафос прошла

Почему наши парни выглядят как агашки? Хочется им сообщить, что мода на пафос прошла

Когда уже люди смогут самоутверждаться за счет своего интеллекта, энергии, познаний и настоящей красоты, а не за счет авторитетного вида и не менее авторитетного дяди?
Bookenova_smartass
28 марта 2017 / 18:28
  • 4052
  • 91
Это вам не Дисней. Реальный прототип «Красавицы и Чудовища»

Это вам не Дисней. Реальный прототип «Красавицы и Чудовища»

Многие уверенны на 100%, что сказка «Красавица и Чудовище» - это интересная выдумка ее создателей. Однако, действия, происходящие в мультфильме и фильме, имели место в истории, и у главных героев...
Naomi_K
24 марта 2017 / 18:42
  • 5059
  • 36
Семь причин почему вам надо перестать откладывать переезд за границу

Семь причин почему вам надо перестать откладывать переезд за границу

Вы думаете о переезде за границу, но постоянно откладываете дату, потому что вас беспокоит тысяча мелочей, которые могут пойти не так? У меня есть семь причин, почему пора перестать мотать нервы...
Lesch
24 марта 2017 / 17:50
  • 4026
  • 14
Гонения на «Свидетелей Иеговы». Кому это выгодно?

Гонения на «Свидетелей Иеговы». Кому это выгодно?

Я не "Свидетель Иеговы". Мне приходилось защищать в судах и кришнаитов и коммунистов, хотя я и не разделяю их убеждений. Я защищаю свободу совести. Сегодня "Свидетели Иеговы", завтра,- каждый из вас.
nasreddin
25 марта 2017 / 17:18
  • 4194
  • 49