• 96769
  • 174
  • 15
Нравится блог?
Подписывайтесь!

«Боздаған бойдақтар» – комедия, түсінгенге трагедия

Елордамыз  Астанада  қазан айының 14-і мен 20-сы аралығында Қостанай облысының Мәдениет күндері өтті. Іс-шара аясында әртүрлі көрмелер, музыкалық-әдеби кештер, концерттік бағдарламалар, ауылшаруашылық жәрмеңкесі мен спектакльдер  ұйымдастырылды. Солардың ішінде елордалықтардың назарына өз еңбегін Ілияс Омаров атындағы қазақ драма театры да ұсынды. Олар Шоқан Уәлиханов, Ахмет Байтұрсынұлы, Бейімбет Майлин сынды қазақ халқының кемеңгерлерінің кіндік қаны тамған киелі Қостанайдан  сәлемдеме ретінде «Боздаған бойдақтар» комедиясын алып келді. Спектакль 19-шы қазанда  Қалибек Қуанышбаев атындағы академиялық қазақ музыкалық драма театрында қойылды. Оның қоюшы-режиссері ҚР-ның Халық әртісі Ерсайын Төлеубайдың бүгінгі күннің ащы шындығын комедия жанры арқылы көрерменге асқан шеберлікпен жеткізді деп бағалауға болады.

 

Қойылымда қарт ата-анасының қамқорлығынан шықпаған, үйленер ойы жоқ  сүрленген бойдақтар жөнінде көрсетілді. Құдайдың бір құтты күнінде бұл әрекеттері үшін осы үш ағайындыға әбден наразы болған ата-анасы оларды үйден қуып шығады да, теңін таппай, оралмауға бұйырады. Бейбастақтық пенен тосын жайттарға тап болып, нәтижесінде кәрі ата-аналар дегеніне жетті.

Сюжеттегі тағы да бір жарқын бейне – ол әке-шешесін құрмет тұтпайтын, әдептіліктен мүлдем жұрдай қалған бойжеткен. Оның не жүмыс таппай, не тұрмыс құрмай, ата-анасынан тек ақша талап ететіні көрерменді қынжылтқанында күмән жоқ. Сөйтіп, қойылымда аға буын мен жас ұрпақтың арасындағы шиеленісті қарым-қатынас мәселесінің көтерілгені де байқалды. Сондықтан «Боздаған бойдақтар» сияқты жауһар туындылардың жастар қауымына паш етілуі – игі істердің бірі. Бұл спектакль жастарға қатты әсер етіп, оларды қоғамда қалыптасқан жағдай туралы біраз ойландырғаны сөзсіз. Осыдан театр өнері өскелең ұрпаққа ой тастап, терең тәрбие бере алатын бірегей құрал екендігін көруге болады. Жастардың киноға ғана қызығушылық танытумен шектелмей, өмірдің сан қырлы көріністерімен театр арқылы да танысудың кемшілігі болмас.

«Боздаған бойдақтар» комедиясының соңында Ілияс Омаров атындағы қазақ драма театрының көркемдік жетекшісі Ерсайын Төлеубай жас әртістер: Асылан Кенжетай, Қуаныш Қойшығұлов пен Әсем Қозбақованың  Астанаға басты рөлдердің жүгін алғаш рет арқалап келгендерін хабарлады.

Олармен құрған тартымды әңгімеміз осындай болды:

Қойылған спектакльдің негізгі ойы қандай екенін өздеріңізден естісек!

Асылан Кенжетай (Шал мен кемпірдің үлкен ұлы – Торсанбайдың рөлін сомдаған әртіс): «Боздаған бойдақтардың» айтайын дегенін көрермен қауым өзі де түсінді деп ойлаймын. Өмірдегі трагедиялық жағдайды біз комедия арқылы көрсетіп отырмыз. Отыздан асып, ұлдардың үй болмауы деген ауқымды мәселе спектакльде күлкіге салынып, комедиялық тұрғыда көрсетілсе де, бұның астарында үлкен мағына бар.

Рөльге кіру процессі несімен қызық, ал несімен қиын?

Қуаныш Қойшығұлов (Шал мен кемпірдің ортаншы ұлы – Борсанбайдың рөлін сомдаған әртіс): Образ шығару – комедия болсын, трагедия болсын киын процесс. Дәлірек айтқанда, өмірде адамдардың жүрісін, сөйлеу мәнерін, бір жағдайға баға беруін, коғамға, досына, жақындарына деген қарым-қатынасын байқап, сондай адамдардың сахнаға әкелуге болатын қылықтарын алып, образыңды сомдайсың. Мысалы, комедиядағы шал мен кемпірдің ортаншысы Торсанбай – ұлдардың ішінде ең аусарлау келетінін ескеріп, бұл қасиетін барынша жеткізуге тырысасың. Содан кейін образдың басты міндетін, қозғар ойын сараптаудан өткізесің. Осының барлығы да күрделі жұмыс пен күшті дайындықты талап етеді. Дегенмен, бұл сенің сүйікті ісің болғандықтан, оны жүзеге асыру процессі өзің үшін өте қызықты. Алдымен, пьесса алынып, рөльдер берілген соң «читка» өтеді. Сөйтіп, үстел үстінде жаңағы образыңды оқу барысында ақырындап образыңның шет-жағасын байқап, «читка» бітер кезде оны анықтап аласың. «Читкаға» 1 жеті де, 1 ай да кетуі мүмкін. Кейін сол образыңды сахнадағы репетиция кезінде косарың болса, толықтырып,  образыңды ұштап аласың.

Ал рөлден шыға алмау деген тәжірибеңізде болған ба?

Асылан: Образға кіріп кетіп, шыға алмау деген болмайды. Спектакль қойылғаннан кейін өмірде қандай болсақ, сол күйге қайтадан ораламыз. Мысалы мен сомдаған Торсанбай мен өзімнің арасы жер мен көктей. Торсанбай елуге келіп үйленбеген болса, мен жиырма жасымда отбасы құрған адаммын. «Боздаған бойдақтарда» үйдің үлкені болсам, өмірде үйдің сүт кенжесімін.

Әртіс болу бала кезіңіздегі арманыңыз ба әлде кейін пайда болған тілегіңіз бе?

Асылан: Негізінен мен бала кезімде әртіс болам деп ойлаған жоқпын, бірақ бойымда әртістік қабілетім бар екенін білдім. Отбасымда бәрі де өнер адамдары болғандықтан, кішкентай кезімнен бастап, домбыра тартып, айтысып, өлең айтып, жан-жақты боп өскенмін. Солай бола тұра, оқуға түскенде өнер адамдарының шатасатыны бар: мектепті бітіргеннен кейін қазақ әдебиеті пәнін таңдап, сол бойынша колледжге түстім. Бір-екі жылдың ішінде-ақ алда не болатыны түсінікті болды. Дәл сол кезде Ілияс Омаров атындағы қазақ драма театрында өнер студиясы ашылып, оған 48 бала түсті. Студияны бітіріп, диплом алып шыққан 7 студенттерінің бірі болып, білімімді әрі қарай Челябіде жоғарылатуға аттандым. Сөйтіп, 7 баладан 4-еуі театрда жұмыс істеуге қалды.

Қуаныш: Мен де театрға келем деп ойлаған жоқпын. Алайда әртістік қабілет ананың сүтімен, әкенің қанымен беріледі ғой. Әкем Қойшығұлов Марат Байдәулетұлы Федоров ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы болып қызмет атқарады. Өзі де өнер адамы: оркестрде ойнап, ән айтқан. Кейін мен де студияны бітіріп, өнер жолына түсуді шештім. Маған мемлекеттік қызметтегі атқамінер болудың, лауазымның еш қажеті жоқ. Студияны тәмамдағанда әкемнің «Театрды біржолата таңдадың ба?» дегеніне де «Иә, театр менікі» деп сенімді түрде жауап бердім.

Ал енді өздеріңіздің замандастарыңызға, яғни жастарға айтпағыңыз бар ма? Қандай тілек білдіресіздер?

Асылан: Жастардың театрға келіп, сахнада қойылған образдардан өздерін көрсе деп ойлаймын. Жаңағы спектакльдегі үйленбеген жігіттерден өздерін таныса, өзгеріс жасауға ұмтылуларын тілеймін.

Қуаныш: Әкемнің «Қанша жерден қателессең де, бір орында тұрма, еңбектең, бірдеңе істеп, әрдайым тек алға ұмтыл» дегені бар. Өзімнің замандастарыма да айтарым осы.

Берілген сұхбат үшін жас әртістерге алғыс білдіреміз. Олардың қабілеттері жылдан жылға шыңдалып, өнерлері өрбейтініне кәміл сенеміз!

... Кез келген өнер түрі секілді театрдың өзіне ғана тән ерекшеліктері болады. Мысалы бір рет түсірілген фильмді миллиондаған адамдар бірде-бір өзгеріссіз тамашалайды, ал бір спектакльдің өзін бірнеше рет қарағанда, ол ешқашан да бірдей ықпал етпейді: әр жолы көрерменді жаңа ойға жетелеп, басқа қойылым көргендей  әсерде қалдыруы театрды айрықша етеді. Сондықтан да, достар, бос уақытта театрға барып, рухани азықтан нәр алуды кеңес етеміз!

Біздің әлеуметтік желілердегі парақшаларымызға жазылуға болатынын ұмытпаңыздар:

Facebook

Vkontakte

Twitter

Instagram

 
zhaskenes2012
Совет по молодежной политике при Президенте РК создан в 2008 году с целью усиления взаимодействия между государственными органами и молодежными организациями. В состав Совета входят ответственные секретари заинтересованных государственных органов, депутаты Мажилиса Парламента Республики Казахстан, лидеры молодежных НПО. В этом блоге мы будем рассказывать о деятельности совета, анонсировать и освещать интересные события в сфере государственной молодежной политики и многое другое. Подписывайтесь на наши обновления! С уважением секретариат Совета по молодежной политике при Президенте РК.
23 октября 2013, 14:19
1316

Загрузка...
Loading...

Комментарии

Оставьте свой комментарий

Спасибо за открытие блога в Yvision.kz! Чтобы убедиться в отсутствии спама, все комментарии новых пользователей проходят премодерацию. Соблюдение правил нашей блог-платформы ускорит ваш переход в категорию надежных пользователей, не нуждающихся в премодерации. Обязательно прочтите наши правила по указанной ссылке: Правила

Также можно нажать Ctrl+Enter

Популярные посты

Мой дом – не гостиница. Я не останавливаюсь у своей родни, потому что знаю, что это такое

Мой дом – не гостиница. Я не останавливаюсь у своей родни, потому что знаю, что это такое

Наступил долгожданный момент и мы смогли заселиться в собственную квартиру. А потом началось... Все знакомые, родственники, даже коллеги и соседи родителей вспомнили о нашем существовании.
Idealovnet
14 окт. 2017 / 20:38
  • 8680
  • 81
Работа на EXPO. «Улыбайтесь, вы – лица Казахстана»

Работа на EXPO. «Улыбайтесь, вы – лица Казахстана»

Продление перерывов, втыки от менеджеров, борьба за стенды, кучкования, как мы друг-друга прикрывали, защищали от гостей. Все эти события доставляли радость, и каждый день на работу я приходила...
madiNAtty
14 окт. 2017 / 22:34
  • 6024
  • 23
«Bank RBK» банкрот? Почему мы не можем распоряжаться собственными же деньгами?!

«Bank RBK» банкрот? Почему мы не можем распоряжаться собственными же деньгами?!

Мы не можем выдать зарплату, оплатить по счетам или как-то иначе распорядиться нашими же деньгами! У физ.лиц, насколько мне известно, ситуация не лучше - при нас люди не могли снять свои деньги с депозитов.
daniyar4422017
13 окт. 2017 / 15:46
  • 3563
  • 12
Я четко помню тот день, когда мне позвонили друзья и сообщили: «Она выходит замуж»

Я четко помню тот день, когда мне позвонили друзья и сообщили: «Она выходит замуж»

У нас была особенная атмосфера, мы постоянно были вместе, читали треки, летом часто поднимались в горы. Гуляли пешком по ночному городу, иногда до утра. Снимали хату и представляли совместную жизнь...
Dominator-kz
14 окт. 2017 / 22:29
О проститутках, ЗППП и других сексуальных страстях

О проститутках, ЗППП и других сексуальных страстях

У меня обширный сексуальный опыт, и я этим не хвастаюсь. Будь у меня возможность, променял бы это всё на одного партнёра. Но так как с личной жизнью не заладилось, а секс я очень люблю, то приходилось изворачиваться.
bez_prav
18 окт. 2017 / 18:01
Отчего в Казахстане предвзятое отношение к отечественному продукту?

Отчего в Казахстане предвзятое отношение к отечественному продукту?

Вы когда-нибудь пользовались казахстанской косметикой? Я тоже нет, поэтому сразу же откликнулась на приглашение своего фейсбук-френда протестировать отечественные крема… из Степногорска.
Shimanskaya
16 окт. 2017 / 11:32
  • 2670
  • 30
Когда почти все уехали в «А-города», стоит ли жить в Шымкенте?

Когда почти все уехали в «А-города», стоит ли жить в Шымкенте?

Город имеет особую ауру - очень густая энергетика, думаю, это от того, что он со всех сторон окружен "местами силы". Шымкент напоминает мне старенького доброго мудрого дедушку-аксакала.
Bonittta
13 окт. 2017 / 15:15
Я помню тот день, когда мне позвонили друзья и сообщили: «Она выходит замуж». Часть 2

Я помню тот день, когда мне позвонили друзья и сообщили: «Она выходит замуж». Часть 2

Я знал дату свадьбы. За неделю до свадьбы в соцсети "Вконтакте" на все мои последние фото, был проставлен лайк с её профиля. Сердце забилось сильнее. В душе загорелась наивная, крошечная надежда.
Dominator-kz
17 окт. 2017 / 15:41
«На пути к успеху всей семьей»: как супруга Кайрата Нуртаса наконец вышла в свет

«На пути к успеху всей семьей»: как супруга Кайрата Нуртаса наконец вышла в свет

Зачастую казахские селебрити выходя в свет, привлекают внимание и обьективы камер только к своей персоне, оставляя свои вторые половинки в тени неизвестности.
gulshat87
13 окт. 2017 / 17:56
  • 2059
  • 6