Тікелей эфир

Моңғолия қазақтары Джимми Нельсон көзімен

Ағылшын фоторафы Джимми Нельсон әлемнің көне мәдениеттерімен жақынырақ танысып, халықтардың тұрмыс-тіршілігін, салт-дәстүрлерін әлемге әйгілі ету мақсатында Before They Pass Away жобасын бастаған. Бұл жоба аясында фотосуретші Эфиопия, Индонезия, Кения, Намибия, Непал, Сібірге саяхат жасаған. Моңғолияның Баян-Өлгей ауданындағы қазақтары да Нельсон назарынан тыс қалмапты. Жобаның нәтижесі болған 10 суретті «Екпіннен» тамашалаңыздар.

"Қазақ дәстүрлерінің арасындағы ең көнелерінің бірі – бүркітшілік. Екі ғасырдан астам уақыт қазақ ерлері бүркітпен аң аулауға шыққан. Қоян, түлкі, тіпті қасқыр сияқты тау мен дала жануарларының қазақтар үшін терісі құнды болған"

"Қазақтар арасында ауызша тарих кең тараған. Әр қазақ азаматы өз ата-тегін жеті атасына дейін білуі міндет"

"Қазақтардың ата-бабаларына ислам діні XVIII ғасырда келді. Қазақтардың көбі мұсылман болғанымен, исламға дейінгі көк, аруақ, от пен тылсым күштерге деген сенімін әлі де жоғалтпаған. Қазақтар әлі күнге дейін тұмар тағып келеді, оның мақсаты – адамды жамандықтан қорғау"

"1930 жылға дейін көшпенділер қазіргі Қазақстан, Моңғолия және Қытайдың Шыңжаң провинциясы аумағында емін-еркін көшіп жүрді. 1924 жылы Моңғол Халық Республикасы құрылғандықтан, олардың көбі көшпелі өмірді тастап, Моңғолияның батысындағы тауларды мекен ете бастады"

"Қазанның ортасында өтетін бүркітшілер фестивалі аң аулау маусымын бастайды. Бұл шара үздік аңшылардың басын қосып, қауымдастықты нығайта түседі. Қазақтар сәнді киініп, әйелдер ақ жаулық жамылады, ерлер түлкі терісінен тігілген бас киім киеді. Қазақтардың мәдениеті моңғол мәдениетінен ерекше: тіпті қазақтардың ертоқымдары да басқа пішіндес келеді"

"Қазақтар жартылай көшпелі, мал шаруашылығымен айналысатын халық. Ірі отбасылар жылына бірнеше рет мекендерін ауыстырады, ал кішігірім отбасылар киіз үй тұрғызса да, жазда қыстауына жақын жүреді"

"Таулы, оқшауланған аумақтағы қазақтардың көбі үй жануарлары арқылы күн көреді. ХІХ ғасырдан бастап олар батыс Моңғолия таулары мен далаларын мекендеген. Бұл аумақта биіктігі 3 000 метрден 4 000 метрге дейін жететін шыңдар көп кездеседі. Баян-Өлгей ауданындағы қазақтар бүгінгі күні 87 000 адамды немесе аудан халқының 88,7% құрайды. Бүкіл ел бойынша қазақтардың үлесі 4% құрайды (шамамен 110 000 адам)"

"Қазақтардың басым бөлігі ұлттық аспапта ойнауды аса шеберлікпен меңгерген. Екі ішекті домбыра мен қылмен ойналатын қобыз туралы көне тарихи құжаттарда да айтылған"

"Моңғолия қазақтары (олардың Қазақстан, Өзбекстан, Қытай және Ресейдегі қандастары секілді) Орталық Азияның солтүстік аумағынан келген түркі халқы. Олар Сібір мен Қара теңіз арасындағы аумақты мекендеген түркі, моңғол, үнді-иран тайпалары мен ғұндардың ұрпағы"


"Моңғолиядағы қазақтар этникалық азшылықтар арасындағы ең ірісі болып саналады және олардың басым бөлігі моңғол тілінде «Бай өлке» дегенді білдіретін Баян-Өлгей ауданында тұрады"

Джимми Нельсонның басқа жұмыстарын мына жерден көре аласыздар.

Материалды дайындаған: Айжан Байтанова

Алия Arsik
7 қазан 2013, 13:12
6885

Загрузка...
Loading...

Пікірлер

Керемет. Қазақтың баласы жүрген жер табиғатпен бірлескен үндестікті туындатары анық. Бай Өлке адам баласынан зардап көрмеген бірден-бір таза өлкеге ұқсайды.
Shpak
1
0
19-ші ғасырдан репортаж
XXI - ғасыр Атырау мен Ақтауда болар. Мұнай шықты деп табиғатты қырғынға ұшыратып жатқан "сүйікті" батыс компаниялары мен өзіміздің тепсе темір үзетін қазақтар.

Пікір қалдырыңыз

Спасибо за открытие блога в Yvision.kz! Чтобы убедиться в отсутствии спама, все комментарии новых пользователей проходят премодерацию. Соблюдение правил нашей блог-платформы ускорит ваш переход в категорию надежных пользователей, не нуждающихся в премодерации. Обязательно прочтите наши правила по указанной ссылке: Правила

Сондай-ақ Ctrl+Enter басуға болады

Танымал жазбалар

Казком берет комиссии за оплаты по карте. Почему на это закрывают глаза Visa и MasterCard?!

Казком берет комиссии за оплаты по карте. Почему на это закрывают глаза Visa и MasterCard?!

Покупаешь в супермаркете продукты на 5000 тенге и банк забирает себе еще 30-50 тенге. То есть, продукты обошлись уже не в 5000, а в 5050 тенге.
ValentinaVladimirska
25 мая 2017 / 22:56
  • 12557
  • 24
Узаконенное варварство в стране, принимающей «EPXO». Еще далеко нам до «топ-30 развитых стран»

Узаконенное варварство в стране, принимающей «EPXO». Еще далеко нам до «топ-30 развитых стран»

В продвинутых государствах едва ли поймут, почему в столь развитом, успешном и преуспевающем Казахстане от имени и по заданию властей творятся такие зверства над животными.
openqazaqstan
24 мая 2017 / 12:12
  • 10589
  • 102
Поддержим пенсией жиреющие банки! На что казахстанцам разрешат досрочно тратить свои накопления в ЕНПФ

Поддержим пенсией жиреющие банки! На что казахстанцам разрешат досрочно тратить свои накопления в ЕНПФ

Со стороны ЕНПФ в очередной раз прозвучало крайне неоднозначное заявление, от которого, на наш взгляд, лучше было бы воздержаться.
openqazaqstan
23 мая 2017 / 11:08
  • 9699
  • 32
Вырубка деревьев в Алматы под БРТ. Проект уже нанес городу экологический ущерб

Вырубка деревьев в Алматы под БРТ. Проект уже нанес городу экологический ущерб

Как ранее уже сообщалось из-за строительства БРТ в Алматы пострадают значительное количество деревьев. На прошлой неделе вырублены первые вязы и клён, - под расширение проезжей части на улице...
SKYFALL
24 мая 2017 / 17:20
  • 8879
  • 12
Системная коррупция стала главной угрозой для Казахстана. У нас воруют миллиардами

Системная коррупция стала главной угрозой для Казахстана. У нас воруют миллиардами

Коррупционные отношения вышли на такой уровень, что они уже начинают дискредитировать всю систему управления.
openqazaqstan
26 мая 2017 / 13:45
  • 7922
  • 34
Что бы ни сделал пешеход – все равно водитель сядет

Что бы ни сделал пешеход – все равно водитель сядет

Вопрос о равной ответственности водителя и пешехода при наезде на последних, только-только начинают обдумывать в высоких кабинетах. Но, пока государственные головы думают, водители продолжают...
Mirogloff
22 мая 2017 / 23:29
  • 5035
  • 32
Пока полицейские будут прощать, им будут бить и по чести, и по лицу

Пока полицейские будут прощать, им будут бить и по чести, и по лицу

Судья Алмалинского районного суда Куаныш Арипов ломает стереотипы отношения граждан к представителям Фемиды. Напавшему на полицейского экс-сотруднику алматинского акимата он назначил наказание выше...
Mirogloff
24 мая 2017 / 16:41
  • 3840
  • 9
Да-да, я знаю, пора выходить замуж. Есть ли у меня еще время и, пожалуйста, уточните сколько?

Да-да, я знаю, пора выходить замуж. Есть ли у меня еще время и, пожалуйста, уточните сколько?

Итак давайте сразу начистоту. Мне 29. Не замужем, никогда не была, детей нет. В душе я совсем не чувствую этот возраст. Каждый раз когда задумываюсь об этом больше чем на 3 минуты, меня накрывает...
user2017
23 мая 2017 / 10:57
Аблязов загробным голосом декларирует «ДВК-2». Монолог обиженного человека

Аблязов загробным голосом декларирует «ДВК-2». Монолог обиженного человека

Последний монолог Аблязова о «продолжении борьбы с режимом» и «ДВК-2», при всём желании, не выглядел как какой-то политический манифест.
openqazaqstan
25 мая 2017 / 13:53
  • 3094
  • 62