Қазақстандық волейболшы жігіттер Азия чемпионатының 1/8 финалына шықты

Kazsport agent 2013 M10 1
194
0
0
0

Біріккен Араб Әмірлігі елінің Дубай қаласында волейболдан ерлер арасында ХVII Азия чемпионаты өтіп жатыр. Бүгін топтық сындағы ақырғы ойында Кувейт құрамасын 3:0 (25:23 25:15 25:17) есебімен ұтқан...

Біріккен Араб Әмірлігі елінің Дубай қаласында волейболдан ерлер арасында ХVII Азия чемпионаты өтіп жатыр.

Бүгін топтық сындағы ақырғы ойында Кувейт құрамасын 3:0 (25:23 25:15 25:17) есебімен ұтқан қазақстандықтар «С» тобында 2-орын алып, 1/8 финалға шықты. Сенбі күні олар 2011 жылы өз елінде өткен соңғы Азия чемпионатының жеңімпазы атанған ирандықтарға 0:3 есебмен жеңілген болатын. Дәл осындай есеппен кеше кувейттіктерді қапы қалдырған ирандықтар мүмкін болған 6 ұпаймен топ жеңімпазы атанды. Енді 1-2 қазан күндері өтетін 1/8 финалық сында қазақстандықтар «F» тобында жоғары нәтиже көрсеткен Оңтүстік Корея мен Ирак волейболшыларымен күш сынасады. Жалпы Азия чемпионатында оңтүстіккореялықтар 1989, 1993, 2001, 2003 жылдары 4 рет жеңімпаз атанған болатын. Қазақстандықтар олармен 1993 жылы ақтық сында кездесіп, күміс жүлдегер болған еді.

АЛМАТЫ.  ҚазАқпарат - Автор: Ерлік Ержанұлы
 

Оцените пост

0