Әлемдік футбол жұлдыздары Семейде баспасөз мәжілісін өткізді

Kazsport agent 2013 M09 23
188
0
0
0

Жас футболшыларға жұмсалған инвестициялар әлемдік деңгейде мемлекет намысын қорғайтын елдің құрама командасын қалыптастыруда талантты ойыншыларды дайындауға көмектеседі. Бұл туралы Қазақстан...


Жас футболшыларға жұмсалған инвестициялар әлемдік деңгейде мемлекет намысын қорғайтын елдің құрама командасын қалыптастыруда талантты ойыншыларды дайындауға көмектеседі.

Бұл туралы Қазақстан футболының 100 жылдығына орай Семей қаласында әлемнің футбол жұлдыздарының қатысумен өткен баспасөз мәжілісінде танымал неміс жаттықтырушысы Хорст Хрубиш айтты.

«Германияда футболды дамыту саясатында жас ойыншылардың тәрбиесіне баса назар аударылады. Олардың жақсы нәтижесін көргесін де бұл саладағы жұмысты одан әрі жандандыра түсуге ынталымыз», — деп атап өтті неміс футболының тарихындағы үздік шабуылшылардың бірі Х.Хрубиш.

Ол сонымен қатар, Германия мен Қазақстан футбол федерацияларының арасында бекітілген меморандумның маңыздылығы мен осы ынтымақтастықтың мақсатты түрде дамитынына сенім білдірді.

УЕФА Еуропа жаттықтырушыларының үйлестіру кеңесінің мүшесі Хорст Хрубиш Германия футбол федерациясының атынан семейліктерді Қазақстан фуболының 100 жылдық мерекесіне шақырғаны үшін алғыс айтып, республиканың футбол клубтарына жоғары деңгейдегі турнирлер мен чемпионаттарда жеңіс тұғырынан көрінулеріне тілектестік білдірді.

«Жұлдызды баспасөз мәжілісіне» футбол ардагерлері Андрей Биба («Динамо», Киев), Владимир Букиевский («Спартак», Мәскеу), Евгений Круглов («Рубин», Казань), Юсуф Мусаев, Владимир Орешин («Алға», Бішкек), Гиви Нодия («Динамо», Тбилиси), Сағат Құдайбергенов («Қайрат», Алматы) және Қазақстанның қоғам қайреткері Мұрат Әуезов қатысты.

 

Оцените пост

0