место в рейтинге
  • 63029
  • 0
  • 1
Нравится блог?
Подписывайтесь!

Республикалық Бақытжан Байқадамов атындағы конкурсты дайындау және өткізу қағидасы

  1. 1. Жалпы ережелер
  1. Республикалық Бақытжан Байқадамов атындағы конкурс (бұдан әрі - Конкурс) Қазақстан Республикасының 2006 жылдың 15-ші желтоқсанындағы «Мәдениет туралы» Заңының 7-бабы 12-тармағына сәйкес ұйымдастырылады.
  2. Конкурс 2013 жылғы 21-23 қазанда Алматы қаласында өтеді.
  3. Конкурстың қорытындысы бойынша шағын дискіге (СД) жазылған бейнематериал шығарылады.

2.  Мақсаттары мен міндеттері

 
  1. Конкурстың мақсаттары мен міндеттері болып мыналар табылады:

1)    Қазақстанда хор музыкасын насихаттау;

2)    хор ұжымдарының кәсіби шеберлігін арттыру;

3)    жастарды эстетикалық және патриоттық рухта тәрбиелеу;

4)    мемлекеттің мәдениет саласындағы саясатын жүзеге асыру.

 

3. Конкурсты өткізудің тәртібі мен шарттары

  1. Конкурсқа республикамыздың хор ұжымдары мынадай екі түрлі категорияда қатыса алады:

-         кәсіби хор ұжымдары;

-         оқу орындарының хор ұжымдары.

  1. Конкурс бағдарламасы мынадай 3 шығармадан тұруы қажет:

-                                 хорға лайықталып өңделген қазақтың халық әні;

-                                 шетелдік немесе орыс композиторларының шығармалары;

-                                 Б.Байқадамовтың шығармалары.

Ескертпе: бір шығарма a cappella түрінде болуы керек. Конкурс бағдарламасының ұзақтығы 10 минуттан аспауы шарт.

  1. Конкурсқа қатысуға ниет білдіргендер төмендегі көрсетілген құжаттарды 2013 жылғы 7 қазанға дейін ұсынуы керек:

1)          Қағиданың 1-ші қосымшасына сәйкес өтініш;

2)          ұжым туралы ақпарат;

3)          хор ұжымының саны мен құрамы;

4)          ұжымның фотосуреті (электрондық түрде JPEG форматында);

5)          хор жетекшісінің фотосуреті (электрондық түрде JPEG форматында);

6)          конкурстық бағдарлама.

Конкурсқа қатысушылардың құжатары мына электронды пошта арқылы қабылданады: yerseitova@mail.ru; байланыс телефоны: (87172) 99 98 33.

Конкурсқа қатысуға берілген ұсыныс қатысушының осы Қағида талаптарымен толықтай келіскендігін білдіреді.

  1. Конкурсқа жіберілген құжаттар қайтарылмайды.
  2. Сыйақылар Қазақстан Республикасының Ұлттық банкінің курсы бойынша теңге түрінде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес салық түрлері алына отырып беріледі.
  3. Конкурстың ұйымдастыру комитетімен келісе отырып жеке және заңды тұлғалар түрлі арнайы сыйлықтарды тағайындай алады.
  4. Ұйымдастырушылар Конкурс өтетін күндері қатысушылардың (әрбір хор ұжымынан 40 адам) Алматы қаласында қонақ үйде тұру шығындарын 7 (жеті) АЕК аспайтын мөлшерде төлейді. Қатысушылар Алматы қаласына дейінгі және қайтар жол мен тәуліктік шығындарын өз тараптарынан төлейді.
  5. Алматы қаласына ұйымдастыру комитетінің белгілеген уақытынан бұрын келген қатысушылар межеленген уақыт келгенше барлық шығындарды өздері төлейді.
  6. Өнер көрсету кезегі жеребе арқылы жүзеге асырылады және бұл кезек Конкурстың соңына дейін сақталады.
  7. Конкурсанттар Конкурсқа өз сүйемелдеушілермен қатысады.
  8. Қатысушылардың шығармаларды орындау реттілігі еркін.
  9. Конкурс қатысушылары келген күні орындау бағдарламаларын анықтайды және оны Конкурс кезінде өзгертуге құқықтары болмайды.
  10. Хор ұжымдары көпшіліктің қатысуымен өнер көрсетеді.
  11. Барлық жеңімпаздардың қорытынды гала-концертке ақысыз қатысуы міндеттеледі.
  12. Қатысушылар гала-концертте қазылар алқасы ұсынған шығарманы орындауы тиіс.
 

4. Ұйымдастыру комитеті

 
  1. Конкурсты дайындау және өткізу бойынша Ұйымдастыру комитетінің құрамы Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінің Мәдениет комитеті Төрағасының бұйрығымен бекітіледі.
  2. Ұйымдастыру комитетінің мүшелері өз функцияларын қоғамдық бастамамен жүзеге асырады.
  3. Ұйымдастыру комитеті мүдделі тараптармен Конкурсты жүзеге асыру жөніндегі сұрақтар бойынша қарым-қатынасты жүзеге асырады.
  4. Ұйымдастыру комитеті Конкурсты дайындау және өткізу бойынша басшылықты жүзеге асырады.
  5. Ұйымдастыру комитеті Конкурсты дайындау және өткізу барысында туындайтын өзге де ұйымдастыру мәселелерін шешеді.
  6. Ұйымдастыру комитеті қатысушыларға қаламақы төлеусіз конкурсты радио, теледидар арқылы көрсету және тарату құқығына ие.
 

5. Конкурстың қазылар алқасы

   
  1. Конкурс қатысушыларының өнерін бағалау, сондай-ақ, қорытынды шығару үшін қазылар алқасы құрылады. Қазылар алқасының құрамы мемлекеттік органдардың өкілдерінен, мәдениет және өнердің көрнекті қайраткерлерінен құралады және Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінің Мәдениет комитеті Төрағасының бұйрығымен бекітіледі.
  2. Қазылар алқасының саны, төрағаны қосқанда, тақ сан болуы тиіс.
  3. Қазылар алқасы Ұйымдастыру комитетімен келісу бойынша жүлделі орындардың саны мен ақшалай сыйақының мөлшерін анықтайды.
  4. Қазылар алқасының шешімі түпкілікті және қайта қарауға жатпайды, хаттамамен ресімделеді және барлық қазылар алқасының мүшелері қол қояды.
  5. Қазылар алқасы мүшелерінің дауыстары тең бөлінген жағдайда Төрағаның дауысы шешуші болып табылады.
  6. Конкурстың қазылар алқасы:

1)    қатысушыны тоқтатуға;

2)    жүлделі орындарды бермеуге немесе бөлуге (бас жүлдені қоспағанда) құқылы.

  1. Қазылар алқасы бағаларының критерийлері: орындаушылық шеберлігі, орындалатын шығармалардың конкурстың шарттарына сәйкестігі, сахналық киім.
 

6. Қорытынды ереже

 
  1. Осы Қағидамен реттелмеген барлық мәселелер Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес шешіледі.
 

______________________________

 
МК РК Mki_gov
17 сентября 2013, 13:13
1033

Загрузка...
Loading...

Комментарии

Оставьте свой комментарий

Спасибо за открытие блога в Yvision.kz! Чтобы убедиться в отсутствии спама, все комментарии новых пользователей проходят премодерацию. Соблюдение правил нашей блог-платформы ускорит ваш переход в категорию надежных пользователей, не нуждающихся в премодерации. Обязательно прочтите наши правила по указанной ссылке: Правила

Также можно нажать Ctrl+Enter

Популярные посты

«Алматы – город, летящий под откос», или Кто заказал утку у российского блогера

«Алматы – город, летящий под откос», или Кто заказал утку у российского блогера

Некий блогер Сергей Никитский неустанно пишет о Казахстане, Астане, Экспо и посвящает два материала Алматы, причём подчёркнуто называет город Алма-Ата.
Langdon
19 июля 2017 / 15:44
  • 3737
  • 58
«Язык мой – враг мой», или 7 причин никогда не разговаривать с полицией

«Язык мой – враг мой», или 7 причин никогда не разговаривать с полицией

На этот раз пост очень важный и необходим к прочтению каждым! Не поленитесь и уделите время прочтению. Ни в коем случае, не разговаривайте с полицейскими до прихода вашего адвоката!
asselsabekova
18 июля 2017 / 14:19
  • 3467
  • 32
Один из способов выиграть суд против коллекторов

Один из способов выиграть суд против коллекторов

Сегодня в своем посте я постараюсь рассказать, как выиграть суд против некоторых коллекторских компании в нашей стране. Чем отличается коллекторское агенство от обычного банка?
Advokot
18 июля 2017 / 15:31
  • 3109
  • 10
Что происходит в казахстанской правоохранительной системе под видом борьбы с коррупцией

Что происходит в казахстанской правоохранительной системе под видом борьбы с коррупцией

За день до своей гибели прямо около памятника жертвам политических репрессий 1937-го Жампозов сказал жене, что он – жертва точно таких же репрессий.
openqazaqstan
вчера / 10:18
  • 2607
  • 9
Книга, которая сэкономит вам 150 тысяч долларов и два года жизни

Книга, которая сэкономит вам 150 тысяч долларов и два года жизни

Автор утверждает, что программы МБА не дают никакого позитивного выхлопа, если ты уже не являешься владельцем или наследником прибыльного бизнеса. Знания МБА можно получить бесплатно, уверяет он.
Aks_Ras
19 июля 2017 / 16:28
  • 2771
  • 2
Госорганы, ответственные за жизни детей, хранят молчание. У них в отчетах все хорошо

Госорганы, ответственные за жизни детей, хранят молчание. У них в отчетах все хорошо

Вчера все информационные агентства страны передали сообщение, которое заставило забиться в ужасе сердца всех матерей страны. В мусорном контейнере города Сатпаев было обнаружено тело новорожденной девочки.
AliyaSadyrbaeva
19 июля 2017 / 11:06
  • 2353
  • 19
Почему путь к любимому Иссык-Кулю из года в год не становится легче

Почему путь к любимому Иссык-Кулю из года в год не становится легче

Минувшие выходные для казахстанских туристов, рвущихся от алматинской жары к иссык-кульской прохладе, снова обернулись настоящим кошмаром.
caravan_kz
19 июля 2017 / 18:39
  • 1835
  • 4
Наша новая рубрика «Топ-5»: самые красивые актрисы Казахстана

Наша новая рубрика «Топ-5»: самые красивые актрисы Казахстана

Решили сделать топ-5 красивых актрис Казахстана. Очень долго спорили о первых трех местах и даже чуть не подрались. Было очень тяжело выбирать.
asdbqwe
20 июля 2017 / 14:24
  • 1845
  • 41
Легендарный вокалист «Linkin Park» унёс за собой молодость десятков тысяч людей

Легендарный вокалист «Linkin Park» унёс за собой молодость десятков тысяч людей

Самое грустное, что, как и всегда в таких случаях, скоро на Честера начнут изливаться потоки грязи - что он был наркоманом, или что-то подобное (как в случае со многими знаменитостями).
demonica
21 июля 2017 / 15:13
  • 1854
  • 50