Әлем чемпионатында қазақстандық балуандар үмітті ақтамады

Kazsport agent 2013 M09 16
246
0
0
0

Кеше күрестен Венгрияның Будапешт қаласында әлем чемпионаты басталды. Бірінші күнде қазақстандық балуандар үмітті ақтамады. 55 келідегі үмітіміз Расул Қалиев ирандық Фарман Хассан Рахимиден 6:0...


Кеше күрестен Венгрияның Будапешт қаласында әлем чемпионаты басталды. Бірінші күнде қазақстандық балуандар үмітті ақтамады.

55 келідегі үмітіміз Расул Қалиев ирандық Фарман Хассан Рахимиден 6:0 есебімен ұтылып қалды. Дегенмен, Рахими финалға шығып, Расул жұбаныш белдесуіне мүмкіндік алды. Жұбаныш кездесудің алғашқысында Қалиев кореялық Ким Сонг Уонды және қырғыз Алтынбек Әлімбаевты жеңді. Бірақ қолаға талас кезінде ресейлік Нариман Исраповтан таза ұтылды.

66 келіде Дәурен Жұмағазиевтің де жолы болмады. Ол алғашқы белдесуде қытайлық Джианфу Джангты ұтқанымен кейін канадалық Хайслен Гарсияға 2:3 есебімен жеңіліп қалды. Хайслен де финалға шыға алмай, Жұмағазиев қоладан да үмітін үзді.

96 келіде Таймураз Тигиев алғашында Худербулга Боркхандты жеңгенімен ресейлік Анзор Болтукаевтан ұтылып қалды. Болтукаев та финалға шыға алмағандықтан Тигиевтің де қоржыны бос, деп жазады alaman.kz.

   

АСТАНА. ҚазАқпарат

 

Оцените пост

0