2014 жылы Астанада паралимпиадалық спортшыларға арналған олимпиадалық орталық ашылады

Kazsport agent 2013 M08 16
157
0
0
0

АСТАНА. ҚазАқпарат — 2014 жылы Астанада мүгедек спортшыларға арналған олимпиадалық орталық ашылады. Бұл туралы бүгін Астанада өткен баспасөз мәслихатында ҚР Спорт және дене шынықтыру істері...

ҚР Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі төрағасының орынбасары Тастанбек Есентаев
АСТАНА. ҚазАқпарат — 2014 жылы Астанада мүгедек спортшыларға арналған олимпиадалық орталық ашылады. Бұл туралы бүгін Астанада өткен баспасөз мәслихатында ҚР Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі төрағасының орынбасары Тастанбек Есентаев мәлім етті.

«Келесі жылы Астанада мүгедек спортшылардың жетістіктерін арттыруға жағдай жасайтын олимпиадалық орталық ашылады. Үкімет тарапынан 129 млн. теңге қаражат бөлінді. Бұл — қамкөңіл спортшыларға арналған қамқорлық», — деді Т.Есентаев.

Оның айтуынша, кейінгі жылдары паралимпиадалық және сурдлимпиадалық спортшыларымыздың әлемдік аренадағы жетістіктері артып келеді. Сондықтан оларға мемлекет тарапынан үлкен қолдау көрсетілуде.

«26 шілде мен 6 тамыз аралығында Софияда өткен Сурдлимпиадалық ойындарда біздің жерлесіміз Ғабит Есжанов алтын медаль еншіледі. Бүгінгі күні Канадада өтіп жатқан Әлем чемипонатында Қазақстан тарихында алғаш рет суда жүзуден біздің паралимпиадалық спортшымыз әлемдік рекорд орнатты. Алайда чемпионаттың күміс медаліне ие болды. Міне, қазіргі уақытта біздің елімізде мүгедектер спортын дамытуға барлық жағдайлар жасалып жатыр. Қаржыландыру, ұйымдастыру жағынан бүкіл мүмкіндіктер бар. Қазақстандық мүгедек спортшылар жоспар бойынша, белгіленген жарыстардың барлығына қатысуда», — деп атап өтті ол.

 

Оцените пост

0