Wikimania 2013(Hong Kong) конференциясында болған екі күн (1-бөлім)

nazerke98 August 16, 2013
811
0
1
0

Бұл күнделік Wikimania 2013(Hong Kong) конференциясы және ондағы Қазақстан делегациясы туралы. Қазақстан делегациясының мүелері Назарбаев Зияткерлік мектептерінің оқушылары.

Алматы аэрапорты... Басқа қалалардан келген  Назарбаев Зияткерлік мектептерінің оқушыларымен кездестік. "Wikibilim" қоғамдық қорының президенті  Нұрбек Матжанимен  көрісіп, онымен және барлық НЗМ-нің  оқушыларымен бірге суретке түстік.(Суретке түсер алдында оған біз сұрақ қойған болатынбыз) Нұрбек Матжани бізге сәттілік пен ақ жол тіледі.

Алматы аэрапортында

Алматы аэрапортында Гонконгқа барар жолда қазақ кино жұлдыздарының бірі Аружан Джазылбекованы көру бұйырды.Онымен танысып, суретке түсіп те үлгердік. Бір қызығы ол да Гонконгқа бара жатыр екен.

 

Ұшақтан түсірілген Гонконг бейнесі

 

Ұшаққа міндік.

Барлығының ойында Гонконгқа  тезірек жету. Бұл менің шетелге бірінші сапарым болғандықтан, әрине, қобалжу болды. Ұшақта отқанда алуан түрлі ойлар келеді екен. Гонконгтың ауасы, жері, халқы қандай екен деп ойлайсың. Бірнеше сағаттан соң, ұшақ терезесінен аппақ бұлтардың арасынан биік ғимараттар, теңіз бен таулар көріне бастады.  Бұл Гонконг екен.  Біз таңғалып, терезеге үніле қарай бастадық. (Сурет: ұшақ терезесінен түсірілген Гонконг бейнесі)

Міне, 6 сағаттан соң көптен күткен Гонконг жеріне де келіп жеттік. (Гонконг ауа райы тым ыстық және ауасы ылғалды екен.)

 

Гонконг әуежайында тіркеуден өтіп, жүктерімізді жинап болған соң, автобусқа мініп қонақүйге аттандық. Автобуста отырып,  Гонконг көшелерін тамашаладық. Қазіргі заманға сай етіп салынған көз тамсандырарлық заңғар ғимараттар адамды  таң қалдырмай қоймайды. Оларға  таң қалғанымыз соншалық, тіпті автобуста отырып, фотоапаратымызды жедел шығарып суретке түсіре бастадық. Мына суреттер соның дәлелі болып табылады.

 

Сөйтіп, қаладағы белгілі қонақ үйлердің бірі "Holiday Inn"-ге де келіп жеттік.

Онда орналаса салысымен, тездетіп киімімізді ауыстырып, Wikimania конференциясына асықтық.(тіпті тамақтанып та үлгерген жоқпыз.)

Қонақ үйден шығысымен, Гонконг Политехникалық Университетіне  (Hong Kong Polytechnic University) келдік. Бұл университетте Wikimania 2013 конференциясы   өткізіліп жатқан еді. Университетке кіріп, тіркеу бөліміне (Jockey Club Auditorium)  бардық. Сол жерде тіркеліп болған соң олар бізге бір қара сөмкені берген болатын.

 

Оның ішінде мына төменде көрсетілген заттар болды.

(Conference Booklet)

(Hong Kong Map)

Бұл кітапшалардан басқа әр қатысушыға өз өлшеміне сәйкес футболкалар және әр конференция қатысушысы аты жазылған бейджиктер берілді.

 

Тіркеліп болған соң, сағатқа қарасақ  "Coffee break" уақыты да таяп қалыпты. 30 минуттық    "Coffee break"-тен кейін жетекшілерімізбен бірге сессияларды таңдап, оларға кіре бастадық.

 

Осы конференцияның арқасында көптеген дәрістерге кіріп, әлемнің түкпірінен келген үздік спикерлердің дәрістерін тыңдадық. Көптеген маңызды да, қызықты да, керек мәліметтерді алдық.

Бірінші кірген сессияның аты  "The Growth and Future of Wikimania". Осы дәрісте өзіміздің көптен бері толғандырып келе жатқан сұрақтарымызды қойдық.  Krisko есімді спикердің қойған ұсыныстары маған ұнады және олармен толықтай келісемін. Себебі, оның айтуы бойынша: Уикипедиядағы мақалаларды қарап отырсақ, олардың көбісі Еуропадағы атақты тұлғалар туралы. Ал Азия оның ішінде Шығыс Азиядағы белгілі тұлғалар туралы берілген мәліметтер аз, тіпті жоқ деп айтуға да болады. Ол Шығыс Азиядағы бірқатар елдерді зерттеген. Мысалы, Индонезиядағы бұрын өмір сүрген бір діндар адам туралы мәліметтер жинап, оны Уикипедияға енгізген. Бұл дәрістен кейін менде жаңа идеялар туындады.  Қазақ уикипедияшылары көбінесе Еуропадағы әншілер, кино жұлдыздары туралы көптеп жазады. " Неге біз қазақ уикипедияшылары өзіміздің Қазақстан жұлдыздарын немесе бұрын өмір сүрген ғұламалар, жалпы айтқанда қазақтың атақты тұлғаларын жазбасқа?"  деген ойлар келді.

(Сессияны жүргізген спикер  Krisko-мен бірге)

Екінші сессияда  спикерлер Уикипедияда мақала жазудың ерекшеліктерін түсіндірді. Мысалы, мақалаға дыбыс қоюдың ерекшелігі, авторлық құқұқтар туралы көптеген керек мәліметтер айтылды. Бірақ кейбір қатысушылар оны техникалық сұрақтармен шатыстырып, "мақалаға дыбысты қалай қою керек?" сынды сұрақтарды қойған. Спикер мақалада дыбысты не үшін, не мақсатта қою керек екенін айтты. Ол осы сұрақ жөнінде көптеген мысалдар келтірді. Соның бір мысалы:бақа туралы мақала жазғанда бақа дыбысын салуға болады.

Сессиялардан кейін  тамақтануға бардық. Meetups уақытын пайдаланып, әлемнің әр бұрышынан келген шетелдіктермен таныстық. Оларға Қазақстанды  таныстырып, сол жақтан келгенімізді айттық. Оларға Қазақстан туы бейнеленген сыйлықтарды сыйға тарттық. Олар өздерінің рахметін айтты.

(Ақтөбе және Орал НЗМ оқушылары мен жетекшілері уикипедия қатысушыларымен бірге)

Осылайша конференцияның бірінші күні өтті.

Ақтөбе қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің                оқушысы - Жұмалина Назерке

   

Оцените пост

1