Алғашқы қарсылас – Германия

Kazsport agent 2013 M08 1
117
0
0
0

Сондай-ақ биыл қыздарымыздың әлем чемпионатына жолдама беретін іріктеу додасына да араластыны да белгілі. Жуырда тартылған жеребе бойынша Қазақстан әйелдер құрамасы Қытай, Оңтүстік Корея, Жаңа...


Волейболдан Қазақстан әйелдер құрамасы

Сондай-ақ биыл қыздарымыздың әлем чемпионатына жолдама беретін іріктеу додасына да араластыны да белгілі. Жуырда тартылған жеребе бойынша Қазақстан әйелдер құрамасы Қытай, Оңтүстік Корея, Жаңа Зеландия және Үндістан командаларымен бір топқа түсті.

Волейболдан Қазақстан әйелдер құрамасы 2 тамыз күні Гран-При – 2013 додасы аясындағы алғашқы кездесуін өткізеді.

Қарсыласы – Германия құрамасы. Александр Гутор жаттықтыратын қыздарымыз жуырда Хорватия жерінде дайындықтарын пысықтады. Бас бапкер хорват еліндегі оқу-жаттығу жиыны ойдағыдайөткенін, волейболшы қыздарымыздың айтулы жарысқа жақсы дайындықпен келгенін хабарлады. Оның айтуынша, Хорватияда біздіңқұрама сол елдің екінші ұлттық командасымен бес партиядан тұратын жолдастық кездесу өткізіп, барлығында жеңіске жетіпті.

Командамыздың бетке ұстар ойыншыларының бірі Алена Омельченконың жарақатына байланысты пікірін білдірген бапкер оныңөзге спортшылармен қатар жаттығып жүргенін, бірақ әлі де болса спорттық бабына толық келе қоймағанын айтты. Дегенмен уақыт өте келе Омельченко командамызға көмегін тигізуге тиіс.

 

Германия құрамасының ойын мәнерін жақсы зерттеп үлгергендерін тілге тиек еткен бапкер қарсыластарымыздың өтке күшті екенін алға тартады. Біз өз кезегімізде аталған жарыстың Италия жерінде өтетінін хабарлаймыз. Кейбір мамандардың пікірінше осы сында Қазақстанәйелдер құрамасы тек Аргентина командасн ұтуға қауқарлы. Дегенмен Александр Гутор «әрбір кездесуде жеңіске жетуге тырысамыз» деп отыр.Қыздарымыздың қаншалықты сәтті өнер көрсетеріне уақыт төреші. Жарыстың барысы жайлы өздеріңізді ұдайы хабардар етіп отырамыз.

Сондай-ақ биыл қыздарымыздың әлем чемпионатына жолдама беретін іріктеу додасына да араластыны да белгілі. Жуырда тартылған жеребе бойынша Қазақстан әйелдер құрамасы Қытай, Оңтүстік Корея, Жаңа Зеландия және Үндістан командаларымен бір топқа түсті. Аталған бес құрама 2014 жылы Италия жерінде өтетін әлем біріншілігіне берілер екі жолдамаға талас жүргізеді. Аппенин түбегіне жол тарту үшінқыздарымыз Қытай жеріндегі іріктеуден сүрінбей өтуге тиіс. Әрине ол мақсатқа жету оңайға соқпайды. Топтағы басты фаворит Қытай құрамасы саналады. Бұл елдің волейболшылары өз жерінде өнер көрсететіндіктен,қай тұрғыда болмасын үлкен басымдыққа ие болмақ.

 

Шалқар ЕСТЕН,

«Айқын» газеті

 

Оцените пост

0
Дальше