«Отансүйгіштік тәрбие: дамудың жаңа парадигмалары»

Роллан Құспан 2013 M12 26
552
0
0
0

Қазақстан жастарының Конгресі үстіміздегі жылы республиканың барлық аймақтарында "Ұрпақтар сабақтастығы" жобасын жүзеге асырды. Жобаның басты мақсаты: жастар арасында патриоттық идеяларды анықтап...

Қазақстан жастарының Конгресі үстіміздегі жылы республиканың барлық аймақтарында "Ұрпақтар сабақтастығы" жобасын жүзеге асырды.

Жобаның басты мақсаты:

  • жастар арасында патриоттық идеяларды анықтап, Қазақстанның көп жетістігін насихаттау, мемлекеттілігімізді, Қазақстан жастарының бірлігі мен тұрақтылық, бейбітшілік пен келісім сынды негізгі құндылықтар аясындағы қоғамның ынтымағын нығайтуды насихаттау болып табылады.

Еліміздің барлық аймақтарында, яғни, 14 облыс пен республикалық маңызы бар Астана және Алматы қалаларында:

  • ел ағалары, қоғам қайраткерлері, ЖОО-ның профессорлары, мәдениет және өнер қайраткерлерімен 16 кездесу;
  • үкіметтік емес ұйымдардың, жастар ұйымдарының, ЖОО студенттерінің, белсенді жастардың қатысуымен 10 пікірталас алаыңын;
  • қоғам қайраткерлерінің қатысуымен Көкшетау, Атырау Тараз қалаларында аймақтық дөңгелек үстелдер;
  • Астана, Қарағанды қалаларында семинарлар өткізген болатын.

Аталған шараларды түйіндеп, түрлі ұсыныстар мен пікірлерді пысықтап, "Ұрпақтар сабақтастығы" жобасын қорытындылау мақсатында, 10 желтоқсан күні Қазақстан жастарының Конгресі Қазақ гуманитарлық заң университетінде "Отансүйгіштік тәрбие: дамудың жаңа парадигмалары" атты республикалық конференциясын ұйымдастырып, өткізген болатын.

Конференцияға: жастар ұйымдарының жетекшілері, ЖОО-ның профессорлық-оқытушылық құрамы, қоғам қайраткерлері, студенттер, аталған шараны еліміздің аймақтарында жүзеге асыруға үлес қосқан Қазақстан жастарының Конгресінің аймақтардағы өкілдері қатысты. Конференцияға қатысушылар өз ойларын ортаға салып, қазақстандық патриотизмнің жаңа тетіктерін ұсынды.

P.S. Қазақстандық патриотизм туралы менің жеке пікірім.

Иә, ол рас. Осы күнге дейін қазақстандық патриотизмді - қолға туымызды алып жүгіру, гимнімізді айқайлап тұрып жатқа айту, көліктерге, мотоциклдарға туды ұстап тиеліа алып, көше аралап авто және мото шерулер ұйымдастыру, түрлі форматтағы флешмобтар ұйымдастыру; "Менің елім - Қазақстан!", "Бірлігі жарасқан - Қазақстан!" деп ұрандату деген түсінік болатын. Иә, бұл да қажет.

Алайда, бүгінгі күні 100 ден астам ұлт пен ұлыстарға пана болған, Қазақстан атты отанымызға өз сүйіспеншілігімізді жоғарыда аталып өткен жолдармен білдіруіміз жеткіліксіз екенін уақыт көрсетті. Әрқайсымыз, өз ісімізбен, қызметімізбен, көмегімізбен білдіруіміз қажет суйіспеншілігімізді.

Саралап көрейік:

Мектеп оқушысы. Мектепте берілетін білімді толық алып, өзі сүйіп оқитын пәннен әр түрлі деңгейдегі, тіпті әлем деңгейіндегі олимпиадаларда жеңімпаз атансын. (Ата-ана, ұстаз қуанышы. Еліміздің атын шығарады);

Студент. Қалаған мамандығын ЖОО орнында толық меңгеріп, құр білім алып қоймай, өз ісінің нағыз маманы атанып, ғылыми жаңалық ашып, бәсекеге қабілетті қоғамның белді мүшесі болсын. (Кәсіби маман қоғамға аса қажет);

Кәсіпкер, жалпақ тілмен айтқанда, бизнесмен. Жеке кәсібі дамып, өндірген өнімі, ұсынған қызметі сұранысқа ие болып, елге өз пайдасын берсін. (Әлеуметтік жауапты кәсіпкер, жаңа жұмыс орындарын ұйымдастырушы);

Спортшы саңлақтар. Айтпай ақ көрініп тұр, соңғы жылдары спортшы саңлақтарымыздың жеңістерінің нәтижесінде Гимніміз әлемнің талай төрлерінде шырқалуда. Бірақ, мұнымен тотамақ емеспіз. (Қазақстан аты әлемге әйгілі болады, спортқа қызығушылығы артқан жастарымыз салауатты өмір салтын ұстанып, Бекзат, Бақтияр, Ермахан, Гена, Илья, Александрға еліктеп әлем асуларын талай бағындырады) және т.б.

Менің қысқаша пікірім осындай. Әрі қарай ой қорыту, шешім қабылдау өз еншіңізде оқырман?!

 

Оцените пост

0