Тікелей эфир

Бүгінгі қазақ серісі: Мұрагер Сауранбаев

Попсалық телеарналардағыдай қазақтың «бойдақ сері жігіттерінің» рейтингісі жасалатын болса, бұл жігітті алдыңғы қатарлардан көруші едік. Өйткені өзі өнерпаз, іскер, сымбатты әрі салмақты. Бір сөзбен айтқанда, заманауи қазақ серісі. Өнерімен талай шетел сахналарын дүр сілкіндірген. Мектепті «Алтын белгімен» бітіріп, ҚМЭБИ-де халықаралық медиа менеджменті мамандығы бойынша, Мемлекеттік басқару академиясында саясаттану факультеті бойынша оқып шыққан. Сыртқы істер министрлігінде қызмет атқарып үлгеріп, қазірде Президент жанындағы орталық коммуникациялар қызметінде жұмыс істейді. Сонымен, бүгінгі «Екпіннің» кейіпкері – домбырашы, «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты Мұрагер Сауранбаев.


Мұрагер, сәлем! Өзің жайлы біраз айтып өтсең?

- 1987 жылы 11 шілдеде Жамбыл Облысы Тәтті деген ауылда туылдым. Онда 5-6 жасқа дейін тұрып, кейін Таразда, одан соң Алматыда тұрдым. Қазір Астанада жұмыс істеймін. 6-шы сыныпқа дейін Таразда оқып, жанұялық жағдайға байланысты Алматыға көшіп бардым. Алматыда 128-ші орта мектепте оқып, 9-шы сыныпта музыкаға қабілетім ояна бастағаннан кейін «Көкіл» мектебінің директоры Абдулхамит Райымбергенов шақырып, сол мектепті бітіріп шықтым.

Ал музыкаға, оның ішінде домбыраға деген қызығушылығың қалай оянды?

- Үйде негізі музыкаға жақын адамдар жоқ. Анам - есеп саласының маманы, әкемнің бітірген мамандығы - зоотехник, қазірде жеке кәсіпкер. Музыкаға жақын болмасақ та, үйде әрдайым домбыра ілініп тұратын, бірақ ешкім ойнамайтын. Алғаш сол домбыраны қолға алуыма үлкен мотивация берген адам – Нұрғиса Тілендиев. Теледидардан сол кісінің домбыра тартқанына таңданатынмын. Бір күні қызығып, ойнап көрдім. Сосын анамыз үйдің қасындағы бір музыкалық мектепке берді. Сол кезден бастап кәдімгідей қызығушылық ояна бастады. Ол 7-ші сынып болатын.

Ал екіншіден, домбыраны кәсіби тұрғыда ойнауға итермелеген «Көкіл» мектебінің оқушылары. Оларды да әрдайым концерттерден көріп, «Секіртпе» сияқты күйлерді кішкентай болса да, шебер ойнайтындары мені келесі бір сатыға ілгерілеуге талпындырды. Мен де олардың қатарына қосылып, шетелге шығып өнер көрсетуге құштар болдым. Кейін Алла нәсіп етіп, 9-шы сыныпта сол мектепке түстім. Бұрын теледидардан көріп жүрген балалармен танысып, сыныптас болдым. Ары қарай домбыраның азды-көпті қыр-сырын үйрене бастадым.

Домбыра үйреткен мұғалімдерің жайлы айтып өтсең?

- Біраз жақсы мұғалімдердің қолында болдым, оған шүкір деймін. Ең бірінші мұғалімім – Алматы қаласында Райқұл Молдыбеков. Үлкен кісі, кезінде Құрманғазы оркестрінде ойнаған. Сол кісі ең алғаш домбыра ұстауды, жалпы негізгі техникасын үйретті. Кейін «Көкілдің» ішіндегі Әміре Қашаубаев атындағы музыкалық мектепте Гүлжазира Кембилова мұғалімім болды. Әрине, Абдулхамит ағайдың өзінен біраз дәріс алдым. Соңғы жылдары жоғарғы оқу орнында оқып жүргенде қосымша Айгүл Үлкенбаеваның курстарын алдым. Осындай атақты адамдардан домбыра үйренгенімді өзіме бақыт санаймын.

Сонда домбырада ойнауды әрдайым шынықтырып тұру керек қой?

- Бір ай ойнамай қалсаң, қолың отырып қалады. ҚМЭБИ-ге түскеннен кейін біраз ойнамай қалып едім, байқауларға қатыса алмай қалдым. Солай 2-ші курста домбыраны тағы да шыңдап отыру үшін консерваторияның подкурсына түсіп алдым. Түске дейін университетте, түстен кейін консерваторияда оқып жүрдім. Сол кезде түсінгенім: домбыраны ұзақ тартпай қалсаң, тез ұмытып кетесің.

Өнерпаз болған соң байқауларға көп қатысыпсың, өзіңе үлкен әсер еткен, есіңде ерекше жатталып қалған қандай байқаулар болды?

- Домбыраның арқасында біраз шетелге шықтық. Ең алғашқы байқау 2002 жылы «Көкіл» мектебіне енді барғанда Голливудта дүниежүзілік орындаушылардың чемпионаты болды. Оған бір жыл бұрын «Ұлытау» тобы барып, бас жүлдені жеңіп келген екен. Ал келесі жылы домбырашылардың арасында іріктеу болып, Қазақстан атынан мен бардым. Сол ең бірінші шетелге шыққан іс сапар болғандықтан, маған өте қатты әсер етті. Құрманғазының «Балбырауын» күйін тарттым. Ойнап болғаннан кейін бәрі менің қасыма келіп, сұрап, домбыраны ұстап, үніне қызыға бастады.

Одан кейін есте қалғаны – 2007 жылы Қаратауда өткен Нұрғиса Тілендиев атындағы байқау. Нұрғиса Тілендиев есімін естісем болды, өзіме жақын адамды көргендей боламын. Өзім де солақай болғандықтан, отырыстарға барып домбыра тартсам, бәрі «Нұрғиса Тілендиев сияқты тартады екенсің ғой» дейді. Ол кісінің батасын ала алмасам да, оның күйлерін тарту мен үшін ерекше дүние.

Менің ең қызығатын, үлгі тұтатын тұлғалардың бірі. Ол кісінің жанұясымен танысып, өзінің домбырасын ұстап көргім келетін. Кейін сол кісінің атындағы байқауға қатысып, бас жүлде алғанымда Нұрғиса атамыздың үйіндегі әйелі Дариға апай өзі хабарласты. «Балам, сен Нұрағаңның атындағы байқауда жеңіпсің, жақынырақ танысайық, үйге келіп қайт» деді, сол кезден бастап қазірге дейін өте жақсы араласамыз. Нұрғиса атаның жалғыз тұяғы Динарамен ең жақын доспыз. Үйіне барған сайын Нұрғиса атаның домбырасын тартып отырамын. Ол кісілер қызықты әңгімелерін айтып, көп адамға көрсете бермейтін ноталарын беріп, Нұрғиса атаның ерекше естеліктерімен бөлісіп отырады. Домбыра тартуда да ақыл-кеңес айтады, «Қазіргі домбырашылар былай тартады, ал сен Нұрағаң сияқты былай тарт» деп бағыттап отырады.

Ал өзің күй шығармайсың ба?

- Жоқ, ондай қасиет жоқ. Күй шығару үшін мықты дарын керек. Біз тек орындаушымыз ғой. Менің, мысалы, Нұрсат Бейсеқожаев деген досым бар, ол күй шығаратын. Бізден 1-2 жас үлкен болса да, кезінде концерттерін беріп жататын. Соларға қызығатынмын.

«Эйр Астана» әуе компаниясымен ұшқан сайын сенің орындауыңдағы әсем күйді естиміз, оның авторы кім сонда?

- Ол Жамбылдың Тұраш Әбуов деген композиторы, соғыс ардагерінің күйі. Менің орындауымдағы ол күйді «Эйр Астана» сұрады. Ақысына жыл сайын бір рет кез келген бағытта тегін ұшып-келуіме болады. Алдын ала Лондон бағытын таңдап қойсам да, әлі де оған уақыт жағынан мүмкіндік болмай жатыр.

"Комсомол" ("Арнау") күйінің тарихы: “Кезекті шайқаста Тұраш Әбуов жараланып госпитальға түседі. Оның танкистер взводында әр түрлі жерден жиналған жас желкендер еді. Танкілерінің маңдайында “Лениншіл комсомол” деген жазуы болатын. Ұрыста жастардың бірі қалмай қаза табады. Күйшінің көзінде тек қана “Лениншіл комсомол” деген жазуы бар танкілер, көкірегінде қыршын кеткен құрбыларын аңсаған үлкен шер қалады. Ес-түсінен айрылған күйші домбыраны сабалай береді…”

Астанада тұрып жатқаныңа біраз болыпты. Қала саған несімен ұнайды? Сүйікті орындарың қандай?

- Астанада тұрғаныма 3 жыл болды. Көз алдымда өсіп келе жатыр. 3 жылдың ішінде күнделікті жүретін көшемде жаңа ғимараттар пайда болады. Мен келгендегі кішкентай ағаштар биік болып өсіп келе жатыр. Күн сайын көріп жүргеннен кейін, көз алдыңда бір балаң сияқты, жылы көрінеді.

Астанада жастар, жас отбасылар көп. Соларға қарап қатты қызығамын. Есіл жағалауымен кешкісін серуендеп шықсаң, қол ұстасып коляскамен кетіп бара жатқан бақытты жастарды көресің. Біз де солай жүрсек екен деп армандайсың.

Астанада сүйікті жерлерімнің ішінде қаланың шет жағындағы атқа мінетін жерлер – Ақбозат, Құлагер. У-шудан шаршаған уақытта сол жерге барып, табиғат аясында демалған жақсы. Алматыдағыдай тау жоқ енді (күліп). Бірақ Балқарағай сынды жерлерге барып тұрамыз. Сосын өзен жағалауы өте әдемі. Бос уақытымызда жалға велосипед алып, жағалауды айналып шығамыз. Одан соң айына бір рет түлектердің кездесуін ұйымдастырып отырамыз. Қайырымдылық шаралар, концерттер жасаймыз. Осылайша Астанада ҚМЭБИ бітірген қыз-жігіттердің өзара қауымдастығы пайда бола бастады.

Ал қаланың қандай кемшіліктері бар деп ойлайсың?

- Кез келген таксиге отырсаң, таксистердің айтатын бірінші кемшілігі – сол жағалаудағы көшелер екі ары кетсе үш жолдан ғана тұрады. Ал түс кезінде немесе кешке жақын жұмыстан қайтқанда кәдімгідей кептеліс болады. Әрине, Алматыдағыдай емес, бірақ соны алдын алса, 3-4 жылдан кейін одан да көп көлік тасқынын игеруге болушы еді. Менің ойымша, сол жолдар кішкене кеңірек болса.

Одан соң, ең алғаш келгенде таң қалған жайымыз – лифтілерді карточкамен ғана қолдануы. Мүмкін оның да дұрыс жағы бар шығар. Алғаш келгенде ауа-райына да үйренісе алмай жүрдік. Министрлікте жұмыс істегенде, күн сайын шашыңды дұрыс қойып сай жүруің керек. Сол себепті шашымды құртып алмайын деп күздің қара суығында бас киімсіз жүретінмін. Бірақ қысқа жақындаған сайын ол ойымнан тез қайттым. Астана қысы, әрине, қатал.

Жастармен көп жұмыс істедің, сенің ойыңша, қазіргі қазақ жастары қандай?

- Жалпы кемшіліктен гөрі мен олардың артықшылықтарын көп байқаймын. Мүмкін ортам сондай болғаннан шығар. Мысалы, «Болашақ» бойынша оқып келген қаншама көзі ашық, үлгі аларлық жолдастарым бар. Мен де 2007 жылы Гонконг қаласында студенттік алмасу бағдарламасымен жарты жыл оқып келген болатынмын. Сол кезде байқағаным, қазақ студенттерінің білімге деген құштарлығы, пысықтығы бар. Меніңше, қазіргі біздің ортамыз өте тез дамып келе жатыр. Кейде көштен қалып бара жатырмын ба деп те қорқамын. Қатарластарыма қарасам, біреуі еркін төрт тілде сөйлейді, енді біреуі компьютердің қыр-сырын біліп алған, тағы біреуі менің жасымда үлкен бір ауданның әкімі болып отыр.

Бұрын, мысалы, домбыра үйірмесіне футлярыңды арқалап кетіп бара жатсаң, бір түрлі қарайтын еді. Ол ескілік, ауылдан келген бала ма дейтін. Бірақ қазір домбыра десе, керісінше жастардың рухтары көтеріліп, қолғабыс беріп отыратын болды. Телефондарына жазып алып, мына күйді үйретші деп қасыма келіп жатады. Оған қуанбасқа болмайды.

Жаныңа жақын күйлер бар ма?

- Әр күйдің өз ерекшеліктері болады. Домбыраны енді үйреніп жатқан кезіңде, қызуқанды боласың, жылдам, төкпе күйлерді үйренгің келеді. Қуанып келгенде, «Адай» сынды бір күйді шырқатып жіберсең, одан сайын күшің тасып кететін сияқты. Алайда кейіннен бірте-бірте шертпе күйлерге, асықпай ойналатын күйлерге бой бере бастайсың. Тәттімбеттің күйлерін, лирикаға толы күйлерді ұната бастадым. Мүмкін жас келген сайын ол күйлердің өзінде де терең ой жатқандығын түсіне бастаған шығармын. Қазірде жұмыс кезінде ұрыс-керістер, эмоцияңа әсер ететін жағымсыз дүниелер болып қалады, сол кезде жұмыстан келіп үйде шертпе күй тартқанда, басқаша әсер етеді. Сондықтан төкпе күй де, шертпе күй де ерекше болады.

Домбыраны қанша уақытта үйренуге болады? Оған да арнайы қабілетің болу керек пе?

- Меніңше, әрбір қазаққа жасына қарамастан, 40-50-ге келсе де домбыра үйренгені кеш емес. Әр қазақ баласына домбыра тартып, ары қарай алып кетуі оңайырақ. Өйткені ол қанында бар нәрсе. Кішкентайынан радио, тойларда домбыра даусын естиді. Ең бастысы, ынта болса 1-2 айдың ішінде үйреніп алуға болады. Мен өзім қолына ешқашан домбыра ұстамаған үлкен кісілердің таза ынтасымен 2-3 айдың ішінде ұнап қалған күйлерін тартып отырғанына көзайым болдым.

Cұхбаттасқан: Айжан Кәрібаева

Алия Arsik
22 шілде 2013, 13:08
9498

Загрузка...
Loading...

Пікірлер

Жақсы сұхбат! Жақсы кейіпкер! Ең бастысы, тақырып дөп таңдалған)
Керемет сухбат,Мурагерди бар кырынан танытыпсын)))
Магыналы сухбат болыпты!))))
Бұл сұхбатқа дәл Индирадай ешкім қуанбаған шығар...

Пікір қалдырыңыз

Спасибо за открытие блога в Yvision.kz! Чтобы убедиться в отсутствии спама, все комментарии новых пользователей проходят премодерацию. Соблюдение правил нашей блог-платформы ускорит ваш переход в категорию надежных пользователей, не нуждающихся в премодерации. Обязательно прочтите наши правила по указанной ссылке: Правила

Сондай-ақ Ctrl+Enter басуға болады

Танымал жазбалар

Мой дом – не гостиница. Я не останавливаюсь у своей родни, потому что знаю, что это такое

Мой дом – не гостиница. Я не останавливаюсь у своей родни, потому что знаю, что это такое

Наступил долгожданный момент и мы смогли заселиться в собственную квартиру. А потом началось... Все знакомые, родственники, даже коллеги и соседи родителей вспомнили о нашем существовании.
Idealovnet
14 окт. 2017 / 20:38
  • 8425
  • 78
Работа на EXPO. «Улыбайтесь, вы – лица Казахстана»

Работа на EXPO. «Улыбайтесь, вы – лица Казахстана»

Продление перерывов, втыки от менеджеров, борьба за стенды, кучкования, как мы друг-друга прикрывали, защищали от гостей. Все эти события доставляли радость, и каждый день на работу я приходила...
madiNAtty
14 окт. 2017 / 22:34
  • 5843
  • 22
«Bank RBK» банкрот? Почему мы не можем распоряжаться собственными же деньгами?!

«Bank RBK» банкрот? Почему мы не можем распоряжаться собственными же деньгами?!

Мы не можем выдать зарплату, оплатить по счетам или как-то иначе распорядиться нашими же деньгами! У физ.лиц, насколько мне известно, ситуация не лучше - при нас люди не могли снять свои деньги с депозитов.
daniyar4422017
13 окт. 2017 / 15:46
  • 3274
  • 12
«Что дали задом?» Родительский чат в WhatsApp покорил Интернет

«Что дали задом?» Родительский чат в WhatsApp покорил Интернет

Чат дагестанских родителей в WhatsApp стал популярным в Интернете. Кто-то записал общение родителей в мессенджере и после опубликовал в Твиттере.
tala03
12 окт. 2017 / 15:10
  • 3270
  • 12
Я четко помню тот день, когда мне позвонили друзья и сообщили: «Она выходит замуж»

Я четко помню тот день, когда мне позвонили друзья и сообщили: «Она выходит замуж»

У нас была особенная атмосфера, мы постоянно были вместе, читали треки, летом часто поднимались в горы. Гуляли пешком по ночному городу, иногда до утра. Снимали хату и представляли совместную жизнь...
Dominator-kz
14 окт. 2017 / 22:29
Актогайский горно-обогатительный комплекс – брат-близнец Бозшаколя

Актогайский горно-обогатительный комплекс – брат-близнец Бозшаколя

Рядом с посёлком Актогай в ВКО расположено одно из крупнейших в мире неосвоенных медных месторождений. В октябре Актогайская обогатительная фабрика вышла на проектную мощность.
theYakov
12 окт. 2017 / 10:47
  • 3175
  • 23
Отчего в Казахстане предвзятое отношение к отечественному продукту?

Отчего в Казахстане предвзятое отношение к отечественному продукту?

Вы когда-нибудь пользовались казахстанской косметикой? Я тоже нет, поэтому сразу же откликнулась на приглашение своего фейсбук-френда протестировать отечественные крема… из Степногорска.
Shimanskaya
16 окт. 2017 / 11:32
  • 2480
  • 29
Когда почти все уехали в «А-города», стоит ли жить в Шымкенте?

Когда почти все уехали в «А-города», стоит ли жить в Шымкенте?

Город имеет особую ауру - очень густая энергетика, думаю, это от того, что он со всех сторон окружен "местами силы". Шымкент напоминает мне старенького доброго мудрого дедушку-аксакала.
Bonittta
13 окт. 2017 / 15:15
«На пути к успеху всей семьей»: как супруга Кайрата Нуртаса наконец вышла в свет

«На пути к успеху всей семьей»: как супруга Кайрата Нуртаса наконец вышла в свет

Зачастую казахские селебрити выходя в свет, привлекают внимание и обьективы камер только к своей персоне, оставляя свои вторые половинки в тени неизвестности.
gulshat87
13 окт. 2017 / 17:56
  • 1877
  • 6