Луис Энрике «Барселонаның» бас бапкері болуы мүмкін

Kazsport agent July 21, 2013
177
0
0
0

АСТАНА. 21 шiлде 2013, 15:00. BNews.kz Испандық маман Луис Энрике «Барселонаның» бас бапкері қызметіне басты кандидат атанып отыр, деп хабарлайды Sport.es. 2013 жылдың маусымында испандық...

АСТАНА. 21 шiлде 2013, 15:00. BNews.kz

Испандық маман Луис Энрике «Барселонаның» бас бапкері қызметіне басты кандидат атанып отыр, деп хабарлайды Sport.es.

2013 жылдың маусымында испандық «Сельтаға» басшылық етуге келген 43-жастағы Энрике клубпен екі жылға келісімшарт жасасқан еді. Енді каталондықтар Энрикені шақырту үшін «Сельтаға» үш миллион еуро көлемінде өтемақы төлеуі тиіс.

Атап өту керек, 2008-2011 жылдары Энрике «Барселона» жастар командасына, кейіннен италияндық «Ромаға» басшылық жасады.

Сонымен қатар, бұл орынға үміткерлер қатарында Андре Виллаш-Боаш («Тоттенхэм»), Микаэль Лаудруп («Суонси»), Роналд Куман («Фейеноорд») және Эрнесто Вальверде («Атлетик») бар.

Естеріңізге салайық, «Барселонаның» бұрынғы бас жаттықтырушысы 44-жастағы Тито Виланова денсаулығының нашарлауына байланысты қызметінен кеткен болатын.

 

Оцените пост

0