место в рейтинге
  • 764213
  • 45
  • 7
Нравится блог?
Подписывайтесь!

Оливер Кан: «Футболды дамыту үшін сіздерге әлі көп жұмыс істеу керек»

Елордада «Астана» президенттік кәсіби спорт клубының» Тұсаукесері өтті. Осы жиынға арнайы шақырылғанқонақтардың арасында әлем футболының жарық жұлдызы, Германия құрамасы мен «Бавария» клубының экс-қақпашысы Оливер Кан да болды.

 

Жылнама:

**** Оливер Рольф Канн 1969 жылы 15 маусымда Карлсруэ қаласында дүниеге келген. Германия құрамасы мен «Бавария», «Карлсруэ» командаларында өнер көрсеткен.

**** Әлемнің үш рет үздік қақпашысы атанған: 1999, 2001, 2002 жылдары;

**** Еуропаның төрт рет үздік қақпашысы атанған: 1999, 2000, 2001, 2002 жылдары;

**** Германияның екі рет үздік ойыншысы атанған: 2000, 2001 жылдары;

****Неміс Бундеслигасының алты дүркін үздік қақпашысы: 1994, 1997, 1998, 1999, 2001, 2002 жылдары;

**** Корея мен Жапонияда өткен 2002 жылғы әлем чемпионатының үздікойыншысы әрі үздік қақпашысы;

**** XX ғасырдың соңы мен XXI ғасырдың басындағы әлемнің ең үздікқақпашыларының бірі.

– Оливер мырза, Осында келемес бұрын «Астана» жайлы не естідіңіз?

– «Астана» президенттік кәсіби спорт клубы» маған жақсы таныс. ОғанҚазақстандағы қарқынды дамыған спорт клубтары кіреді. Өзім футболшы болғандықтан футболды жақсы ажыратамын. Сондай-ақ, сіздердіңатақты велошабандоздарыңыз Александр Винокуровты жақсы танимын. Бір арнайы ұйымдастырылған жолдастық кездесуде Сашаға қарсы өнер көрсеткен болатынмын. Винокуров керемет жігіт, онымен кездесіп, дидарласу бір бақыт!

Қазір сіз телекомментатор болып қызмет атқарып жүрсіз, жаңа жұмысыңыз қалай?

– 2008 жылы футболдағы карьерамды аяқтаған соң, әріптестерім сияқты бапкер боламын деп ойлаған едім. Бірақ кейіннен, білім алуды жөн санадым. Арада біраз уақыт өтті, бір күні маған телекомментатор болуғаұсыныс түсті. Мен өз келісімімді бердім. Қазіргі кезде осы жұмысыма көңілім толады.

– Соңғы чемпиондар лигасының финалында қос неміс командасы кездесті. Бұл Германия футболының әлемдегі мықтылығының көрінісі ме?

– Футболда экономиканың деңгейі бас­ты рөл атқарады. Қазіргі кезде Бундеслига Еуропадағы ең тиімді қаржылылық жоспар болып табылады. Соның айғағы Германияға әлемнің жоғары деңгейлі футболшылары көптеп келуде. Бұл неміс футболының ілгері дамуына өз ықпалын тигізеді. Біздің елде өткен 2006 жылғы әлем чемпионатынан соң, инфрақұрлым жаңа деңгейге көтерілді. Бүгінгі күні неміс Бундеслигасынан Марко Ройс, Марио Гетце сияқты жұлдыздарды көре аласыздар. Сондықтан да Бундеслиганы әлемдегі ең үздік лигалардыңбірі деуге болады.  

– Осыдан шамалы уақыт бұрын 2014 жылы өтетін әлем чемпионатының іріктеу аясында Германия – Қазақстанқұрамалары екі рет кездесті. Осы кездесуді тамашалаған болсаңыз футбол маманы ретінде айтыңызшы, біздің ұлттық құрамаға қандай өзгеріс қажет?

Қазақстанда қазір 17 млн халық тұрса, Голландияда 8 млн ғана адамөмір сүреді. Байқағандарыңыздай футболда сан үнемі жоғары сапаны көрсете бермейді. Футболды дамыту үшін сіздерге көп жұмыс істеу керек.Әсіресе, инфрақұрылымды жақсарту, жас талантты футболшылардықолдау, оларға көмек көрсету қажет. Сонымен қатар, мықты бапкерлерді оқытып, даярлау керек.

Қос құрама арасындағы кездесуден қандай әсер алдыңыз?

– Германия құрамасы Астанада 3:0, Нюрн­бергте 4:1 есебімен жеңіске жетті. Қазақтарға меніңше сәттілік жолдас болған тәрізді. Әйтпесе, өзге елдің құрамалары «неміс машинасынан» ірі есеппен ұтылып жатыр.Әйткенмен Қазақстанның өз алдына қойған үлкен мақсаты бар. Сол мақсат жолында көп жұмыс атқару қажет.

– Сізге Қазақстан футбол федерациясы тарапынан бір жоғары лауазымды қызмет ұсынса, қалай қабылдар едіңіз?

Әрине, шетелдік мамандарды шақыртып қана қоймай, олардың білімі мен тәжірибесін оңтайлы падалану қажет. Сол кезде ғана мұндай үрдістің қандай да бір нәтижесі болмақ.

Қазіргі кездегі әлемде ең үздік қақпашы кім?

–  Мануэль Нойер! Менің ойымша ол әлемдегі ең үздік қақпашы. Осы жылы «Баварияның» сапында үш бірдей үлкен кубокты ұтып алды. Команданың толағай табысына Нойердің қосқан үлесі ұшан теңіз.

– Ал ойыншылардан кімді атар едіңіз?

– Неміс Бундеслигасындағы Франк Рибериді айтса болады.

 

– Германияның әдемі әрі қызықты футбол ойынын көрсеткенімен, соңғы жылдары әлем не Еуропа чемпионы бола алар емес. Мұны қандай себеппен байланыстыруға болады?

– Меніңше, біздің құрамаға сәл ғана сәттілік жетіспейтін секілді. Соңғы жылдары әлем, Еуропа чемпионаттарында Германияның жолын кесіп жүрген Испания құрамасы. Дегенмен, әлем чемпионы атанатын күн алыс емес деп ойлаймын.

– Сіздің футболдағы карьераңызда бірнеше рет ойынға көңіліңіз толмай төрешілермен дау­ласу, жанкүйерлермен келіспей қалу, қызыл қағаз алу сияқты оқиғалар көптеп кездесті. Қазір сол қылықтарыңызға ұялмайсыз ба?

– Осы жағдайды түсіндіре кетейін, мен футболда 600-ден астам кездесугеқатыстым. Тек соның бесеуінде ғана осындай келеңсіз жағдай орын алды.Әрине, қазір мен басқа адаммын. Бірақ, барлық ойын есімде. Сондықтан ол кезеңдерді ұмыту мүмкін емес. Бұл тек менің мінезім деп ойлаймын. Себебі, мен футболға бар күшімді, жігерімді, өмірімді арнаған жанмын.

– Егер осыдан алты жыл бұрын дағыстандық «Анжи» клубы мол қаржы ұсынып, өз қатарларына шақырса, келісер ме едіңіз?

– Мен «Бавария» сапында бірнеше жыл тер төктім. Осындай тамаша команданы ақша үшін өзге клубқа ешқашан ауыстырмас едім.

Бек ТӨЛЕУОВ, «Sport»

 
Kazsport agent kazsportagent
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ СПОРТ ЖӘНЕ ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ ІСТЕРІ АГЕНТТІГІ
16 июля 2013, 10:44
302

Загрузка...
Loading...

Комментарии

Оставьте свой комментарий

Спасибо за открытие блога в Yvision.kz! Чтобы убедиться в отсутствии спама, все комментарии новых пользователей проходят премодерацию. Соблюдение правил нашей блог-платформы ускорит ваш переход в категорию надежных пользователей, не нуждающихся в премодерации. Обязательно прочтите наши правила по указанной ссылке: Правила

Также можно нажать Ctrl+Enter

Популярные посты

«Это будут твои большие похороны». Гуф высказался о Скриптоните и Басте

«Это будут твои большие похороны». Гуф высказался о Скриптоните и Басте

Досталось и Скриптониту, который ранее опубликовал запись, о том, что больше не будет сниматься в клипе Гуфа и Тимати. "Я тебя ни о чем больше не попрошу, казах ты мой дорогой" - высказался рэпер.
tala03
вчера / 15:48
  • 2869
  • 10
Почему депутат Божко хочет ограничить приток сельской молодёжи в города?

Почему депутат Божко хочет ограничить приток сельской молодёжи в города?

Вице-спикер Мажилиса Владимир Божко остановился на некоторых деталях известного конфликта в Астане возле строящегося «Абу Даби Плаза», затронув проблему «многочисленной сельской молодёжи»...
openqazaqstan
19 сент. 2017 / 13:16
  • 2518
  • 64
«Моя депрессия длилась больше двух лет». История о том, как я была готова сдаться

«Моя депрессия длилась больше двух лет». История о том, как я была готова сдаться

По данным статистики 2017 года Казахстан занимает 4 место по самоубийствам. Говорить об этом - социальное табу. Мы игнорируем разговоры о депрессиях. Потому что нам страшно.
goribaldi
18 сент. 2017 / 15:45
  • 2451
  • 81
«Папина принцесса» или «обезьяна с гранатой»? Случай в бассейне

«Папина принцесса» или «обезьяна с гранатой»? Случай в бассейне

Мужчины спокойно подчиняются логичным правилам, большинство женщин пытаются выторговать себе особые условия. Я убеждалась в этом много раз.
ValentinaVladimirska
18 сент. 2017 / 14:25
  • 1976
  • 34
Лайфхаки для путешественников. Как я не заплатила ни цента за проживание в Испании

Лайфхаки для путешественников. Как я не заплатила ни цента за проживание в Испании

Бесплатное проживание и завтрак в Испании, как прокачать иностранный язык и где поймать бесплатные ништяки в Европе. Если вы backpacker, который пересекает границу разных стран каждую неделю -...
dianaobyrne
18 сент. 2017 / 12:16
  • 2487
  • 1
Бой Головкина и Альвареса завершился ничьей

Бой Головкина и Альвареса завершился ничьей

Канело согласен на реванш, что неудивительно, Гена тоже "за". Все это было немного ожидаемо - эксперты отмечали, что промоутеры надавят на поединок, и захотят растянуть его на трилогию.
Trequartista
17 сент. 2017 / 0:15
  • 2301
  • 17
Мой опыт вегетарианства: «Я ела овощи, и сама стала как овощ»

Мой опыт вегетарианства: «Я ела овощи, и сама стала как овощ»

Три года назад начитавшись-наслушавшись кое-каких знаменитых людей, я решила завязать  с абсолютно любым мясом. Как же возмущались все мои близкие, это надо было видеть, но я была непреклонна.
Bonittta
18 сент. 2017 / 14:33
  • 1820
  • 30
Юрист, пришедший в школу учителем по зову души, о главной проблеме системы образования

Юрист, пришедший в школу учителем по зову души, о главной проблеме системы образования

Алматинский учитель поставил диагноз системе, частью которой является образование. Будучи успешным юристом, имевший степень МВА, он вдруг развернул траекторию своей карьеры, став обычным школьным...
Zhumanova
сегодня / 16:26
  • 1452
  • 2
Путешественник был шокирован полицейским беспределом в Казахстане

Путешественник был шокирован полицейским беспределом в Казахстане

Полицейский беспредел в Казахстане осудил российский блогер и путешественник Евгений Золотухин. На своей странице он рассказал, как встретился с казахстанскими полицейскими, и как они оставили не...
tala03
18 сент. 2017 / 16:58
  • 1586
  • 13