28 маусымда ҚР қоршаған ортаны қорғау министрлігі балық шаруашылығы комитетінің Жайық-Атырау бекіре балық өсіру зауытының мамандары 2,3 млн. дана мөлшерінде қортпа, бекіре және шоқыр балықтарының биылғы жас шабақтарын табиғи мекендеу ортасы – Жайық өзеніне жіберді.