Қазақстан Қорғаныс министрлігінде қазақстан-беларусь әскери-техникалық ынтымақтастығы талқыланды

МО РК June 9, 2013
255
0
0
0

Қазақстан Қорғаныс министрлігінде Қазақстан мен Беларусь арасындағы әскери-техникалық ынтымақтастық мәселелері талқыланды. Астанада Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің орынбасары Сергей...

Қазақстан Қорғаныс министрлігінде Қазақстан мен Беларусь арасындағы әскери-техникалық ынтымақтастық мәселелері талқыланды. Астанада Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің орынбасары Сергей Громовтың Беларусь Республикасы Мемлекеттік әскери-өнеркәсіп комитетінің төрағасы Сергей Гурулевпен кездесуі өтті.

Кездесуге Қорғаныс министрлігі Әскери-техникалық саясат департаментінің мамандары мен Беларусь қорғаныс-өнеркәсіп кешені кәсіпорындарының басшылары қатысты.
Кездесу барысында екі мемлекет арасындағы әскери-техникалық ынтымақтастық сұрақтары, сондай-ақ Кедендік Одақ пен Евразия экономикалық кеңістігіндегі оның даму қызметінің келешегі талқыланды.
Тараптар ағымдағы жылы қыркүйек айында әскери-техникалық ынтымақтастық жөнінде Астана қаласында өткізуді жоспарлаған қазақстан-белорусь арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастық бойынша Шағын комиссия отырысының күн тәртібін талқылады.
Әңгіме барысында екіжақты байланыстың өзара тиімділігі мен жаңа жобалар бойынша бірлесіп жұмыс істеуге мүмкіндіктердің бар екендігі аталып өтті.
ҚР ҚМ Баспасөз қызметі

Оцените пост

0