Тікелей эфир

«Ғасырдан да ұзақ күн» астаналық сахнада

Өзіміздің кең-байтақ жерімізде о дүниеге аттанған адамды жерлейтін бір уыс топырақ қалмағаны ма? Ата-бабадан ғасырлар бойы келе жатқан салт-сананың лайлануына кімдер кінәлі, мәңгүрттіктің індетіне шалынған ұрпақтың ертеңгі өмірі не болмақ?

Әр кез бұл спектакльді көрген соң осындай сұрақтарға жауап іздеп, бей-маза күйге түсемін. Сөз етіп отырғаным Қалибек Қуанышбаев атындағы академиялық драма театрының репертуарынан орын алған Шыңғыс Айтматовтың «Ғасырдан да ұзақ күн» шығармасы. Қоюшы режиссері — КСРО Халық артисі, Қазақстанның Халық Қаһарманы, Мемлекеттік сыйлықтың иегері, марқұм Әзірбайжан Мәмбетов. Аталмыш театрда премьерасы 2003 жылы өтті, содан бері сахнадан түспей келе жатқан туынды (алғаш рет Е.Вахтангов атындағы Мәскеу театрында сахналанды, Едігені — М.Ульянов, Сәбитжанды — А.Семаков кескіндеді).

Айтар ойы мардымды, тәлім-тәрбиелік мәні зор. Еліне, жеріне деген сүйіспеншілік, адамгершілік, ұлттық болмысты сақтап қалу, түп-тамырымызды, әдет-ғұрпымызды келешекке насихаттау сынды маңызды мәселелерді қозғайды. Режиссер бұл спектакльге өзіндік ерекшелік енгізгенін айта кеткен жөн. Ол уақытты үш шақта қарастырған. Басты кейіпкер — өмір теңізінде көрген-білгенінің барлығын бізге баяндау арқылы көрермендермен байланыс ұстап тұрушы. Найман-Ана образы өткен күннің елесі, Кеңестік кезең ортаңғы мезетті, ал Едігенің мұң шағуы болашақты меңзейтіндей.

Дінсіз, ділсіз ұрпақ бар байлығынан, көнелерден келе жатқан мирасынан айырылып бара жатыр. Олардың осыншалық қатыгез, намыссыз, жігерсіз болуының себебін көрсетілім барысында іздемек боламыз. Бірде жуан-жуандарды кінәлап, енді бірде қылышынан қан тамған Сталинге кінә артамыз. Орыс езгісінің әсері бүгінгі тәуелсіз жастардан неге әлі де көрініс табады екен? Туған тілінде сөйлеуге арланатын «мәңгүрттік орта» қашанға дейін сайран салмағы белгісіз.

Спектакль бұрынғы майдангер, қазір қарапайым теміржолшы Едігенің өмірде көрген-білгендерін баяндаудан тұрады. 44 жыл бойы теміржолда аянбай еңбек еткен, қартайғанда балаларының қамқорлығынсыз қалып, жалғыздықта көз жұмған досы Қазанғапты жерлемек. Досына берген аманатты орындау кезінде Едіге талай дүниені ой елегінен өткізеді. Осы сапарға біз де бірге барамыз. Шымылдық ашыла салысымен сахна суретшісі — Дәулет Доспаевтың еңбегі назарымызды бұрады. Поезд, темір жол, бағдаршам көрінісі көрерменнің қойылымға енуіне өз септігін тигізетіні анық. Техникалық топ жарық берумен, будақтатып түтін шығарумен, музыкамен сүйемелдеуде жақсы жұмыс жасағаны байқалады.

Актерлердің ойын ерекшілігіне тоқтап өтетін болсам, Едігені кейіптеуші Болат Ыбыраев өзіме ұнады. Актердің образға енгені, кейіпкерін зерттегені, ізденісі ойын барысында көрініп-ақ тұрды. Шынымен жақсылықтан күдерін, жастардан үмітін үзгені сезілді. Болып жатқан келеңсіздіктер, досын жерлемек болғанда жолында кезіккен кедергілер оның жанын жегідей жейді. Ызаланып, тулап көпшілікке мұңын шағады. Өмірдің таяғы, тағдырдың талқысы көп болса-дағы адамгершілігінен арылмаған азамат екенін, антына беріктігін дәлелдейді.

Қоршаған адамдарының арасындағы қатыгездікке налып, монолог оқитын жері өте әсерлі әрі шынайы. «Тіпті Құдайдың өзі болып жатқан сұмдықты көріп, адамдардан алшақтады, енді бізде құдай жоқ» — деп жан ұшыра айқайлап, балаша еңкілдеп жылағаны Болат Ыбыраевтың шеберлігін, шынайылығын аңғартса керек. Өкінішке қарай, барлық актер өз образын танып-білмеген. Айзаданы бейнелеген Гүлбаршын Қылышбай жасандылыққа жол берді, Найман-Ананы ойнаған Айман Аймағамбет те сол қателікке ұрынды деген әсерде қалдым. Зардың, егілудің орнына бос айқай басым болғаны байқалды.

Көрерменді елітіп, ұсқынсыз болып, шынайы ойынымен тәнті еткен Сәбитжанды бейнелеген Жанқалдыбек Төленбаев. Спектакльде ол нағыз мәңгүрттіктің символы. Жалғыз әкесінің қазасы да оның тас боп қатып қалған жүрегін жібіте алмады. Мейірім-шапағаттан кенде бейшара өзінің болмысын жоғалтқан. Өзінің кім екенін де түсіне білмейді. Қарын үшін барын беретін, ардан жұрдай — мәңгүрт.

«Ғасырдан да ұзақ күн» деп аталатын бұл спектакль есті адамға әсер етері сөзсіз. Алайда бүгінгі күні де арамызда ондай жастар лек-легімен жүргені жасырын емес. Оған дәлел менің жаныма жайғасқан қайсібір қазақтың жас жеткіншектерінің: «түк те түсінбедік, қойылым өзі не туралы» — деп спектакльге дұрыс баға бермеуі. Ал, шынына келсек, «Мәңгүрттік» туралы туындыны тек мәңгүрттер ғана түсіне алмас деп білемін...

Ләмбек Гүлназ

Қазақ Ұлттық Өнер Университетінің

2 курс студенті,

Астана қ.

Алия Arsik
30 мамыр 2013, 16:11
4567

Загрузка...
Loading...

Пікірлер

akma81
0
0
Болат Ыбыраев әрине ерекше актёр. Наурыз айында премьераны көрдім.

Пікір қалдырыңыз

Спасибо за открытие блога в Yvision.kz! Чтобы убедиться в отсутствии спама, все комментарии новых пользователей проходят премодерацию. Соблюдение правил нашей блог-платформы ускорит ваш переход в категорию надежных пользователей, не нуждающихся в премодерации. Обязательно прочтите наши правила по указанной ссылке: Правила

Сондай-ақ Ctrl+Enter басуға болады

Танымал жазбалар

Маргулан Сейсембаев: Об идеальных учителях, финской модели обучения и дисциплине

Маргулан Сейсембаев: Об идеальных учителях, финской модели обучения и дисциплине

Крупнейшая частная школа осознала, что внедрять финскую модель в чистом виде в Казахстане, не имеет смысла. Нельзя давать детям свободу без "идеальных" учителей.
Zhumanova
вчера / 8:18
  • 5824
  • 8
О проститутках, ЗППП и других сексуальных страстях

О проститутках, ЗППП и других сексуальных страстях

У меня обширный сексуальный опыт, и я этим не хвастаюсь. Будь у меня возможность, променял бы это всё на одного партнёра. Но так как с личной жизнью не заладилось, а секс я очень люблю, то приходилось изворачиваться.
bez_prav
18 окт. 2017 / 18:01
Мой парень – «тиран». Почему я вступила в такие отношения?

Мой парень – «тиран». Почему я вступила в такие отношения?

История из моей жизни. Я вспоминаю эти отношения и сама не могу понять - как так произошло? А дело в том, что вы и сами не заметите. Это наступает плавно и динамично.
Altynai_JA
18 окт. 2017 / 14:17
Льготное кредитование для молодежи Алматы. Не хоромы, но для начала неплохо

Льготное кредитование для молодежи Алматы. Не хоромы, но для начала неплохо

Если вам нет 35 лет и у вас нет своего жилья, то есть интересная гос.программа. Нишевая программа - молодые семьи Алматы до 35 лет, семья - это как минимум 2 супруга без детей.
DanaJarlygapova
19 окт. 2017 / 16:21
Доверяют ли граждане Казахстана полицейским? Социальный опрос

Доверяют ли граждане Казахстана полицейским? Социальный опрос

Борьба с оборотнями в погонах идёт не один год, но без особого эффекта. Это даёт повод подробнее поговорить о нашей полиции и её проблемах. Как относятся к полицейским казахстанцы?
voiceQZ
20 окт. 2017 / 18:42
  • 2711
  • 41
Как и где найти дешевые авиабилеты?

Как и где найти дешевые авиабилеты?

Дешевые авиабилеты и не только. Какими сайтами воспользоваться лучше всего? Байки о том, что чем раньше вы покупаете билет, тем дешевле, не всегда верны и точны.
dianaobyrne
вчера / 9:25
  • 2570
  • 15
Сказ об офисных планктонах. А какой работник ты?

Сказ об офисных планктонах. А какой работник ты?

Я проработала во многих компаниях и повстречала очень много разных интересных людей. Исходя из моих наблюдений, могу описать несколько категорий работников. Может, речь пойдет о ком-то из вас…
Altynai_JA
18 окт. 2017 / 17:51
  • 2088
  • 20
«Автобусная неделя». Выдержит ли аким Шымкента давку в общественном транспорте?

«Автобусная неделя». Выдержит ли аким Шымкента давку в общественном транспорте?

Аким Шымкента Габидулла Абдрахимов нашёл решение накопившихся проблем городского транспорта. Все ключевые работники акимата некоторое время будут сами ездить на автобусах.
openqazaqstan
18 окт. 2017 / 10:53
  • 2010
  • 36
Аркадий Волож привел в Казахстан «Яндекс.Лицей». Плакать или радоваться?

Аркадий Волож привел в Казахстан «Яндекс.Лицей». Плакать или радоваться?

"Яндекс.Лицей" зашел в казахстанские школы. План - учить бесплатно программированию, формировать себе кадры и выйти на мощность 10 тысяч школьников в год.
Zhumanova
18 окт. 2017 / 8:36
  • 1834
  • 17