«Қазақтелеком»-нан тамаша жаңалықтар! Жазғы бостандық –Megaline-дағы жаз бойы таусылмайтын тарифтер!

Ваш Казахтелеком May 22, 2013
2600
3
0
0

«Қазақтелеком»-ның жақсы жаңалықтары жалғасуда! Жақында біз «Турбо-трафик» қызметін енгіздік, бұл Megaline Start абоненттері үшін айырықша қызықты болмақ. Енді кезекті тосынсыйымызды жариялаймыз. ...

«Қазақтелеком»-ның жақсы жаңалықтары жалғасуда! Жақында біз «Турбо-трафик» қызметін енгіздік, бұл Megaline Start абоненттері үшін айырықша қызықты болмақ. Енді кезекті тосынсыйымызды жариялаймыз.  Megaline ала жаздай абсолютті анлиммен рахаттануды ұсынады!

Жаз – каникулдың, демалыстың және… жаңа ақпараттың уақыты.  Демалыс кезінде біз жаңа технологияларды қолдана отырып достарымызбен, жақындарымызбен көбірек хабарласамыз, интернетте көп уақытымызды өткізіп, саяхаттар жайлы ақпараттарды оқимыз, фильмдерді тамашалап, музыканың,  кітаптардың, компьютерлік ойындардың қызығына батамыз...

Осы уақытта байланыста болғанға, желіде болғанға және өте жоғары жылдамдықта болғанға не жетсін! Таусылмайтын трафикке тап болып, шектеу дегеннің не екенін ұмытса ғой…  Барлық қызықты фильмдерді түгендеп көріп, сүйікті топтарымыздың альбомдарын тыңдап, «тежеуішсіз» сапалы онлайн-ойындарды ойнай отырып, айдың соңына дейін қанша трафик қалды екен деп бас қатырмаса ғой, шіркін!

Міне, сондықтан да біз өзіміздің абоненттерімізге сыйлық жасауды жөн көрдік!

2013 жылдың  1 маусымынан 31 тамызға дейін біз Megaline Optima, Megaline Hit және Megaline Turbo абоненттері үшін барлық трафиктік шектеулерді алып тастаймыз!

Шектеусіз гигабайт ақпараттардан рахат алыңыздар, демалыңыздар, көңіл көтеріңіздер, өмірдегі жаңаның бәрінен хабардар болыңыздар!

Megaline – жаз бойғы толық бостандық, жаз бойғы толық анлим!

Жалғасы бар…

 

Оцените пост

0