Тікелей эфир

Домбыра party: «Күй ойнайды қазағымның қанында»

Астаналық домбырасүйер қауымының жай ғана кездесуінен басталған бұл шараның қазірде ауқымы кеңейіп, еліміздің бірнеше басты қалаларында апта сайын бейсенбіде өтетін болды. Домбыра Party-дің басты мақсаты — ұлттық аспапты, ұлттық музыканы насихаттау.

Еріктілер шарасының мән-мазмұнын түсіну үшін Алматыда өткен соңғы Party-ға барып, бәрін өз көзімізбен көріп келген едік.


Бейсенбі күні жұмыстан шыққан жастар Арбатқа біртіндеп жиналуда. Алматылық Домбыра Party-дің жұлдызына айналған журналист Назгүл Қожабекова әр апта сайын сыңғырлаған дауысымен шаршамай ән салады:

— Мен бұл жаққа, ең алдымен, домбыра үнін шығару үшін келемін. Одан соң өзім үшін де, яғни сыртқа шықпай жатқан энергиямды ән арқылы тарқатып алу үшін. Ал негізінде арманым — келгенде маған ән айтуға кезек жетпей қалса. Сол кезде нағыз Домбыра Патидің мақсаты орындалады деп ойлаймын. Әрине, кейде жай өтіп бара жатқан адамдар келіп, күй тартып, ән айтып жатады. Ол біз үшін қуаныш.
Ән айтуды негізі өзім үйрендім. Көңіліме жаққан әндерді үйреніп алып айта беремін. Музыкалық сауатым жоқ. Қай мектеп, қай стильге жататынын білмеймін, әйтеуір өзіме ұнағандарын айтамын.






Дінмұхамед Зиядин, Kinostan.kz авторы:

— Домбыра Патиге бірінші рет келіп тұрмын. Мен жеке өзім рухани қорек алып, жақсы ән тыңдау үшін келдім. Мұндай шара, меніңше, белгілі бір стереотиптерді бұзады. Әдетте «домбыра», «терме», «күй» дегенде ойымызға бірден киіз үй, ішік, тымақ, саптама етік елестейді. Ал шын мәнінде домбыраны заманауи, модерн элементтерімен бірге қалыптастырудың маңызы жоғары. Домбыраны, қазақша ән айтуды сәнге айналдыру керек. Домбыра Пати соның алғашқы белгісі деп ойлаймын.

Айдар аға, 55те:

— Мен жай ғана өтіп бара жатып, ән салып жатқан жастарды көрдім де, домбыра тыңдау үшін тоқтай қалдым. Бәрібір де теледидардан көру бір бөлек, тірідей тыңдау бір бөлек екен. Күнделікті өмірде мұндай алаңда домбыра айтып жатқан жастарды бірінші рет көріп тұрмын. Өте ризамын. Өз ұлттық аспабымызды, әндерімізді осылай насихаттағанға не жетсін!




Гүлдара, хор дирижері:

Құрбым Жазира Арбатта домбыраны насихаттау шарасы болады дегенге келіп тұрмын. Тамаша өтіп жатқан сияқты. Мұндай шара әрі жалғаса берсе екен, жастар дәстүрлі музыкаға құлақ түрсе екен деймін. Өйткені ұлттық аспаптарды насихаттау бәрібір де жастардың міндеті. Ал саз сырнайда ойнауды өз бетімше үйренгенмін.



Тимур Бектұр, IT маманы, блогер:

— Астананың өнерлі қазақ жігіттерінің бастамасымен домбыраны насихаттау мақсатында жасалынған шара. Ұлттық аспабымызды пафостық деңгейде ұстағаннан гөрі, күнделікті өмірде кез келген «әу, дейтін» қазақтың қолына алатын құралы ретінде көрсету. Жастар осындай жерлерде көрінсе деймін. Тек қана үлкен сахналардан емес, қаламыздың алаңдарынан, көшелерінен домбыра дауысы естіліп жатса, бастапқы идея орындалды дер едік. Қазірде Ақтау, Жаңаөзен қалаларының жастары бұл үрдісті белсенді жалғастырып жатыр.

Осылай әсем ән мен тәтті күйге құлақ қандырып біз де қайттық. Күмбірлеген домбыра дауысын сағынғандарды немесе өз өнерімен жұртты тәнті етіп, ізгі мақсатқа қосыламын деушілерді әр бейсенбі сайын сағат 20.00-де Арбатта Домбыра Partу күтеді.

Facebook-тағы парақшасы

Материалды дайындаған: Айжан Кәрібаева

Фото автордікі


Редакцияның рұқсатынсыз материалды өзге сайттарға көшіруге жол берілмейді

Алия Arsik
29 мамыр 2013, 11:41
5556

Loading...

Пікірлер

Керемет бастама! Домбыра патидің ұйымдастырушыларына дән ризамын!!!
Күшті! Жарайсыңдар алматылықтар, жарайсың Кәрібаева!
Керемет! Жарайсыңдар алматылықтар, жарайсың Кәрібаева!
Мен бұрыннан бері домбырада ойнағанды армандаймын, осы шараны өткізіп жатқан адамдардын арасында домбыра үйрететін адам бар ма?
ал сіз қай қаладасыз?
Бастамаларыныз оне берсин
Реп күшті, тақырып құсық, авторды зынданға.
рахмет, тақырыпты автор қойған жоқ, хаха:))
Бәрібір авторды зынданға.

Пікір қалдырыңыз

Спасибо за открытие блога в Yvision.kz! Чтобы убедиться в отсутствии спама, все комментарии новых пользователей проходят премодерацию. Соблюдение правил нашей блог-платформы ускорит ваш переход в категорию надежных пользователей, не нуждающихся в премодерации. Обязательно прочтите наши правила по указанной ссылке: Правила

Сондай-ақ Ctrl+Enter басуға болады

Танымал жазбалар

Исламская ипотека в Казахстане: в этом году выйдет на розничный рынок

Исламская ипотека в Казахстане: в этом году выйдет на розничный рынок

Многие клиенты, вздыхая о харамном ссудном проценте местных банков, сокрушались по поводу отсутствия у нас халяльного кредитования. Поддержка исламского банкинга на уровне МФЦА есть...
DanaJarlygapova
24 нау. 2017 / 18:28
  • 21464
  • 63
Рианна за $2 млн. Очередные понты от «ЭКСПО-2017»

Рианна за $2 млн. Очередные понты от «ЭКСПО-2017»

Концерт Рианны всё-таки состоится летом в рамках культурно-зрелищных и спортивных мероприятий ЭКСПО-2017. Рианна крута, с этим никто не спорит. Но соберёт ли «Астана Арена» 30 тысяч зрителей при...
openqazaqstan
вчера / 14:29
  • 15543
  • 15
Компания LG Electronics открыла предзаказ на новый флагман LG G6

Компания LG Electronics открыла предзаказ на новый флагман LG G6

LG Electronics объявляет о начале предварительного заказа онлайн на новый смартфон LG G6. Оформить предзаказ можно на сайтах магазинов электроники до 16 апреля 2017 года.
LG Electronics
24 нау. 2017 / 14:20
  • 5222
  • 0
Страну, где так строят дороги, победить невозможно!

Страну, где так строят дороги, победить невозможно!

Шестиминутный ролик про строительство автомобильной дороги в США - это как острый нож в пузо нашим чиновникам. Они же подавятся бешбармаком, увидев его! Похлеще любого пропагандистского фильма...
Timur_Tregulov
24 нау. 2017 / 11:26
  • 4907
  • 41
Это вам не Дисней. Реальный прототип «Красавицы и Чудовища»

Это вам не Дисней. Реальный прототип «Красавицы и Чудовища»

Многие уверенны на 100%, что сказка «Красавица и Чудовище» - это интересная выдумка ее создателей. Однако, действия, происходящие в мультфильме и фильме, имели место в истории, и у главных героев...
Naomi_K
24 нау. 2017 / 18:42
  • 4963
  • 34
Семь причин почему вам надо перестать откладывать переезд за границу

Семь причин почему вам надо перестать откладывать переезд за границу

Вы думаете о переезде за границу, но постоянно откладываете дату, потому что вас беспокоит тысяча мелочей, которые могут пойти не так? У меня есть семь причин, почему пора перестать мотать нервы...
Lesch
24 нау. 2017 / 17:50
  • 3919
  • 14
Гонения на «Свидетелей Иеговы». Кому это выгодно?

Гонения на «Свидетелей Иеговы». Кому это выгодно?

Я не "Свидетель Иеговы". Мне приходилось защищать в судах и кришнаитов и коммунистов, хотя я и не разделяю их убеждений. Я защищаю свободу совести. Сегодня "Свидетели Иеговы", завтра,- каждый из вас.
nasreddin
25 нау. 2017 / 17:18
  • 4095
  • 49
Почему наши парни выглядят как агашки? Хочется им сообщить, что мода на пафос прошла

Почему наши парни выглядят как агашки? Хочется им сообщить, что мода на пафос прошла

У меня возник вопрос, почему некоторые парни, которым нет и 30 лет, выглядят, как авторитетные агашки? Они манерно решают важные дела по телефону, не забыв про гримасу важности. Они даже не...
Bookenova_smartass
28 нау. 2017 / 18:28
  • 3493
  • 89
Страна обыденной роскоши: Ташкент-Самарканд-Бухара

Страна обыденной роскоши: Ташкент-Самарканд-Бухара

Узбекистан - это страна, где роскошь стала обыденностью. Это и повсеместный зелёный крупнолистовой чай. И вкусная натуральная еда с минимумом специй. И то, что дети играют среди исторических памятников.
MadinaR
25 нау. 2017 / 10:37
  • 3334
  • 59