Ақмолалық ауыр атлет жастар арасындағы әлем чемпионатында абсолютті чемпион атанды

Kazsport agent May 14, 2013
158
0
0
0

  Лимада өткен ауыр атлетикадан жастар арасындағы әлем чемпионатында 75 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде ақмолалық спортшы, Бөгенбай батыр атындағы дарынды спортшы балаларға арналған облыстық...

 

Лимада өткен ауыр атлетикадан жастар арасындағы әлем чемпионатында 75 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде ақмолалық спортшы, Бөгенбай батыр атындағы дарынды спортшы балаларға арналған облыстық мектеп-интернаттың тәрбиеленушісі, халықаралық дәрежедегі спорт шебері Анастасия Швабауэр абсолютті чемпион атанды, өңір әкімінің баспасөз қызметі.

«Анастасия өзінің 15 қарсыласынан жұлқа көтеруден де, серпе көтеруден де және қоссайыс қорытындысы бойынша да басым түсті. Ақмолалық спортшы жалпы 224 келіні бағындырып, күміс олжалаған АҚШ спортшысы Ливетт Дженни Артурдан 10 келі артық көтерді. «Қола» канадалық Иоани Филиатроның еншісінде кетті», — делінген хабарламада.

Анастасияның халықаралық ареналарда еліміздің көк байрағын алғаш рет көтеріп отырған жоқ. Ол 2010-2012 жылдары жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионаттарының жеңімпазы, сонымен қатар қола және күміс жүлдесіне ие болған.

 

Оцените пост

0