Yvision.kz
kk
Разное
Разное
399 773 постов42 подписчика
Всяко-разно
1
03:22, 23 апреля 2013

«Мүде хан»

Blog post image

Авторы: Қойшығара Салғараұлы

«Мүде хан». Кинороман. – Астана: «Сарыарқа» БҮ, 2011. – 256 бет

Таралымы: 1000 дана

Түріктің «Ұлы Сүлеймен», кәрістің “Ханзада Жумонг”, “Са­рай әміршісі”, «Ұлы ханшайым Сондок», «Қайсар ханша», қытайдың “Шың­ғыс­хан”, т.б. секілді көп сериялы телефильмдеріне телміріп жүргеніміз бар. Киноларды тамашалап отырып мынандай ойға шомасың: «бізге қарағанда кәріс пен түріктерде алыптар шоғырланған екен-ау». Әйтпегенде ше...Шегелеп айтар болсақ, бізде киносценарийлер бар, демеуші тапшы. Таласбек Әсемқұловтың «Тұмар падиша» туындысын оқып отырып, елдік айбар һәм ұлттық асқақ сезім кеудеңді жаншылайды. Осындай дүниелерді экран бетіне шығара алмай жүргеніміз – ағзаға түскен ақау, еменнің өзегіне түскен құрт секілді. Сондай-ақ, Әмірхан Балқыбек: «Қойшығара Салғарин Қытай мұрағатында сақтаулы көнекөз шежiреден өз көзiмен көргенiн егiле отырып жазған Мүде тәңiрқұты туралы ғажайып әңгiмелер де өзгелердiң қанжығасында кетпей тұрғанда қамданғанымыз жөн. Қытай киногерлерi ертең «Шыңғысханнан кейiн ұлы рух иесi Мүде туралы фильм түсiруге кiрiсiп жатырмыз» деп жарияласа еш таңдануға болмайды»,-деп  санаға сілкініс туғызарлықтай ой тастайды. Жөн сөзге түйе де шөгеді. Кинороманды ине көзінен өткізгендей аңысын аңдып қарасақ.

Кинороман тақ мұрагері Мүденің Тұрды бек сардардың баласын өзгелердің арандатуымен өлтіргенімен бастау алып, жазасын өтеу үшін Кердері(Юечжи) еліне аманатқа беруімен ұласады. Мүденің әкесі Тұман ханға ұлының өлгені жайлы жалған ақпарат таратылып, соғыс ашуға себепші болады. Хан айыбы ретінде ұлының еншісіне он мың жауынгерді үй-жайымен орналастырады. Сол шақта Мүде қаққан қазықтай қатқан қағидасымен шеберлігін танытады. Жүрегі шайлықпайтын, әміріне ойсыз бағынып, аяу дегенді білмейтін сарбаздарды үйрету үшін түрлі сынақтар ұйымдастырғанын оқысаңыз, ханзадаға қаймығып, санаңызда сапырылысқан ойлар, көңіліңізде арпалысқан қайшылықтар орын ала бастайды. Жаттығу барысында қарамағындағы мыңбасыны,  құстай ұшатын астындағы Ақбоз атын, тіпті аяулы жарын түтеген жебеге жем етіп, қимастарын ұлы мұрат үшін құрбан қылады. Рухты жоталандырып, семсерлесу шеберлігін меңгертеді. Жебеден тайсалмайтын, семсерден сескенбейтін жігіттертәрбиелеп, белгілі нәтижеге жеткенін көргеніңде, жоғарыдағы қылаң берген ойыңнан бойыңды алшақ ұстай бастайсың. Хан саясаты тынып жатқан көл секілді, қай жері тұңғиық, қай жері тайыз білмейсің. Мөде шамамен 18-19 жасында, ж.ж.с.д. 209 жылы, әкесі Тұманды өлтіріп, ғұн хандығының тағына отырып, өзін ғұн елінің дара билеушісімен деп жариялайды. Әкесі елін қор, ерін құл еткендігі шекесі қызғаннан сабырын сарқып, жанын шыжғырып жіберді. Қаталдығы мен даналығы қабат өрілген Мүде әкесінің тоқалын, ұлын, бас уәзірді өзіне қарсы әрекет жасап жүргенін дәлелдеп, өлім жазасына кесіледі. Конфуцзыдың бір сөзі бар: «Басшы әділ де адал болса, жазықтыны жазалау оңайға түседі».  Дунху елі арандату мақсатында астындағы атын, қойнындағы қатынын сұратқанда олардың айтқанына көнеді, жүні жығылыңқы кейіп танытады. Ал ешкімге керексіз сортаң жердің пұшпағын сұратқанда: «Қатын мен хайуанды ел үшін қиюға болады. Ал жер – Отанның белгісі, елдің мәңгілік еншісі»,-деп бөденедей бұғып келген елін, сүйікті жарын бостан етіп, бағындырған елді құл етеді. Осы әрекеті Құнанбайдың «Ел өседі, жер өспейді» деген тұжырымымен тұспа-тұс келетіне қайран қаласың.

Мүде        2 жарым мың жыл      Құнанбай (арасы)

Түркі тектес халықтар арасында «Шыңғыс» деген қаһарлы лауазымға ең алғаш Мүде ханзада ие болған. Бұдан кейін бес ғасыр өткенде осы халықтың екінші перзенті Атилла, одан кейін тағы да бес ғасыр өткенде Темужин иеленген. Ғұндардың ата-баба дәстүріне негізделген азаматтық, қылмыстық заң жүйесінің өмірге келуі де осы Мөде қағаннан басталады. Ол ханға емес, хандыққа қызмет ететін жандарды төмен сатыдан шықса да, қолдау білдірді. Жаралған тегі бөлек, сөйлеген тілі бөлек, сенген тілі бөлек, тұрмыс-тірлігі бөлек Кердері(Юечжи) елімен шайқасқа түсті.  Алдыңғы шайқастар түбі бір туыс жұрттармен болған еді. Шебер қолбасшысы Хан Синді, онымен қоса патшасы Гау-Диге ұрымтал тұсынан сұрапыл соққы жасайды. Өзіндік «үшбұрыш» әскери әккі әдісімен, дұшпанының шаңдағын қағып, келісімге келеді. Мүде дүниеден өтіп, орнына елінің ошағын маздататын тобылғысы Лаушан отырғанда ұстазы Иө былай деген еді: «Сіз хән елінің киімі мен тамағына тым үйірсіз. Ал, Халық сізге қарайды, Сізге еліктейді. Ертең әбден үйреніп алған соң, олар қытайдың күрішінен басқаны жемейді, жібегінен басқаны кимейді. Өзінде жоққа құмарлық өзге елге көз сүзуге, тәуелді болуға мәжбүр етеді»,-дей отыра Хән елінен келген елшіге күрішке қарағанда жабағының жас еті тойымды ас екенін, жібекке қарағанда ешкі терісінен тігілген киімі шыдамдырақ екенін дәлелдейді. Ал, «ғұн елін отыз бес жылдың ішінде теңдесі жоқ Ұлы Ұлысқа айналдырған Мүде хан қатардағы қауқарсыз пендедей жер томпайтып қана жатыр. Бар айырмашылығы – төмпешігі өзгелерден гөрі көлемді де биіктеу. Жалған дүние!..».

Ақбас тарих осылайша әдіптеген оқиға желісі кино болып түсіріліп, теледидардан көрсетіліп жатса, түркі халықтарының рухы биіктер еді.

Салтанат Сүгір

1
2759
2