Тікелей эфир

Біздің жігіттер отан қорғауға дайын ба?

7 мамыр — Отан қорғаушылар күні

Бүгінгі мерекеге орай «Екпін» журналы бес жігітпен кездесіп, әскерге барудың маңыздылығы мен әскерге бармаудың артықшылығы турасында әңгіме қозғады.

Қонысбек, студент:

Мектеп кезімде әскерге барғым келетін. Бірақ үлкейген сайын ол ойымнан айнып келе жатырмын. Өйткені теледидардан әскер туралы неше түрлі жаңалықтарды көрсетеді. Көрерменге жыл өткен сайын әскер қауіпті болып бара жатқандығын жеткізгісі келетіндей. Сол бар, онымен қоса уақытты да көп алатын сияқты. Менің ойымша, Отан қорғаушы болу үшін әскерге бару міндетті емес. Әскерге барып келген адам ғана Отан қорғаушы дегенмен келіспеймін. Әрине, әскерге барып келген адамның физикалық дайындығы мықты болар. Бірақ Отанына қатысты барлық жігіттің сезімі бірдей болады. Ел басына жамандық туса, барлығы да Отанын қорғауға дайын деп ойлаймын.

Елдар, 2010-2011 ж.ж. Орал қаласында әскери борышын өтеген, Tumble.kz сайтының әзірлеушісі:

Шыны керек, басында әскерге барғым келмеген. Колледж бітіріп, жоғарғы оқу орнына түсіп алған соң әскерге баруға міндетті болмадым. Алайда, уақыт өте келе, университеттің оқытқанына көңілім толмады, айналадағы ортам және өмір ағыны ұнамады. Бір зат күн сайын қайталана берді. Шеңберден шығу керек болды. Кейін сабаққа бармағаным үшін оқудан шығарып жіберді. Қуанғандай болдым. Біраз жұмыс жасадым. Содан жазда автостоппен Ресейді аралап қайтып келе жатқан жолда әскерге баруым керек деп шешім қабылдадым. Бар құжаттарды жинап, военкоматқа тапсырдым да, мекдкомиссиядан өттім. Екі-үш ай күткеннен кейін Орал жаққа әскери борышымды өтеуге жіберілдім.

Сонда ең бірінші мотив — патриотизм болды. Екіншіден, үйде әкем де, ағаларым да әскерге барған. Бір жағынан солардың үлгілері де ықпал етті. Ағаларымның әскерден келген соң қандай болып келгені себеп болған шығар. Әскерге барған адам мен бармаған адамның өмір жолдарында үлкен айырмашылық болады екен.

Үйдің кенжесі болғандықтан, ерке болып өскенмін. Ал әскер маған азу тіс берді. Ер мінезге тән шыдамдылық, ішкі бір сенімділік пайда болды. Ағаларым да айтушы еді, әскерге барып келген соң саған айналаңдағы адамдар да басқаша қарайтын болады. Олар үшін бір жыл өте кетеді, ал сен бір жылдың ішінде басқа өмір, басқа заңдылықтарды көріп келесің деп. Расымен, солай болып шықты. Өзгелердің сөзіне құлақаспаушылықты да әскер берді. Өзіңді тыңдау, өз шешіміңмен жүру.

— Әскерге барып келуіңнің өмірде пайдасы болды ма?

— Әрине. Қарапайым, шаш қоюым әскерден қалған. Бұрында егер шашымды өсіріп, Биланның шаш үлгісіндей етіп, экперимент жасауды ұнатсам, әскерде оны алып тастағаннан кейін, түрімнің өзгергені ұнап қалды.

— Бір жылдың ішінде уақытымды босқа өткіздім деген ойлар туындаған жоқ па?

— Барған соң, келгеніңе өкінесің. Не үшін келдім деген сұрақ тұрады. Бірақ уақыт өте келе дұрыс істегеніңді түсінесің. Бір жағынан саналы түрде, өз шешіміңмен барған соң бір жылым босқа кетеді-ау деген ой келмеді.

— Физикалық жағынан дайындалып бардың ба?

— Әрине, физикалық жағынан да, моральдық тұрғыдан да дайындалып бардым. Оған дейін де мен көп кітаптар оқып, қызығатынмын. Ал әскерде психологияның көмегі өте зор екен. Өйткені қиналып, не үшін келгендерін білмегендер де болды. Келгенде қалай келсе, қайтарда сол қалпында қайтты. Негізі бір факт бар — ер жігіттің азаматтық өмірде абыройы қандай болса, ол әскерде де солай қалады.

Карим, менеджер:

Оңтүстік Корея немесе Түркияда 1 жылдан 2 жылға дейін әскери борышыңды өтеу — Конституциямен бекітілген қатаң міндет; бізде ондай емес. Әрине, бұл менің сылтауым деп ойлап қалмаңыздар. Алайда, еліміздің әр ер жігіті әскерге бара бермейтіні тағы белгілі. Дәл қазір мен әскери тіркелуде тұрмын және де елімізде әскери тәртіп енгізілсе, 100% әскерге баруға дайынмын.

Университетті бітірген соң 2010 жылдың көктемінде маған алғаш рет әскери комиссариаттан шақырту қағазы келді. Дәл сол уақытта беделді батыстық компания мені жұмысқа қабылдады деген хабар келді. Көп ойланбастан, жұмыс орнымнан кейінге шегеру қағазын сұрап, бар күшімді карьерама арнадым. Осы үш жылдың ішінде көптеген маңызды жобаларда жұмыс жасадым, нарықта қажет байланыстарды таптым, үйлендім. Иә, 12 айдай әскери борышымды өтеп келуге мүмкіндік болды, алайда бар мақсаттарымды бір жылдық паузаға қоя алмадым. Соған қарамастан, елімізде әскерге барамын деген жігіттер жетіп асады, көбісі үшін «әскерге барып келді» деген қағаз мемлекеттік қызметке тұрып кетуге жақсы мүмкіндік.

Шыңғыс, Ash Қазақ Pro лейблі, рэпер:

Көптеген таныстарымның арасында әскерге барып, кейін сонда қайтыс болып жатқандар көп болды. Сол себепті әскерге баруға деген құлшыныс болмады. Алайда, әскери кафедрада оқып шыққанмын. Бір жағынан қазірде еліміздегі әскерге көптеген сындар айтылып жатады. Барып келген жігіттердің әскерден патриот болып қайтып келуі екіталай, меніңше. Олар онда Отанын емес, өздерін қорғап әлек болатынын естіп жатамыз. Отаныңа деген махаббатың, ең алдымен, жақсы азамат болуыңмен өлшенеді деп ойлаймын.

Физикалық жағынан бұрын каратэ, еркін күреске қатысқанмын. Қазір аптасына 2-3 рет жүгіріп қана қоямын.

Нұрлан, 2005-2007 ж.ж. Қазақстан Республикасы ҰҚК Шекара қызметінде болды:

Әскерге Отан алдындағы азаматтық борышымды өтеу үшін өз еркіммен барғым келді. Бауыржан Момышұлы атамыз «Әскери қызмет дегеніміз — дені сау әрбір азаматтың асыл парызы, ардақты борышы, кімде-кім әскери қызметтен жалтарса, ол патриот емес» деген.

Әскери өмір маған тәртіпке бағынуды, қиындыққа төзуді, жігерлі болуды үйретіп, өмірлік тәжірибе берді деп ойлаймын. Мен әскерде бір жыл емес, екі жыл қызмет еттім. Екі жылым босқа кетті деп өкінбеймін. «Жаман айтпай жақсы жоқ» деген, ел басына күн туса екі жылымды емес, жанымды беруге дайынмын. Бір жыл босқа кетті деген сөз бе екен? Ол ердің емес, ездің сөзі ғой! Жыл өткен сайын осы сөзді айтып жүрген азаматтар көбейіп келеді...

Жұрт жадында сақталған аңыз, ертегі, даналық сөздерге зер салсақ — қай заманда да ер азаматтың міндеті елін қорғау болған, қазір де солай, келешекте де солай бола бермек. Сондықтан, өзін еркекпін деп есептейтін дені сау азамат Отанын қорғауға қашанда дайын болу керек. Осы себепті әскерге бару әрбір азаматқа міндет.

 

Материалды дайындаған: Айнұр Ракишева,

Айжан Кәрібаева

Фото: Әлия Сембай

_________________________________________________________________________

Редакцияның рұқсатынсыз материалды өзге сайттарға көшіруге жол берілмейді

_________________________________________________________________________

Алия Arsik
7 мамыр 2013, 11:06
5834

Загрузка...
Loading...

Пікірлер

дайынбыз, не сурак бул
Askerge barasinba barmaysynba ozin bilesin goi
Жарайсын, Нурлан! Жигиттердин барлыгы сендей болсын деп тилеймин

Пікір қалдырыңыз

Спасибо за открытие блога в Yvision.kz! Чтобы убедиться в отсутствии спама, все комментарии новых пользователей проходят премодерацию. Соблюдение правил нашей блог-платформы ускорит ваш переход в категорию надежных пользователей, не нуждающихся в премодерации. Обязательно прочтите наши правила по указанной ссылке: Правила

Сондай-ақ Ctrl+Enter басуға болады

Танымал жазбалар

СМИ – ассистент провокаторов? Как гости из соседних стран сеют раздор в Казахстане

СМИ – ассистент провокаторов? Как гости из соседних стран сеют раздор в Казахстане

Инцидент с пьяным киргизским гостем на борту Air Astana, наверное, остался бы только во внутренних сводках авиакомпании, если бы г-н Доган, не поднял громкий крик о государственном языке.
openqazaqstan
17 авг. 2017 / 14:43
  • 11791
  • 177
Казахский национализм раньше выглядел несовременно. Теперь он другой

Казахский национализм раньше выглядел несовременно. Теперь он другой

Националисты стали совсем другими. По-английски хорошо говорят, русскую классику цитируют. Очень современные, образованные, адекватные. А после Крыма в националисты уже чуть ли не любой казах готов был записаться.
Aidan_Karibzhanov
16 авг. 2017 / 16:52
Дайте Байбеку сломать и переделать город. Он хочет шагнуть вверх, а не бабло украсть

Дайте Байбеку сломать и переделать город. Он хочет шагнуть вверх, а не бабло украсть

Я в тогдашней Алма-Ате родился, вырос. В школу начал ходить пешком. Весь центр опползал. Все эти знаковые места помню как ещё не знаковые места. Никаких этих ностальгических страданий у меня нет.
Aidan_Karibzhanov
вчера / 16:25
  • 3767
  • 28
Имеющий уши да услышит. Латиница касается только казахского языка

Имеющий уши да услышит. Латиница касается только казахского языка

Президент Назарбаев наконец-то разъяснил для всех, кто ещё не понял, очевидный вопрос, который всем в Казахстане очевиден. Елбасы повторил: на латиницу мы переводим казахский язык, и это не означает отказ от русского языка.
openqazaqstan
18 авг. 2017 / 16:23
  • 3432
  • 52
«Доехать до Алтын Орды» – как мошенники обманывают алматинцев

«Доехать до Алтын Орды» – как мошенники обманывают алматинцев

Из множества грустных откровений постепенно сложился перечень самых распространённых уловок охотников за нашими деньгами. В нём ожидаемо лидировали профессиональные попрошайки.
caravan_kz
16 авг. 2017 / 15:05
  • 2320
  • 4
Надо научиться видеть скрытые экономические процессы за вспышкой национального гнева

Надо научиться видеть скрытые экономические процессы за вспышкой национального гнева

При полном отсутствии бюджетного жилищного строительства, целые аулы оседают в ветхих домишках, сквозь заборы которых насмешливо возвышаются башни "коктемов", "риц карлтонов" и "есентаев".
niyazov
19 авг. 2017 / 11:16
  • 2485
  • 67
Подземная Акмечеть Бекет-Ата в Атырауской области – одно из самых сакральных мест

Подземная Акмечеть Бекет-Ата в Атырауской области – одно из самых сакральных мест

Его отцом был Мырзагул, матерью Жания, оба глубоко верующие. По рассказам, Бекет-Ата обладал богатырской силой, что в том числе помогало выбивать мечети в крепких скалах.
theYakov
вчера / 17:21
  • 2133
  • 3
В Кокшетау строят два парка для молодёжи. Будут учтены интересы и любителей спорта

В Кокшетау строят два парка для молодёжи. Будут учтены интересы и любителей спорта

Общая площадь парка составляет 25 гектаров. На территории предусмотрено устройство прогулочных дорожек, площадок для установки аттракционов и павильонов различного назначения, цветников.
zhasakmola
17 авг. 2017 / 17:13
  • 2133
  • 1
«Нас и здесь неплохо кормят», или почему я не собираюсь уезжать из Казахстана

«Нас и здесь неплохо кормят», или почему я не собираюсь уезжать из Казахстана

Я всегда теряюсь, когда слышу этот вопрос, потому что я так и не сумел выразить причину одной фразой. Давайте рассмотрим популярные варианты, и я объясню, что именно мне в них не нравится.
convoluted
вчера / 12:29