Казак елінен Қазақ Еліне сәлем

Яков Фёдоров 2013 M04 18
3876
8
20
0

Егер Украинада жүріп, майда-шүйдесіне дейін үңіле зерттесеңіз, онда қазақтар мен казактар тек ұқсас атаулар ғана болып шықпай, екеуінің кейбір тарихи және мәдени тұстарының ұқсастығын да байқайсыз.

Сәуірдің бірінші жұлдызында "Эйр Астана" компаниясының Астана-Киев бағытындағы жаңа әуе рейсінің ашылуына орай мен үшін Украинаға сапар шегіп қайтудың керемет мүмкіндігі туды. 17 ғасырдың ортасында француз инженер-картографы Гийом Ле Васер Де Топлан қазіргі Украина аумағын "Terra Cosaccorum" (Казак Елі) деп атаған. Егер Украинада жүріп, майда-шүйдесіне дейін үңіле зерттесеңіз, онда қазақтар мен казактар тек ұқсас атаулар ғана болып шықпай, екеуінің кейбір тарихи және мәдени тұстарының ұқсастығын да байқайсыз. Айтпақшы, Украинада қазір 80 мыңнан аса қазақтар тұрады және украиндар халықтар достығын аса құрметтейді. Мысалы, 2005 жылы Ұлы Отан соғысында қайтыс болған Алғадай Жамбылұлына (Жамбыл Жабайұлының ұлы) Днепропетровск облысында ескерткіш орнатылды.

Өте қызықты факт: Украинаның кейбір аудандарындағы молаларда көп балбалтастар (украин тілінде каменная баба) табылды. Осы дәстур бұл жерлерде 9-13 ғасырлар аралығында өмір сүрген қыпшақтардан қалған. Ал украин тіліндегі "баба" сөзі түркі сөзі "балбалдан" шыққан.

Мамай слобода этнографиялық мұражайында украиндардың дәстүрлі архитектурасы, тұрмыс пен табиғатының бұрышы жасалған.

Дәстүр бойынша ірi казак ауылдарында ауқатты шаруалар шағын мейрамхананың («шиноктың») иелері болған.

Шиноктың иесі әйел кіреберісте тіл-көзге қарсы пияз, сарымсақ пен басқа көкөністерді іліп қояды.

Украин пеші.

Украинада асты ерекше қастерлеп, оны өнер сияқты қабылдайды. Егер Киевте болсаңыз, бірінші кезекте шие қосылған варениктерді татып көруіңізді ұсынамын. Мен Қазақстанда варениктерді сан рет жесем де, олар украин варениктерімен бір қатарда көріне қалмайды.

Казак пен оның оқушысы. Казактардың терминдері қазақ тіліне өте жақын. Мысалы, казактардың жасағы "кош" деп аталады. Ал қазақ әскерінде сайланған немесе сайлаусыз тағайындалған басшысы - "атаман" аталады. Бұл сөздің этимологиясына қатысты ең таралған екі пікір бар. Біріншісі - "атаман" сөзі "атамын" сөзінен, ал екіншісі - "ата" және "мың", яғни "мың басшысы" сөздерінің сыңарласуынан шыққан деседі.

Ежелгi украин сигнализациясы. Казактар дұшпанды байқап қалғанда жанармай жағып, күбілерді өртеу арқылы ауылға мобилизациялау туралы белгі берген.

Казактардың ағаштан салынған шіркеуі.

Қазiргi Киев - ескі ғимараттары көп әсем қала. Бүкіл қаланың орталығы БҰҰ Білім, Ғылым және Мәдениет Ұйымының Әлемдік мұра нысандары тізіміне кіреді.

1905 жылы құрылған киевтік фуникулер.

Осы фуникулер Ресей империясында екінші болды (алғашқы көтергіш 19 ғасырда Одесса қаласында жобаланған). Фуникулер әлі болмаған кезде қала тұргындары Подол ауданынан Жоғарғы Киевке ағаштан істелген баспалдақпен жоғары көтерілген.

"Укрпошта" мен "Нова Поштаның" (Жаңа Пошта) жәшіктері. Атауына қарамастан "Жаңа Поштаның" жәшіктері ескірек көрінеді.

Украинаның ең басты дариясы - Днепр өзені.

Атақты украин ақыны Тарас Шевченко Манғыстауға 7 жылға жер аудырылғанда Днепр туралы белгілі өлең жазды:

І виріс я на чужині,

І сивію в чужому краї:

То одинокому мені

Здається — кращого немає

Нічого в Бога, як Дніпро

Та наша славная країна...

1659 жылы ашылған Киев-Могилян академиясы - Украина мен Шығыс Еуропаның ең ескі жоғары оқу орындарының бірі.

Қаланың орталық алаңы - Майдан Незалежності (Тәуелсіздік алаңы) мен "Украина" қонақ үйі.

Самсонға 1748 жылда салынған ескерткіш. Ескерткiштің тарихы қызықты - қаланың әкімі Санкт-Петербордағы Самсон су бұрқақ сияқты ескерткiшті Киевте де салуды қалады. Мүсiншi Санкт-Петербордағы ескерткіштің өңсіз ұқсынын салды - бұл статуяда арыстан мысыққа, ал палуан Самсон - цирк айуандарын жаттықтырушыға ұқсайды. Бiрақ әкім бұл ескерткішті өте ұнатқан, сол себебі осы кезге дейін киевтік Самсон талғамсыздықтың үлгісі бола алады.

"Первак" мейрамхананың терезелері.

Киев архитектурасының ерекшелігі - үлкен әдемі балкондар.

Украина ұлттық банкінің ғимараты. Мен осы балконда мәлімдеме жасап тұрған ұлттық банкіміздің төрағасы Григорий Марченконы көз алдыма елестеттім.

Киевтiң ең танымал ғимараттарының бірі - химералары бар үй. Алғашқыда тұрғын үй ретінде салынғанымен, қазіргі уақытта осы ғимаратта Украина президентінің резиденциясы орналасқан.

 

Мүйізтұмсық.

Үйдің төбесі.

Андрей түсеберісіндегі (Андреевский спуск) орналасқан қазіргі заманғы ескерткіш.

Назарларыңызға рахмет! Саяхатымыздың жалғасы бар: [1] [2]

Мені Твиттерде оқи аласыздар: @YakovFedorov

Оцените пост

20

Комментарии

4
Мұндағы кейбір салыстырмалар орыс тілінен тікелей аударсақ құлағынан тартып келтірілген тәріздіі. Ал Дон казактарының көп сөздері қазақ тіліне өте жақын, шынында. Мысалы, М. Шолоховтың "Тынық Дон" романында "бауырсақ" - "бурсак", "дуадақ" - "дудак", "қамшы" - "камча", "құрт" - "курт", "айран" - "айран", т.б. көптеп кездеседі.
2
"Maidan" degen sozde turki sozi
0
L.Tolstoidin "Kazaki" atti povestinde kazaktar temekini "tyutyun" dep ataidi, qazaqsha tutun - дым. Kazaktargha Qipshaq pen Altyn Ordaliqtardin iqpali zor bolghan dep oilaimin
0
Қызықты екен... демде оқып шықтым. Алғашқы қадам болғандықтан екіншісі бұдан да ұнысықты шығарылар деген сенім басым. Ниет қолдауға тұрарлық...
0
Жақсы жазылған пост, Жалғастыра бер...
Показать комментарии