Yvision.kz
kk
Разное
Разное
399 773 постов42 подписчика
Всяко-разно
0
11:17, 17 апреля 2013

Zen Coding

Алғашқы мақаламды web бағдарламалар жазатын адамдарға пайдалы болатын Zen Coding құралынан бастауды жөн көрдім. Менің мақаланы жазудағы мақсатым Zen Coding құралының барлық мүмкіндігін көрсету емес, жай құралдың пайдалы тұстарына шолу жасау. Сонымен, Zen Coding дегеніміз ол не?

Zen Coding - бұл HTML, XML, XSL кодтарын жазуды жылдамдататын, мәтіндік редакторлар үшін қосымша (плагин). (орысша википедиядан аударма)

Zen Coding барлық дерлік кең таралған мәтіндік редакторларда бар немесе ең болмағанда қосымша түрінде жасалынған. Көп есіткеннен гөрі бір рет көрген жақсы, Zen Coding-тің көптеген мүмкіншіліктерін келесі видеодан көруге болады:

Zen Coding v0.5 from Sergey Chikuyonok on Vimeo.

Әрине,

div#nav>ul>li*5>a[href=page$.html]

түріндегі жазуды бір ғана батырманы басу арқылы мынандай түрге әкелу өте ыңғайлы және жылдам:

Zen Coding тек XML типті кодтарға ғана емес CSS үшін де бар. Бірақ онда HTML дегі секілді емес, тек көптеген қысқартулар тізімі ретінде. Ол қысқартуларды мына жерден табуға болады: https://code.google.com/p/zen-coding/wiki/ZenCSSPropertiesEn

Zen Coding v0.6 дан бастап жаңа ұғым - фильтрлер пайда болды. Фильтрлер html тілінің арнайы символдарын html қасиетке ие емес символдарға ауыстыруға қолданылады. Фильтрдің бұдан басқа да  қолданыстары бар, ол туралы мына жерден қарап көруге болады: https://code.google.com/p/zen-coding/wiki/Filters

Фильтрлердің пайдаланылуына мысал:

div>p#hello|e

түріндегі жазу, арнайы батырманы басқан соң мына түрге келеді:

Күніне жүздеген қатар HTML мен CSS тіліндегі кодтарды жазатын маман иелері үшін пайдалы болады деп ойлаймын. Zen Coding құралының пайдалы тұстарын көрсете алдым деп үміттенемін.

0
384
1