«Жастар кадрлық резерві» жобасы түлектерінің ДИНАМИКАСЫ

A S 2013 M04 9
2650
0
3
0

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «жастар арасынан мемлекеттік басқару жүйесі, бизнес пен қоғамдық қызмет саласы үшін заманауи және тиімді басқарушылардың жаңа генерациясын...

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «жастар арасынан мемлекеттік басқару жүйесі, бизнес пен қоғамдық қызмет саласы үшін заманауи және тиімді басқарушылардың жаңа генерациясын қалыптастыру керек деп» атап көрсеткен болатын. Осы тапсырманы іске асыру мақсатында «Нұр Отан» ХДП «Жас Отан» Жастар қанаты ҚР Президентінің «Болашақ» стипендиясы стипендиаттарының қауымдастығымен және ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік қызмет академиясымен бірігіп, ҚР Білім және ғылым министрлігінің қолдауымен еліміздің барлық аймақтарында конкурстық негізде, 29 жасқа дейінгі ұшқыр ой-пікірі бар, жоғары білімді  жастар арасында "Жастар кадрлық резерві" жобасын 5 жыл қатарынан өткізуде.

Жобаның түлектері білім беру бағдарламаларынан, тестілеуден, кәсіби қызмет бабының бағалануынан, мемлекеттік органдарда, бизнес, ғылым, білім, қоғамдық ұйымдар мен БАҚ-та жұмыс жасайтын кәсіби жетекші өкілдерімен кездескен болатын. Олар кез-келген түйіткілді мәселе бойынша дәстүрлі емес ұшқыройлы, стратегиялық көзқарастарын айқын дәлелдеп шыққан еліміздің түкпір-түкпірінен келген білікті жас ұлдар мен қыздар.

2009-2012 жж. «Жастар кадрлық резерві» жобасы түлектерінің

ДИНАМИКАСЫ

Резервисттер саны 
308
Мемлекеттік   қызметке ауысқандар саны
49
Өз жұмыс орнында   қызметі жоғарылағандар саны
156
Жеке бизнесін   ашқандар саны
16
Шетелге оқуға   кеткендер саны
10
Шетелдік   компанияларға жұмысқа орналасқандар саны
2
Барлық деңгейдегі   маслихат депутаттары болып сайланғандар саны
7
Ауылдық округтың   әкімі болып тағайындалғандар
2
«Самұрық-Қазына»   ұлттық әлауқат қорына жұмысқа ауысқандар
2
Өз лауазымы мен   жұмыс орнында қалғандар саны
64

Осылайша, «Жастар кадрлық резерві» жобасы тиімді түрде жастардың жаңа заманауи талаптарға жауап беретін білікті мамандарды даярлауға мүмкіндік беріп отыр.

Тұғыры берік, көк байрағы биік тұрған еліміздің мәртебесі мен баянды болашағы алғыр жастар қолында. Аталған жобалар арқасында елдігімізді әлемге танытып, жаһандық үрдістерге жауап бере алатын заманауи мамандарды осындай жобалар арқасында қалыптастыра алатындығымызды уақыттың өзі дәлелдеп отыр.

Оцените пост

3
Дальше