Әскерге шақырылушылар апталығы өтті

МО РК 2013 M04 1
332
0
0
0

Семейдің облыстық тарихи-өлкетану музейі, қалалық мәдениет сарайы, Семей қаласының қорғаныс істері жөніндегі басқармасының көмегімен «Шығыс» өңірлік қолбасшылығы 2013 жылдың 26-29 наурызында...

Семейдің облыстық тарихи-өлкетану музейі, қалалық мәдениет сарайы, Семей қаласының қорғаныс істері жөніндегі басқармасының көмегімен «Шығыс» өңірлік қолбасшылығы 2013 жылдың 26-29 наурызында Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің қатарына көктемгі әскерге шақыруға арналған «Көктемгі әскерге шақырылушылар апталығы» атты іс-шара өткізді.
«Көктемгі әскерге шақырылушылар апталығы» атты іс-шара жастарды әскери-патриоттық рухта тәрбиелеу, Отан алдында әскери және азаматтық борышын өтеу сезімін қалыптастыру, жас ұрпақтың Отан қорғауға дайындығын тексеру мақсатында өткізіледі.

Бұл күндері Семейде әскерге шақырылушылар үшін облыстық тарихи-өлкетану музейінің Жауынгерлік және еңбек Даңқы бөліміне экскурсия ұйымдастырылды. Мұнда әскерге шақырылушылар Ұлы Отан соғысының ардагерлерімен, интернационалист-жауынгерлермен кездесті. Ардагерлер болашақ Отан қорғаушыларға ақ баталарын берді.
Аталған күндері әскерге шақырушылар Семей гарнизонының әскери бөлімдеріне барып, әскери қызметшілердің тұрмыстарымен, күнделікті тыныс-тіршіліктерімен танысып, әскери техникалардың және қару-жарақтың жаңа үлгілерімен танысты.
ҚР ҚМ Баспасөз қызметі

Оцените пост

0
Дальше