Қаржы полициясы агенттігінде жоғары лауазымдарға тағайындалу үшін кепілдеме енгізілуде

Қаржы полициясы агенттігінің Төрағасы Рашид Түсіпбеков қаржы полициясы органдарына қабылдау және жоғары тұрған лауазымдарға тағайындау үшін қаржы полициясының екі қызметкерінің кепілдемелерінің...


Қаржы полициясы агенттігінің Төрағасы Рашид Түсіпбеков қаржы полициясы органдарына қабылдау және жоғары тұрған лауазымдарға тағайындау үшін қаржы полициясының екі қызметкерінің кепілдемелерінің қажеттігін бекітетін бұйрыққа қол қойды.
Құқық қорғау органдарында кемінде бес жыл қызмет атқарған
және күшіндегі тәртіптік жазасы жоқ қаржы полициясы органдарының қызметкері кепілгер бола алады.
Жоғары тұрған басшылық лауазымдарға ауысатын қызметкерлерге олардың лауазымдарынан жоғары тұрған немесе тең дәрежелі лауазымдардағы кепілгерлердің өзінің тікелей басшылығындағыларды қоспағанда кепілдемесі қажет.
Аталған шара қаржы полициясы жеке құрамының жауапкершілігі мен тәртібін күшейтуге мүмкіндік береді.
Кепілдеме берілген адам тиісті лауазымға тағайындалған уақыттан екі жыл ішінде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық, қаржы
полициясы органдарына кір келтіретін теріс қылық немесе лауазымдық міндеттерін орындау кезінде қызметтік тәртіпті өрескел бұзған жағдайда, кепілгерлер Тәртіптік комиссия отырысында тыңдалады.
Егер кепілдеме берілген адам тиісті лауазымға тағайындалған
уақыттан бастап бір жыл ішінде өзінің қызметтік міндеттерін үлгілі
орындаса, кепілгерлер қаржы полициясы органдарының жоғары білікті басшы құрамын құруға қатысқаны үшін көтермеленетін болады.

Оцените пост

0