Саяси тұтқындарға хаттар жіберілді (Арон Атабек, Саят Ыбыраев, Роза Төлетаева)

Қазақ Ұлтшылы March 9, 2013
779
0
0
0

«Рух пен тіл» жастары 6 наурыз күні Қазақстанның саяси тұтқындары – Арон Атабек, Саят Ыбыраев пен Роза Төлетаеваға хаттар жіберді. Осы арқылы жастар биліктің әділетсіз саясаты себебінен жазықсыз...

«Рух пен тіл» жастары 6 наурыз күні Қазақстанның саяси тұтқындары – Арон Атабек, Саят Ыбыраев пен Роза Төлетаеваға хаттар жіберді. Осы арқылы жастар биліктің әділетсіз саясаты себебінен жазықсыз сотталғандарға рухани демеу көрсетті. Жастар саяси тұтқындарға әрбір айдың басында хаттар мен телеграммалар жіберіп отыратындарын мәлімдеді.

http://rukhpentil.org/?p=2148

«Әрбір айдың басында біз әділетсіз сотталған азаматтарымызға қолдау ретінде хаттар жіберіп отырамыз. Ол кісілер шындық үшін, біздің алаңсыз болашағымыз үшін күресті. Сондықтан біз олардың алдында қарыздармыз», – дейді ұйым белсендісі Жансая Айнабек.

«Рух пен тіл» жастары мұнайшылар қозғалысының белсендісі болған, ақпарат құралдары арқылы Жаңаөзен мұнайшыларының жағдайын жария еткен Роза Төлетаеваны алдағы халықаралық әйелдер күнімен құттықтап, бірнеше өлеңдерді салып жіберді. Шаңырақ оқиғасында батырлық көрсетіп, қазақтардың құқығын қорғаған Арон Атабек пен діни көзқарасы үшін сотталған атақты ғалым Саят Ыбыраевқа табандылық пен жігерлік тілеп, әз Наурыз мейрамымен құттықтады.

«Халық сіз сияқты батыр ананы сағынды! Осыны ұмытпаңыз! Сіз аман-есен оралуыңыз керексіз! Есіңізден шығармаңыз! Жанұяңыз, балаларыңыз үшін, күллі қазақ халқы үшін сіз түрмеден бостандыққа аман шығуыңыз қажет! Қамықпаңыз, сізді қолдайтын адамдардың барын ұмыт қалдырмаңыз!» делінген Р.Төлетаеваға арналып жазылған хатта.

«Рух пен тіл» ұйымы әділетсіз сотталғандардың жағдайына бей-жай қарай алмайтын азаматтық ұстанымы берік адамдарды түрмеде сіз бен біз үшін отырған Арон Атабек, Саят Ыбыраев пен Роза Төлетаеваға рухани демеу көрсетуге шақырады.

Төмендегі мекенжайлар бойынша сіздер азаматтарымызға кез келген уақытта хаттар жібере аласыздар.

Учр. УК-161/12 Қостанай облысы, Арқалық қаласы, Северный поселкесі, Арон Атабекке.

ШҚО, Семей қаласы, ТК-11 (ОВ-156/15) Ыбыраев Саят Мұратұлына

Учреждение УК – 157/11, Атырау қаласы, Сатыбалдин көшесі, 47,тел. 8 7122-461149. Роза Төлетаеваға

 

Оцените пост

0