место в рейтинге
  • 3965
  • 2
  • 0
Нравится блог?
Подписывайтесь!

ҮШІНШІ КӨЗ- АДАМНЫҢ НАҒЫЗ КӨЗІ.

Бізде, бірінші ой пайда болады, ойды сөзбен жеткіземіз, сөздің арқасында іс-әрекет жасаймыз. Ой, сөз және іс-әрекет, бұл - әрқайсымыздың өміріміздің көрсеткіші. Сондықтан,  ойына, сөзіне және ісіне қарап, бір-біріміздің өмірімізге баға береміз. Бас ми - естігенді, көргенді жазатын құрал, яғни оның қызметін магнитофонның қызметіне теңесек болады. Магнитофон жазылған мәліметті шығаратын болса, ми да жазылған мәліметтерді шығарады, сол мидағы сөздерден құрылған  мәліметтерді біз ақыл деп атаймыз. Көпшілігіміз ақылмен жүреміз, ақылмен сөйлейміз, ақылмен іс-әрекет жасаймыз, себебі бізде ақылдың екі көзі ғана ашық. Ананың құрсағынан шыққаннан бастап, біз айналамыздағылардың айтқанын жаттап, қайталаймыз, солардан көргенімізді істейміз. Ешқайсысы біздіңкі емес болғандықтан, өміріміз өмір емес сияқты болып, өзімізді жер бетінде, бір нәрсе жетіспей тұрғандай сезінеміз.  Бәрі бізге жалған секілді,  өмірде кім екенімізді, не үшін жер бетіне келгенімізді, өміріміздің соңында қайда баратынымызды білмейміз. Ақылмен жүретіндерден: «Жер бетіне келгендегі мақсатың  не?» деп сұрасаң, «Бала туу, солар басқадан кем болмаса, адамдар қатарына қосылса» деп жауап береді. Кешіресіз, қой да, сиыр да ақылмен жүреді және  қой қозысын қойлар қатарына, сиыр бұзауын сиырлар қатарына  қосылса екен деп армандайды.  Бала туу, оны өсіру, біздің санамыздың жетістігі емес, ол табиғи процесс, себебі қой да туады, өсіреді, білгенін үйретеді (жабайы адамдар да бала туған, өсірген, білгенін үйреткен). Айырмашылық - тек сол табиғи процесті біз жоғары денгейде атқарамыз. Бірақ, мақсат бір! Демек, біз олардан ұзаққа кеттік пе?

Мал, жер бетіне малдық қасиетпен келеді, кетеді. Малдық қасиет - бұл басқадан артық және жақсы жеуді, басқадан үстін болуды, қарама-қарсы жынысқа (противоположный пол) қызығуды  және айналасындағылармен жарысуды бірінші орынға мақсат етіп қою.

Ал, адаммын деп жүргендеріміздің де,  мақсатымыз – бұл байлық, билік, қарама-қарсы жынысқа қызығу және айналамыздағылармен жарыс емес пе? Сонда, біздің мақсатымыздың, қасиетіміздің  малдық мақсаттан, қасиеттен айырмашылығы қандай? Тек біз мақсатымызға жету үшін жасалған әрекетті малдан жоғары денгейде атқарамыз.

Менің түсінгенім, қой да, сиыр да, ақылмен жүреді, ақылы болмаса жардан құлап кетеді, сондықтан ақылы жоқ малды да, жындыны да темір тордың ішінде (психбольницада) ұстайды.  Малда ақыл бар, себебі миы бар, бізде де ақыл бар, себебі миымыз бар, бірақ сол ақылмен тек қана мал сияқты бір-бірімізбен жарысып күн көруіміз ғана мүмкін. Мидың  екі көзінің қасиеті - жүз метрден ұзақты көрмейді және ешқашан тоймайды.

Ал малдан бізді айыратын, тек бір ғана ерекшілігіміз - бұл бізге берілген үшінші көз. Ол көзді- жанның көзі, сананың көзі және нағыз адамның көзі деп те атайтыны құпия емес. Малдық жанда сол үшінші көз болмайды, оның орнына  малда  күн көру инстинктті болады. Біздің үшінші көзіміз бола тұрып, көпшілігіміз ояна алмағандықтан, сол күн көру инстингімен жасап жүрміз.  Малдың ойы - басқадан көбірек, жақсырақ жесе, басқадан мықтырақ болсам (сүзіп, теуіп күшін көрсетеді, солайша билік ету әрекетін жасайды), қарама-қарсы жынысқа қызықса және бір-бірімен жарысса. Ал біздің  мақсат да - байлық, билік, қарама-қарсы жынысқа қызығу және бір-бірімізбен жарысу емес пе? Демек, мақсатымыз малдың мақсатынан ұзаққа кетті ме?

Бәріміз дерлік үшінші көзімізді  аша алмай, яғни ояна алмай жүрміз. Ол көзді ашу үшін, ең бірінші орында, кім екенімізді, не мақсатта жер бетіне келгенімізді және өміріміздің соңында қайда баратынымызды білуіміз, яғни өмірдің мағынасын іздеуіміз қажет екенін түсіндім. Адаммын, пендемін дегендердің, жер бетіне бала туу, өсіру үшін, басқалардан мықты болу, жарысу үшін келгенмін дегендердің бәрі жалған екеніне, адасқанның әнгімесі екеніне менің көзім жетті.

Өмірді білеміз деп, өзінің көкірегіне ұрып, өзін  алдайтындарға айтарым: «Сіздер білетінді,үш жасар бала да біледі». Сондықтан оны білім деп айту жалған. Айырмашылық тек мынада: үш жасар бала алдамайды, қиянат жасамайды және күн көру инстинкті  дамымаған,  ал біз бір-бірімізді алдаймыз, бір-бірімізге қиянат жасаймыз, күн көру инстинктіміз, бір-бірімізбен жарысымыз нормадан артық дамып кеткен.

Айтылғандарға бір мысал келтірейін. 2010 жылы Шымкент қаласында, 20 жастағы, шашы ұзын бір орыс ұлтты жігітпен сөйлесіп, оған: «Табиғат ешнәрсені жәйдан жәй бермейтінін, не берсе де бір мақсатпен беретінін білесін, себебі табиғат дана. Шаштың да өз мақсаты бар, шашыңды  өсіріп алыпсың, демек шаштың мақсатын білерсің?» - деп сұрағанымда,  ол білмейтінін айтты. Ал, одан бұрын, басқалардан сұрағанымда, бәрі әйтеуір бір жауап айтатын, біреуі бас миы жаурамау үшін берілген десе, біреуі әдемілік үшін берілген дейтін, біреуі тағы басқа сандырақ айтатын.  Ал жаңағы жігіт білмейтінін мойындады. Жауабына қызыққан мен, «Сен аяқтың, қолдың, ауыздың, құлақтың, көздің – не мақсатта берілгенін білесің бе?»- деп сұрағанымда оны да білмейтінін айтты. Мен алдыңғыдан да көп қызығушылық білдіріп - «Жұрттың бәрі дерлік біледі ғой, сен неге білмейсің?» -дегенімде: «Те, элементарные вещи, о которых знают все, даже трехлетний ребенок, я знанием не считаю» - деп жауап бергенінде, оның даналығына көзім жетті. Осы жауап, өмірімде естіген ең дана жауаптың бірі болды.

Себебі, шындығында да,  шаштың, аяқтың, қолдың, ауыздың, құлақтың, көздің, өмірдегі, бірінші мақсаты, біз ойлағандай емес, әлдеқайда терең! Демек біз үш жасар баланың білетінін, қайталап, соны білім деп жүре береміз. Шындықты іздемейміз, өз ойымыз жоқ, бір-біріміздің айтқанымызды қайталаудан басқаға, ойымыздың өрісі жетпейді. Себебі, ақылмен жүреміз, ал ақыл – бұл біреудің  ойы.

Туылған нәресте өсіп, 7-8 жасқа келгенше ақылмен жүргені орынды, бірақ, одан кейін, ақылдан разумға (мидан жанға) өту үшін әрекеттенуіміз керектігіне көзім жетті (орысша айтқанда «перейти от ума к разуму», разум деген сөздің қазақша аудармасы болмағандықтан, орысшада жазып отырмын, ал орыс-қазақ сөздігіндегі жазылған аудармалардың бәрі сандырақ). Ақыл - мидың функциясы болса, разум - жанның функциясы, бұл  дегеніміз мидан ақыл шықса, жаннан разум шығады.  Бірақ жан ұйықтап жатса, яғни  жанның (үшінші) көзі жабық болса, разум қалай шығады, қайдан пайда болады? Әрине, сондықтан біздің көпшілігімізде разум жоқ. Разум жоқ болғандықтан, оған қазақшалап ат та қоймағанбыз, жоқ нәрсеге ат қойылмайды ғой! Ал, орыстарда жаны оянғандар көп, сондықтан разум деген сөздері бар.

Менің түсінгенім, әр-бір жан, терең ұйқыдан оянуды мақсат етіп, әрекет жасамаса немесе жасаған әрекеті дұрыс болмаса, қалай оянады, яғни қалай үшінші көзі ашылып, разум пайда болады?  Жанның көзі ашылмағандықтан, көпшілігіміз денеміздің құлы болып, яғни  нәпсінің бәрі денеде болғандықтан, нәпсіміздің құлы болып, бір-бірімізбен жарысып, бекерге жер бетіндегі қымбат уақытымызды өткізудеміз. Ал, мақсатымыз жоғарыдағыдай.

Егер өмірге деген көзқарасымызды өзгертпесек, яғни оның бірден-бір жолы, үшінші көз ашылмаса (разум болмаса), ақылдың екі көзімен, ақымақ болып, үш жасар бала сияқты көргенімізді, естігенімізді ғана қайталап, адасып жүре беретінімізге көзім жетті.

Өздеріңіз баға беріңіз, қалай дұрыс? Ақылмен жүру, ақылмен сөйлеу, ақылмен оқу, ақылмен сүю, ақылмен жұмыс жасау ма? Әлде, жаныңмен жүру, жаныңмен сөйлеу, жаныңмен оқу, жаныңмен сүю және жаныңмен жұмыс жасау ма?

Ал, меніңше, не істесең де, ақылды тек құрал есебінде пайдаланып, жаныңмен  істегенің дұрыс, сонда ғана әрекетің бекер кетпейді, демек өмірің мағыналы болады. Бірақ, жанмен істеу үшін адамның нағыз  көзі ашылуы керек!

 

Сарыағаш аудандық емханасының нарколог дәрігері:                     И.Жунисбеков.

Тел: 87019535042, үй тел: 872537 51074

 
Ibragim_Zhunisbekov
15 марта 2013, 22:28
1166

Загрузка...
Loading...

Комментарии

Жанның көзі ашылмағандықтан, денеңіздің құлы болып, яғни нәпсінің бәрі денеде болғандықтан, нәпсіңіздің құлы болып, бір-біріңізбен жарысып, бекерге жер бетіндегі қымбат уақытыңызды өткізуде екеніңізді айтып зар жылап отырсыз, Орыстар "разумы" бар халықтар да, қазақтар "разумсыз" болса, сол "разумы" бар халықтың соңына еріп күн көрсейші!

Оставьте свой комментарий

Спасибо за открытие блога в Yvision.kz! Чтобы убедиться в отсутствии спама, все комментарии новых пользователей проходят премодерацию. Соблюдение правил нашей блог-платформы ускорит ваш переход в категорию надежных пользователей, не нуждающихся в премодерации. Обязательно прочтите наши правила по указанной ссылке: Правила

Также можно нажать Ctrl+Enter

Популярные посты

Инструкция для аллергиков. Как бороться с аллергией в период обострения

Инструкция для аллергиков. Как бороться с аллергией в период обострения

Я аллергик с детства. Имею аллергию на пыльцу березы, липы, полыни (выяснил это благодаря кожным пробам), а также пищевую аллергию на горчицу. Свои проблемы знаю, однако это меня не спасло.
Romeo_17
15 авг. 2017 / 17:21
  • 38665
  • 63
СМИ – ассистент провокаторов? Как гости из соседних стран сеют раздор в Казахстане

СМИ – ассистент провокаторов? Как гости из соседних стран сеют раздор в Казахстане

Инцидент с пьяным киргизским гостем на борту Air Astana, наверное, остался бы только во внутренних сводках авиакомпании, если бы г-н Доган, не поднял громкий крик о государственном языке.
openqazaqstan
17 авг. 2017 / 14:43
  • 10445
  • 171
Алматы предложили сделать центром секс-туризма

Алматы предложили сделать центром секс-туризма

Известный политолог России Андрей Карпов предложил сделать Алматы центром секс-туризма. Но для этого сперва нужно легализовать проституцию в стране.
tala03
13 авг. 2017 / 14:48
Казахский национализм раньше выглядел несовременно. Теперь он другой

Казахский национализм раньше выглядел несовременно. Теперь он другой

Националисты стали совсем другими. По-английски хорошо говорят, русскую классику цитируют. Очень современные, образованные, адекватные. А после Крыма в националисты уже чуть ли не любой казах готов был записаться.
Aidan_Karibzhanov
16 авг. 2017 / 16:52
Имеющий уши да услышит. Латиница касается только казахского языка

Имеющий уши да услышит. Латиница касается только казахского языка

Президент Назарбаев наконец-то разъяснил для всех, кто ещё не понял, очевидный вопрос, который всем в Казахстане очевиден. Елбасы повторил: на латиницу мы переводим казахский язык, и это не означает отказ от русского языка.
openqazaqstan
18 авг. 2017 / 16:23
  • 2359
  • 44
«Доехать до Алтын Орды» – как мошенники обманывают алматинцев

«Доехать до Алтын Орды» – как мошенники обманывают алматинцев

Из множества грустных откровений постепенно сложился перечень самых распространённых уловок охотников за нашими деньгами. В нём ожидаемо лидировали профессиональные попрошайки.
caravan_kz
16 авг. 2017 / 15:05
  • 1999
  • 2
В Кокшетау строят два парка для молодёжи. Будут учтены интересы и любителей спорта

В Кокшетау строят два парка для молодёжи. Будут учтены интересы и любителей спорта

Общая площадь парка составляет 25 гектаров. На территории предусмотрено устройство прогулочных дорожек, площадок для установки аттракционов и павильонов различного назначения, цветников.
zhasakmola
17 авг. 2017 / 17:13
  • 1862
  • 1
Недоразумение с грантами в ВУЗы: «медалисты» до сих пор имеют преимущество

Недоразумение с грантами в ВУЗы: «медалисты» до сих пор имеют преимущество

Многие способные выпускники без Алтын Белги готовились к тестированию, чтобы в честной борьбе попытать счастья на гранты без ущемления со стороны якобы "золотых" выпускников.
DanaJarlygapova
14 авг. 2017 / 14:35
Новый конкурс на грантовое финансирование – разочарование для казахстанских ученых

Новый конкурс на грантовое финансирование – разочарование для казахстанских ученых

Обсуждение новых условий началось ещё давно, но стоит ли ожидать качественного улучшения результатов научно-исследовательской деятельности, если система управления наукой не была модернизирована?
ermekuss
17 авг. 2017 / 12:23
  • 1697
  • 1