Жеңімпаздар анықталды

МО РК 2013 M02 24
315
0
0
0

Астанада Қорғаныс министрлігі Орталық аппараты құрылымдық бөлімшелерінің, Ақмола өңірлік гарнизоны әскери бөлімдері мен мекемелерінің әскери қызметшілері арасында шаңғымен жарыстан чемпионат...


Астанада Қорғаныс министрлігі Орталық аппараты құрылымдық бөлімшелерінің, Ақмола өңірлік гарнизоны әскери бөлімдері мен мекемелерінің әскери қызметшілері арасында шаңғымен жарыстан чемпионат  өткізілді.

Чемпионатқа 34 команда қатысып, 140 әскери қызметші жарыс жолына шықты. Чемпионат жалауы астаналық мәдениет және демалыс паркінің шаңғы  жарысы жолында көтерілді. Талап бойынша ерлер бес, әйелдер екі жарым шақырым қашықтықты жүгіріп өтуі тиіс.

Жарысты ұйымдастырып, өткізуге Армия орталық спорт клубы – Спорт комитеті мұрындық болды. – Жарысқа қатысушылар отызға дейінгі және отыздан жоғары жастағы  офицерлер, келісім шарт бойынша әскери қызметшілер, әйел әскери қызметшілер болып төрт санатқа бөлінді,- деп түсіндірді АОСК Дене тәрбиесі мен спорт жөніндегі басқармасының өкілі подполковник Талғат Қошанов.

Чемпионат қорытындысы бойынша командалық біріншілікте бірінші орынды Құрлық әскерлері бас қолбасшысының басқармасы иеленді. Екінші орынды Тыл басқармасы бастығының өкілдері, ал үшінші орынды 14776 әскери бөлімінің шаңғышылары місе тұтты.

ҚР ҚМ Баспасөз қызметі

Оцените пост

0