Әскерге шақыру жоспары бекітілді

МО РК 2013 M02 20
841
0
0
0

Әскерге шақыру жоспары бекітілді 2013 жылғы көктемгі әскерге шақыру науқаны қарсаңында Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыру туралы Кешенді...

Әскерге шақыру жоспары бекітілді2013 жылғы көктемгі әскерге шақыру науқаны қарсаңында Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыру туралы Кешенді жоспарын бекітті.

Аталған құжат жастарды Қарулы Күштер қатарына шақыруды сапалы өткізу және әскери қызметті пәрменді насихаттау мақсатында жасалынды.   Кешенді жоспарда медициналық куәландыру, идеологиялық және психологиялық жұмыстар, нормативті-құқықтық қамтамасыз ету шаралары көрсетілген. Жоспардағы әскерге шақыру науқанын сапалы әрі тиімді жүзеге асыруға Қарулы Күштердің  барлық құрылымдық бөлімшелері тартылған.

Әскерге шақыру басталғанға дейін Қорғаныс істері жөніндегі департаменттер мен басқармаларда уақытша және тұрақты қызмет көрсететін  медициналық комиссиялар құрылады. Қазір медицина қызметкерлері өз жұмыстарына қажет медициналық құралдарды, жабдықтарды дайындауда.

Идеолог-офицерлердің қатысуымен әскерге шақырылушылармен өткізілетін Отансүйгіштікті күшейту, экстремистік және іріткі салатын діни бағыттағы ағымдарға қарсы тұруға арналған әңгімелердің тақырыбы әзірленді. Сондай-ақ, «Ерлік сабағы», «Жас армияшылар күні» сияқты шараларды әскерге шақырылушы жастармен өткізудің жоспары жасалынды. Әскери бөлімдердің әскерге шақырылушыларды  қабылдауға әзірлігін тексеретін арнайы комиссия құрылды.

Жас сарбаздарды казармаларға орналастыру және тұрғын үй казармалық қордың мерзімі белгіленді. Қазіргі  таңда әскери бөлімдерде казармаларды, асханаларды, кір жуу комбинаттарын  дайындау жұмыстары жүргізілуде. Кейбір әскери бөлімдерде мерзімді әскери қызметшілер орналасатын орындарда бейне бақылау  жүйелерін орнату қолға алынуда.Азаматтарды мерзімді әскерге шақыру туралы Кешенді жоспарында әскерге шақыру науқанының барлық мәселелері қамтылғанын атап өткен жөн.

ҚР ҚМ Баспасөз қызметі

 

Оцените пост

0