• 68919
  • 172
  • 11
Нравится блог?
Подписывайтесь!

Samsung ATIV Smart PC Pro 700T планшетті компьютерге шолу

 

Бүгін "Үй" атты лабораториямда жаңа өнім - Samsung ATIV Smart PC Pro 700T. Samsung ATIV Smart PC 500T атты планшеттің жаңартылған түрі немесе ағасы десек те болады.  Бұл планшетті компьютерді сатып алуға тұрарлық па? Бәсекелестерінен қай жері артық немесе кем? Өзінің бағасына сапасы жауап бере алады ма? Осы сұрақтарға және де басқа да сұрақтарға бірге жауап іздейік.

Preview

Техникалық сипаттамалары

Samsung ATIV Smart PC Pro 700T
Дисплей PLS, 11.6 дюйм, 1920x1080 нүкте, жылтыр, сенсорлы, Wacom дигитайзері
Көлемі Планшет: 304x189x12 мм
Салмағы планшет: 888 грамм, док-станция: 725 грамм
Операциалық жүйе
Windows 8 (64-разрядтық нұсқа)
Процессор Intel Core i5-3317U, 1.7 ГГц (Turbo Boost 2.6 ГГц дейін)
Графика Intel GMA HD4000
Жедел жады 4 ГБ
Жинақтаушы mSATA SSD 64 ГБ
Байланыс түрлері
Wi-Fi 802.11b/g/n (MIMO 2x2), Bluetooth 4.0
Ұяшықтар Планшет: USB 2.0, microHDMI, аудиоұяшық, кардридер. Док-станция: 2хUSB 2.0
Камера Алдыңғы камера 2 МП, артқысы 5 МП;
Батарея лити-ионды, 49 Вт-сағ
Қосымша стилус (қаламұш)

Сыртқы келбеті және конструкциясы

Photo by Alisher Toiguliyev, for Smartshow

Photo by Alisher Toiguliyev, for Smartshow

Photo by Alisher Toiguliyev, for Smartshow

Сыртынан қараған кезде (док-станцияға қосулы тұрған кезде) нетбуктен айыра алмай қаласыз. Қолға алғанна кейін ғана айырмашылық байқалады. Ал дизайн жағынан 500T моделіне қатты ұқсайды. Өзгешелігі көп емес, түсі, ауа алмастыруға арналған арнайы тесіктері және тағы басқа кішігірім айырмашылықтар бар.

Компания бұл өнімді планшетке жақын қылып шығарған. Жақын емес, Windows 8 Операциялық жүйесі орналасқан планшет + док-станция.

Бұл жай ғана планшет емес. Сипаттамаларын қарап шықсаңыз қызықты қосымшаларға толы екенін байқауға болады. Мысал ретінде процессорын алайық. Орнатылған процессор Intel Core i5-3317U1.7ГГц, Turbo Boost қосқан кезде өнімділігін 2.6ГГц-ке дейін көтеруге болады. Өнімділігіне әлі қайтадан тоқталамыз.

Photo by Alisher Toiguliyev, for Smartshow

Photo by Alisher Toiguliyev, for Smartshow

Photo by Alisher Toiguliyev, for Smartshow

Планшетте бір USB ұяшық, HDMI, MicroSD флэшкаға арналған ұяшық, қуаттану көзін қосатын орын және құлаққап қосуға арналған 3,5мм-лік ұяшық. Пернетақтасында (док-станция), планшетпен қосылатын жерінен бөлек, 2 USB порт және қуат алуға арналған орын бар. Док-станция жайлы төменде толығырақ тоқталып кетемін.

Экран

Samsung ATIV Smart PC Pro 700T планшеттің экраны өте жоғарғы сапада және өлшемі Windows операциялық жүйесі үшін айтарлықтай көп. Экран өлшемі FullHD (1920x1080). Диагональ 11,6 дюйм. Өлшемі жоғары яғни жақсы деуге асықпас едім. Себебі бұндай диагональмен, соған сәйкес FullHD экран қарсы рөл ойнап тұр. Экрандағы элеметтер кішірейіп, тура басуға кедергі жасайды, әсіресе браузер және жұмыс үстелінде.

Стилус S Pen немесе қаламұш

Photo by Alisher Toiguliyev, for Smartshow

Photo by Alisher Toiguliyev, for Smartshow

Photo by Alisher Toiguliyev, for Smartshow

Photo by Alisher Toiguliyev, for Smartshow

Қаламұшты көбінесе графикамен жұмыс істегенде қолданған ыңғайлы. Photoshop, Coral Painter, Paint, S Note деген бағдарламалар қаламұш үшін жаралған. Экран өлшемі өте жоғары және өнімділігі де жаман емес болғандықтан, жазу сапасы да жоғарғы деңгейде.

Дауысы

Дауысының сапасы өте жақсы. Динамиктері дәл қолданушыға қарап тұрғандықтан барлық дауыс жақсы естіледі. Бірақ төменгі жиіліктерде әлсіз.

Жұмыс істеу уақыты

Photo by Toiguliyev Alisher, For Smartshow

Планшет алынбайтын литий-ионды батареямен жабдықталған. Және жинақтамада өте ыңғайлы зарядтаушы қондырғы бар. Толық зарядпен ұзақ уақыт жұмыс істеуге болады (Егер ноутбуктар тобымен салыстыратын болсақ). Өте жоғары жүктеме кезінде планшет шамамен 2 сағат 50 минут жұмыс жасады. Ал 50% экран жарығымен видео көрген кезде 7 сағаттай жұмыс жасады. Планшеттермен салыстырғанда орташа көрсеткіш.

Пернетақта (док-станция)

Photo by Toiguliyev Alisher, For Smartshow

Пернетақта планшетпен бірге жинақта беріледі. Атқаратын қызметі тек теру және тачпад емес, соған қоса 2 USB-порты бар. Тышқан немесе басқа да қосымшаларды қосуға болады. Ал кемшілігі жағынан, планшет тұрған кезде соңына дейін ашылмайды, яғни белгілі бір бұрышта тоқтайды. Егер сындырып алғыларыңыз келмесе қатты ашу керек емес. Мүмкін бұлай жасаған себебі планшеттің салмағына байланысты болу керек. Әрі қарай аударылып кетпес үшін солай шектеу қойған шығар. Бірақ пернетақтамен жазу өте жағымды.

Өнімділігі

Photo by Toiguliyev Alisher, For Smartshow

Photo by Toiguliyev Alisher, For Smartshow

Photo by Toiguliyev Alisher, For Smartshow


Photo by Toiguliyev Alisher, For Smartshow

Samsung Ativ Smart PC Pro 700T планшетінде 2 ядролы Intel Core i5-3317U процессоры орнатылған. Процессор 512 КБ 2-деңгейлі кэш және 3 МБ 3-деңгейдегі кэш-жадымен жабдықталған. Ал жиілігі 1.7ГГц, Turbo Boost арқылы 2.6ГГц-ке дейін көтеруге болады. Өнімділігін бағалайтын бөлімшеде ең кемі 4,9/9,9 - деген баға берді. Менің ойымша бұл көрсеткіштер планшет үшін өте жақсы. Photoshop немесе басқа да графикалық редакторларда уайымдамай жұмыс жасай аласыздар.

Intel процессорлары, бәсекелестеріне қарағанда өнімділігі жағынан жоғары екені барлығымызға мәлім. Мысал ретінде, PCMark Vantage көрсеткіші бойынша 10990 балл, ал графикалық өнімділігі жағынан 3DMark Vantage көрсеткіші бойынша 2650 балл жинады. Ішкі файлдар алмасу жылдамдығы шамамен 180 МБ/сек.

Салыстыру

Планшет болғандықтан, сыртқы келбетін iPad-пен салыстырып көрейік. Ал ішкі жағын немесе басқа жақтарын салыстыру мүмкін емес. Себебі екеуі екі түрлі топтағы планшеттер.

Photo by Toiguliyev Alisher, For Smartshow

Photo by Toiguliyev Alisher, For Smartshow

Photo by Toiguliyev Alisher, For Smartshow

Photo by Toiguliyev Alisher, For Smartshow

Ешқандай қосымша сипаттауды қажет етпейді. Қайсысы және қалай ұнайтынын өздеріңіз таңдап аларсыздар. iPad-пен толық жұмыс жасай алмайсыздар, көп нәрседен шектелген. Ал Samsung-та еш қиналмай жұмысыңызды жасай берсеңіз болады.

Қорытынды

Samsung ATIV Smart PC Pro 700T Windows 8 операциялық жүйесіндегі және Intel процессорларын қолданатын планшеттер арасында ең мықтысы. Алайда әр қондырғының кемшіліктері бар. Бүгінгі өнімнің басты кемшілігі, док-станция қосулы кезде, элементтерінің кішкентай болуы және тізеге қойып жұмыс істеудің ыңғайсыздығы. Док-станция толық ашылуына жол бермейді және салмағы сәл ауырлау. Егерде сіз офиста немесе университетте отыратын болсаңыз, бұл өнім дәл сіз үшін. Мысалға, сіз жұмыста маңызды бір жұмысыңызды аяқтай алмай қалдыңыз, дәл осы кезде, Samsung ATIV Smart PC Pro 700T өзінің артықшылығын көрсете алады. Қайтып бара жатқан кезде, док-станциясынан ажыратып алып жұымысыңызды жалғастыра берсеңіз болады. Процессоры өте жақсы болғандықтан, тез және сапалы жұмыс істей аласыз.

Жеке менің ойымша бұл өнім нетбуктер немесе планшеттер нарығында өзінің орнын ала алады. Бірақ  Smart PC Pro 700T барлық адамдарға арналмағаны анық. Егерде сіз ойын үшін немесе ұзақ уақыт жұмыс істегіңіз келсе, Samsung ATIV Smart PC Pro 700T сіз үшін емес. Бұл мақсатта дербес компьютер қолданғаныңыз жөн.

Сатып алуға 4 себеп:

1) Аса жоғары сапалы PLS-экран

2) Wacom дигитайзері

3) Өнімділік. Atom процессорымен салыстырғанда әлдеқайла тез жұмыс істейді.

4) Жұмыс істеу уақыты

5) Қаламұшпен жұмыс істеу. Суретші, дизайнер және басқа өнер адамдары үшін таптырмас өнім.

Қаншаға және қай жерден алуға болады

Samsung ATIV Smart PC Pro 700T планшетін "Мечта" "Технодом" сауда ораталықтарынан алсаңыздар болады. Бағасы шамамен 217000 тг.

SmartShow редакциясы ұсынылған девайс үшін Samsung Electronics Kazakhstan компаниясына алғысын білдіреді.

(с) Alisher Toiguliyev SmartShow үшін

Alisher Toiguliyev toiguliyev
26 февраля 2013, 3:43
5963

Загрузка...
Loading...

Комментарии

ibaga
0
0
менің оймыша бұл компьютер, нағыз дизайнер немесе өте уақыты аз PR мамандарына арналған)
ал қалғандарыңызға нетбук та жетіп жатыр. 5 есе аз ақшаға түседі=)
Маған нексус 7нің соңғы моделі немесе ipad mini де жетіп қалар ед
немесе Galaxy Note 10.1
келісемін, бағасы қымбаттау.
""Windows 8 (64-разряддық нұсқа)""

Разрядтық
cray
0
0
тсс... ашулы редактор келеді қазір
Айтыңыздаршы Lenova, Asus, Samsung өнімдерінің планшеттеріне таңдау жасай алмай жүрмін. Қайсысын таңдаған дұрыс деп ойлайсыз?

Оставьте свой комментарий

Спасибо за открытие блога в Yvision.kz! Чтобы убедиться в отсутствии спама, все комментарии новых пользователей проходят премодерацию. Соблюдение правил нашей блог-платформы ускорит ваш переход в категорию надежных пользователей, не нуждающихся в премодерации. Обязательно прочтите наши правила по указанной ссылке: Правила

Также можно нажать Ctrl+Enter

Популярные посты

Маргулан Сейсембаев: Об идеальных учителях, финской модели обучения и дисциплине

Маргулан Сейсембаев: Об идеальных учителях, финской модели обучения и дисциплине

Крупнейшая частная школа осознала, что внедрять финскую модель в чистом виде в Казахстане, не имеет смысла. Нельзя давать детям свободу без "идеальных" учителей.
Zhumanova
вчера / 8:18
  • 5055
  • 7
О проститутках, ЗППП и других сексуальных страстях

О проститутках, ЗППП и других сексуальных страстях

У меня обширный сексуальный опыт, и я этим не хвастаюсь. Будь у меня возможность, променял бы это всё на одного партнёра. Но так как с личной жизнью не заладилось, а секс я очень люблю, то приходилось изворачиваться.
bez_prav
18 окт. 2017 / 18:01
Я помню тот день, когда мне позвонили друзья и сообщили: «Она выходит замуж». Часть 2

Я помню тот день, когда мне позвонили друзья и сообщили: «Она выходит замуж». Часть 2

Я знал дату свадьбы. За неделю до свадьбы в соцсети "Вконтакте" на все мои последние фото, был проставлен лайк с её профиля. Сердце забилось сильнее. В душе загорелась наивная, крошечная надежда.
Dominator-kz
17 окт. 2017 / 15:41
Льготное кредитование для молодежи Алматы. Не хоромы, но для начала неплохо

Льготное кредитование для молодежи Алматы. Не хоромы, но для начала неплохо

Если вам нет 35 лет и у вас нет своего жилья, то есть интересная гос.программа. Нишевая программа - молодые семьи Алматы до 35 лет, семья - это как минимум 2 супруга без детей.
DanaJarlygapova
19 окт. 2017 / 16:21
Мой парень – «тиран». Почему я вступила в такие отношения?

Мой парень – «тиран». Почему я вступила в такие отношения?

История из моей жизни. Я вспоминаю эти отношения и сама не могу понять - как так произошло? А дело в том, что вы и сами не заметите. Это наступает плавно и динамично.
Altynai_JA
18 окт. 2017 / 14:17
Доверяют ли граждане Казахстана полицейским? Социальный опрос

Доверяют ли граждане Казахстана полицейским? Социальный опрос

Борьба с оборотнями в погонах идёт не один год, но без особого эффекта. Это даёт повод подробнее поговорить о нашей полиции и её проблемах. Как относятся к полицейским казахстанцы?
voiceQZ
20 окт. 2017 / 18:42
  • 2631
  • 41
Как и где найти дешевые авиабилеты?

Как и где найти дешевые авиабилеты?

Дешевые авиабилеты и не только. Какими сайтами воспользоваться лучше всего? Байки о том, что чем раньше вы покупаете билет, тем дешевле, не всегда верны и точны.
dianaobyrne
вчера / 9:25
  • 2197
  • 15
Сказ об офисных планктонах. А какой работник ты?

Сказ об офисных планктонах. А какой работник ты?

Я проработала во многих компаниях и повстречала очень много разных интересных людей. Исходя из моих наблюдений, могу описать несколько категорий работников. Может, речь пойдет о ком-то из вас…
Altynai_JA
18 окт. 2017 / 17:51
  • 2035
  • 20
«Автобусная неделя». Выдержит ли аким Шымкента давку в общественном транспорте?

«Автобусная неделя». Выдержит ли аким Шымкента давку в общественном транспорте?

Аким Шымкента Габидулла Абдрахимов нашёл решение накопившихся проблем городского транспорта. Все ключевые работники акимата некоторое время будут сами ездить на автобусах.
openqazaqstan
18 окт. 2017 / 10:53
  • 1970
  • 36