• 23294
  • 6
  • 1
Нравится блог?
Подписывайтесь!

Берік ЖАҒЫПАРОВ: «ЖЕЗҚАЗҒАН ЕКІНШІ ЖАҢАӨЗЕНГЕ АЙНАЛЫП КЕЛЕДІ»

«Егер билік өкілдері бұл іске араласпаса, Жезқазғанда екінші Жаңаөзен орын алуы мүмкін. Біз ешкімді қорқытып отырғанымыз жоқ, тек «Қазақмыс» басшылығының бассыздығы халықтың ашу-ызасын келтіріп отыр. Мұның арты жақсылыққа апармайды». Бүгін Алматыда «Молодежная газетаның» бас редакторы Берік Жағыпаров ұйымдастырған баспасөз жиынында жезқазғандықтардың жағдайын дәл осылай бағалады.

http://janaozen.net/94-azamat/berk-zhayparov-zhezazan-eknsh-zhaazenge-aynalyp-keled.html?lang=kz

Атап өту керек, жезқазғандық журналистті 9 ақпанда «Қазақмыс» жұмысшыларының «заңсыз наразылық шарасын» ұйымдастырды деп 7 тәулікке қамауға алған еді. Журналистің айтуынша, жексенбі күні полицияның 5 автокөлігі мен 30 құқыққорғау қызметкері үйін айнала қоршауға алып, күшпен бөлімшеге алып кеткен. Сөйтіп бір күн қамауға алынып, келесі күні 11 ақпанда әкімшілік жаза қолданған.

Баспасөз конференциясында Берік Жағыпаров Жезқазғандағы жалғыз тәуелсіз басылымның жабылуы мен тиражының ұрлануы «Қазақмыс» басшылығының тапсырмасымен жасалғанын мәлімдеді. Мемлекет басшысы, үкімет, парламент депутаттарының корпорация басшылары Ким мен Огайдың жемқорлық фактілерін назар аударып, оны тоқтатуға шақырды. Мәселен, осыған дейін «Қазақмыстағы» заңбұзушылықтарды айыптаған ардагерлер кеңесінің төрағасы Мырқы Ақпанбетов те оңбай «таяқ жеген». Ақсақалды қызметінен қуып шығаруға тырысқан.

Белгілі болғандай, жақын уақытта жұмысшылар қысқаруы мен жаңа кен орындарының ашылмауынан Жезқазған қаласынан «Қазақмыс» корпорациясы кететін болса, қала халқының 60 пайызы жұмыссыз қалуы мүмкін. Бұған қоса, таяуда жұмысшылардың медициналық мекемелері жабылған.

«Халықтың 60 пайызы «Қазақмыста» жұмыс істейді. Корпорация қызметін тоқтататын болса, бәрібір де үлкен наразылық болады. Соңғы жылдары жаңа кен орындары ашылған жоқ, демек, болашақта жұмысшылар қысқарады. Кен орнын ашу Атом электростанциясын ашумен бірдей, салынуына 10 жыл уақыт кетеді. Қазіргі таңда жұмысшылар қысқартылып жатқандықтан, «Қазақмыс» қызметі тоқтауы мүмкін», - деді Б.Жағыпаров.

Сонымен бірге, «Қазақмыстағы» қаржылардың қалай жымқырылатынын айтып беріп, тәуелсіз аудиторлық тексеру жүргізу қажеттілігіне назар аудартты. «Ондағы шынайы жағдайдың қандай екеніне көз жеткізу үшін тәуелсіз аудиторлық тексеру жүргізу қажет. Мысалы бұрын мыстың өз бағасы 2000 АҚШ доллары болса, қазір 8000 доллар. Бірақ бағасын өсіру үшін қажетті техниканың, құрал-жабдықтардың бағасы өскен жоқ. Сондықтан бұл еш себепсіз өсіру. Басшылық шын мәнінде мыстың бағасы 6000 доллар, ал кірісі 2000 доллар дейді. Дегенмен, ол ақшаның жартысы өз қалталарына кетіп жатыр», - дейді ашынған журналист.

Жиында жария болғандай, корпорация тіпті, автокөліктер есебінен де қаржы табатын көрінеді. Мысалы, корпорация көліктерінің барлығы жеке меншік компанияның қол астында екен. Егер басшылықтағы бір лауазымды тұлғаға 80000 долларға «Ландкрузер 200» көлігін сатып алса, ол көлікті қайта жеке меншік компанияға қызмет көресету үшін береді. Сөйтіп қызмет көрсеткені үшін 1 млн теңге төленеді екен. Егер жүргізушінің жалақысы 50 мың теңге, жанармайға 50 мың теңге көлемінде ақша жұмсалса, қалған 900 мың теңгенің қайда кететіні белгісіз.

«Жұмысшылар жалақысын жоғарылатуға ат салысқан кәсіподақ жетекшісі Сәуле Сейдахметованы жұмыстан шығарған соң, олардың жалақысы бірден 15 пайызға төмендеп кетті. Әкімшіліктің сайлаған кәсіподақтары пайда болды. Енді жұмысшылардың құқығын қорғайтын адам жоқ. Егер билік өкілдері бұл іске араласпаса, Жезқазғанда екінші Жаңаөзен орын алуы мүмкін. Біз ешкімді қорқытып отырғанымыз жоқ, тек «Қазақмыс» басшылығының бассыздығы халықтың ашу-ызасын келтіріп отыр. Мұның арты жақсылыққа апармайды», - деді ол.

Ал баспасөз жиынының соңында Берік Жағыпаров «Қазақмыстағы» ұрлық пен жемқорлықты, бассыздықты қоғамға жария ету үшін SEKRETOVJEZA.NET веб-сайтын ашатынын мәлімдеді. Жаңа ақпарат құралы арқылы билік пен қоғам назарын жұмысшылар жағдайына аудартқысы келеді.

 
Қазақ Ұлтшылы kaznationalist
19 февраля 2013, 15:54
573

Загрузка...
Loading...

Комментарии

Оставьте свой комментарий

Спасибо за открытие блога в Yvision.kz! Чтобы убедиться в отсутствии спама, все комментарии новых пользователей проходят премодерацию. Соблюдение правил нашей блог-платформы ускорит ваш переход в категорию надежных пользователей, не нуждающихся в премодерации. Обязательно прочтите наши правила по указанной ссылке: Правила

Также можно нажать Ctrl+Enter

Популярные посты

Казком берет комиссии за оплаты по карте. Почему на это закрывают глаза Visa и MasterCard?!

Казком берет комиссии за оплаты по карте. Почему на это закрывают глаза Visa и MasterCard?!

Покупаешь в супермаркете продукты на 5000 тенге и банк забирает себе еще 30-50 тенге. То есть, продукты обошлись уже не в 5000, а в 5050 тенге.
ValentinaVladimirska
25 мая 2017 / 22:56
  • 12597
  • 24
Узаконенное варварство в стране, принимающей «EPXO». Еще далеко нам до «топ-30 развитых стран»

Узаконенное варварство в стране, принимающей «EPXO». Еще далеко нам до «топ-30 развитых стран»

В продвинутых государствах едва ли поймут, почему в столь развитом, успешном и преуспевающем Казахстане от имени и по заданию властей творятся такие зверства над животными.
openqazaqstan
24 мая 2017 / 12:12
  • 10605
  • 102
Поддержим пенсией жиреющие банки! На что казахстанцам разрешат досрочно тратить свои накопления в ЕНПФ

Поддержим пенсией жиреющие банки! На что казахстанцам разрешат досрочно тратить свои накопления в ЕНПФ

Со стороны ЕНПФ в очередной раз прозвучало крайне неоднозначное заявление, от которого, на наш взгляд, лучше было бы воздержаться.
openqazaqstan
23 мая 2017 / 11:08
  • 9714
  • 32
Вырубка деревьев в Алматы под БРТ. Проект уже нанес городу экологический ущерб

Вырубка деревьев в Алматы под БРТ. Проект уже нанес городу экологический ущерб

Как ранее уже сообщалось из-за строительства БРТ в Алматы пострадают значительное количество деревьев. На прошлой неделе вырублены первые вязы и клён, - под расширение проезжей части на улице...
SKYFALL
24 мая 2017 / 17:20
  • 8961
  • 12
Системная коррупция стала главной угрозой для Казахстана. У нас воруют миллиардами

Системная коррупция стала главной угрозой для Казахстана. У нас воруют миллиардами

Коррупционные отношения вышли на такой уровень, что они уже начинают дискредитировать всю систему управления.
openqazaqstan
26 мая 2017 / 13:45
  • 7957
  • 34
Что бы ни сделал пешеход – все равно водитель сядет

Что бы ни сделал пешеход – все равно водитель сядет

Вопрос о равной ответственности водителя и пешехода при наезде на последних, только-только начинают обдумывать в высоких кабинетах. Но, пока государственные головы думают, водители продолжают...
Mirogloff
22 мая 2017 / 23:29
  • 5047
  • 32
Пока полицейские будут прощать, им будут бить и по чести, и по лицу

Пока полицейские будут прощать, им будут бить и по чести, и по лицу

Судья Алмалинского районного суда Куаныш Арипов ломает стереотипы отношения граждан к представителям Фемиды. Напавшему на полицейского экс-сотруднику алматинского акимата он назначил наказание выше...
Mirogloff
24 мая 2017 / 16:41
  • 3844
  • 9
Да-да, я знаю, пора выходить замуж. Есть ли у меня еще время и, пожалуйста, уточните сколько?

Да-да, я знаю, пора выходить замуж. Есть ли у меня еще время и, пожалуйста, уточните сколько?

Итак давайте сразу начистоту. Мне 29. Не замужем, никогда не была, детей нет. В душе я совсем не чувствую этот возраст. Каждый раз когда задумываюсь об этом больше чем на 3 минуты, меня накрывает...
user2017
23 мая 2017 / 10:57
Аблязов загробным голосом декларирует «ДВК-2». Монолог обиженного человека

Аблязов загробным голосом декларирует «ДВК-2». Монолог обиженного человека

Последний монолог Аблязова о «продолжении борьбы с режимом» и «ДВК-2», при всём желании, не выглядел как какой-то политический манифест.
openqazaqstan
25 мая 2017 / 13:53
  • 3103
  • 62