КЕДЕН ОДАҒЫ КҮЙРЕП ЖАТЫР

Қазақ Ұлтшылы 2013 M02 14
1129
0
0
0

Кеден одағындағы (КО) экономикалық тиімсіздіктерге Қазақстан кінәлі болып шықты. Ресей Федерациясының Орталық банкі осындай мәлімдеме жасады. Бұған қоса, өткен жылдың көрсеткіштері КО-да «өмір сүру»...

Кеден одағындағы (КО) экономикалық тиімсіздіктерге Қазақстан кінәлі болып шықты. Ресей Федерациясының Орталық банкі осындай мәлімдеме жасады. Бұған қоса, өткен жылдың көрсеткіштері КО-да «өмір сүру» үш дербес мемлекетке оңай тимегенін көрсеткен.

Ресейдің КО-да экономикалық шығынға батуын «Коммерсант» газеті жазды. Онда көршіміздің 2012 жылы ішкі сауда айналымы 2,2%-ға төмендеген. Сарапшылар, Ресей экономикасының төмендеу себебі – Қазақстанға Қытайдан лицензиясыз, заңсыз тауарлардың келуі деп отыр.

http://janaozen.net/bzd-zaman/keden-oday-kyrep-zhatyr.html?lang=kz

РФ-ның Орталық банкі хабарлағандай, «Тауар сатуда Ресей 1 млрд долларға шығындалып, жалпы көлемі 193,8 млрд долларды құраған. Сөйтіп 2009 жылдан бері бірінші рет 2,2%-ға дейін төмендеген». Дегенмен бұл КО-ның Ресейге сыйлаған жалғыз жемісі осы емес. «Макроэкономикалық анализ және қысқа мерзімді болжамдар орталығы» өткен жылы үштік одақ Ресейдің экономикасын нашарлатқанын айтады.

«Мұнай мен газ экспортының кірісін есептемегенде, ішкі сауда сальдосы төмен нәтижелерді көрсетті және бұл айырмашылық өсіп келеді. Сарапшылар КО елдері Қазақстан және Белоруссия арасындағы экспорт көлемін 524,7 млрд доллар, ал импортты 312,6 млрд доллар болатынын болжаған. Бірақ РФ-ның Даму орталығы 2012 жылдың соңында (қараша) газ, сұйық отын мен қара металдарға қатысты келісім-шарт санының азаюына байланысты экспорт көлемі қысқарған. Сонымен бірге, автокөлік, транспорт құрал-жабдықтары, мұнай өнімдері, дизель отыны экспорттары бағасының өсуі де экономика жағдайын күрт нашарлатқан», - делінген орталықтың экономикалық сараптамасында.

Ресей экономикасы Қазақстан мен Белоруссия экономикасынан бірнеше есе үлкендігін есептесек, онда Ресейдегі жағдай Қазақстан эконмоикасына да әсер ететіні белгілі. Жыл басынан тарифтердің өсуі КО арасындағы сауда байланыстарын қысқартты және кәсіпорындарды шығынға ұшыратты.

Осы себептен де Қазақстан КО елдері арасындағы ішкі сауда-саттық көлемін азайтты. Статистика агенттігінің мәліметінше, Қазақстанның ішкі сауда айналымы 2012 жылдың 10 айында 113,5 млрд долларды құраған. КО ішіндегі айналым тек 20 млрд. немесе 17,6%. Өткен жылмен салыстырғанда ішкі сауда айналымы КО барысында 1 пайызға төмен түскен. Төмен көрсеткіштің болуы көрші елдердегі қазақстандық тауарлардың азаюы себеп болған. Мәселен, өткен жылы Қазақстанның Белоруссияға шығарған экспорты 13%-ға, Ресейге экспорты 9,2%-ға дейін қысқарған. Экспорт көлемі минералды тауарлар (35,7% ) мен химия өнеркәсібі (16,2%) есебінен азайған.

Ал керісінше Қазақстанға қатысты екі ел экспорты екі есеге дейін жоғарылаған. Сондықтан бұл жағдайда тек біздің ел ғана ұтылып жатыр. КО қарсы шығып, биліктің көзін ашқысы келген сарапшылардың болжамары міне тура келді. Алайда, біздің билік «Артқа шегінерге жол жоқ!» деп отыр.

Сарапшылар КО-дан тек Белорусь қана ұтып жатқанын айтады. Мысалы Қазақстан ішкі сауда айналымы КО бойынша – 17,6%, Ресей – 12,8%-ды құраса, ал Белоруссия өзінің ішкі сауда айналымының жартысынан жуығы– 48%-ды КО арқылы қамтамасыз етуде.

Ресей басылымдарына сүйенетін болсақ, Қазақстанның КО елдері арасындағы ішкі сауда сальдосы өткен жылдың І маусымында 4,7 млрд долларға, келесі 6 айда 3,4 млрд долларға төмендеген. Ал жалпы көлемі ішкі сауда 40,3%-ға дейін азайған көрінеді.

Аталмыш сандар мен дәйектер күн санап шындыққа айналып барады. Себебі КО құрылмай тұрып, үш ел ішінде тарифтер төмендеп, отандық кәсіпорындардың өнімдері көбейетінін, ел бюджеті КО есебінен екі есеге дейін өсетіні бүкіл мемлекеттік БАҚ-тар бойынша жазылған еді. Дегенмен, тарифтер жыл басталғаннан бері бірнеше есеге өсті, біздің дүкендерде Ресей мен Белорусь тауарларына толды. Ал қазынамызды КО қарық қылды дегенді естімедік.

Сондықтан, Қазақстан халқы үшін КО тиімді ме? Егер КО ішкі сауданың ¼-інде қамтамасыз ете алмай отырса, онда мұндай «экономикалық тиімділіктің» қандай қажеттілігі бар? Мемлекет басшылығы қандай да бір одақтарға кірместен бұрын, отандық өнімдер мен кәсіпкерлерді қорғау мен қолдау жасауы керек емес пе?

Қытай тауарларының заңды-заңсыз түрде біздің мемлекетке келуін үш ел болып тоқтата алмасымыз анық. Өйткені Қазақстанның кез келген азаматы қалтасындағы аз ақшасына Қытайдың арзан тауарын сатып алып, күн көріп жүр. Сондықтан КО деп Қазақстан басқа елдердің импортына шектеу қоя алмайды. Ал жақын уақытта Дүниежүзілік сауда ұйымына кретін болсақ, КО-ның жалпы жағдайы нашарлайды. Қазақстанға бүкіл әлемнің нарығы ашылған кезде КО-ның жаппай күйреуі басталуы мүмкін. Сол себептен де Путин Еуразиялық одақты құруға асық.

 

Оцените пост

0